Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Диверсификациялаудың тиімділігі



Қандай да бір активке ақша салғанда, салымшы өзі бас тіккен тәуекелдің орнын толтыруды көздейді. Бірақ тәуекел екі түрлі болып келеді. Ендеше күткен табыс аясынан қарағанда тәуекелдің құрамын нарық қалай бағалайды?

Инвестор барынша диверсификацияланған қоржын түзе отырып, өзіндік тәуекелге жол бермейді деп жоғарыда айттық. Сондықтан да, теория жүзінде нарықтық емес тәуекелдің сыйақысы жоқ деп пайымдауға болады, өйткені оны әртараптандыру жолымен оңай жоя аласыз. Егер инвестор өз қоржынын әр тарапты етіп бөлмесе, онда ол қажетсіз тәуекелге өз бетімен барып отыр деген сөз, мәселен қоғамға пайда әкелу тұрғысынан алғанда. Қандай пайда дерсіз? Айталық, акция сатып ала отырып, инвестор өндірісті қаржыландырады, яғни жұмыс орнын ашып, қоғамға пайда әкеледі. Акция сатып алу – жою мүмкіндігі жоқ нарықтық тәуекелге қатысты болып келеді. Сондықтан да инвестор осы тәуекелге пара-пар сыйақы алуы тиіс. Керісінше жағдайда ол кәсіпорынның қағазын сатып алмас еді, сөйтіп ел экономикасы өзіне қажетті қаржы қорынан айрылар еді.

Айтқандай-ақ, қоғам (нарық) инвесторға өзіндік тәуекел үшін сыйақы бермейді, өйткені тәуекелдің бұл жолынан құтылу амалы бар деп жоғарыда сөз еттік. Экономика қажеттілігі тұрғысынан қарағанда тәуекелдің бұл түрін мәнсіз деп айтуға болады. Ал, жүйелі тәуекелдің өз сыйақысы бар. Ендеше активтердің құны оның тәуекелінің өлшеміне орай бағалануы керек.

Салым түрін әртараптандыру – қоржындық инвестициялаудың негізгі принципі болып табылады. Бұл принциптің идеясы ежелден келе жатқан ағылшын мәтелінде жақсы көрініс тапқан:

«do not put all eggs in one basket», яғни «құстың жұмыртқасын бір себетте ұстамаңыз» дейді ағылшындар. Басқаша айтқанда ақшаңыздың бәрін бірдей бір қағазға салудан аулақ болыңыз, тіпті оның табыс көрсеткіші өте жоғары болса да. Сонда ғана сіз апатты залал шығыннан аман қаласыз, қателікке жол бермейсіз. Диверсификация тәуекелді төмендете түседі, яғни құнды қағаздардың бірінің табыс деңгейі төмен болса, екіншілерінің табыс көрсеткіші өте жоғары болады, соны ескеріңіз. Тәуекел деңгейі инвестициялық қоржынға бір-бірімен тығыз байланысы жоқ салалардың бағалы қағаздарын енгізу барысында төмендей түседі. Бұл әрекетпен сіз өз қоржыныңызды құнды қағаздардың іскерлік белсенділігінде бір-бірін қайталау мүмкіндігінен сақтай аласыз. Әртараптандыру шарасының оңтайлы өлшемі 8 қағаздан 20 қағазға дейінгі аралықты қамтығаны дұрыс.

Қоржыныңызда жеткілікті ауқымды актив бар болса, салалық, аймақтық диверсификацияға да көңіл бөле біліңіз. Салалық диверсификацияның мағынасы – бір саланың ғана құнды қағаздарына тәуелді болып қалмау дегенге саяды. Қалай дегенмен, дағдарыс айтып келмейді және де бір саланы түгел жұта салады. Мәселен, әлем нарықтарындағы мұнай бағасының төмендеуінен мұнай өңдеуші кәсіпорын акцияларының бағасы да құлдырай түсті. Тіпті, сіздің салымдарыңыз бұл саланың әртүрлі өндіріс орындарына салынған күннің өзінде, сіздің шығыныңыз ұлғая береді. Сол сияқты, бір аймақта, бір өңірде шоғырланған кәсіпорындарға да қызыға бермеңіз. Өйткені, акция құнындағы құлдырау саяси тұрақсыздық салдарынан, ереуіл, митинг ұйымдастыру нәтижесінде, зіл-зала барысын- да, не болмаса аймақты айналып өтетін көлікке арналған ма- гистральді салу нәтижесінде көрініс беруі ықтимал.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 735 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...