Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы №18: «Химиотерапиялық дәрілер» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ



2.Мақсаты: химиотерапиялық дәрілер бөлімі бойынша сұрақтарды бекітуге мүмкіндік беру.

3. Оқыту мақсаты:

а). Химиотерапиялық дәрілердің фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтары бойынша студенттердің білім деңгейін анықтау.

б). Студенттерді препараттарды қолдану және қарсы көрсеткіштеріне байланысты дәлелді тағайындау және осы топ препараттарына рецептті сауатты жазу дағды деңгейін бақылау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Антибиотиктер. Антибиотикотерапия ерекшеліктері. Химиялық құрамы бойынша антибиотиктердің жіктелуі.

2. Антибиотиктердің әсер ету механизмі. Антибиотиктердің әсер ету спектрі.

3. Бактерияға қарсы дәрілік заттарға тән жанама әсерлер.

4. Антибиотиктерді тиімді тағайындау қағидалары.

5. Бета – лактамды антибиотиктер. Пенициллин тобының антибиотиктері: биосинтетикалық пенициллиндердің жіктелуі, әсер ету механизмі мен спектрі және препараттардың фармакокинетикасы.

6. Жартылай синтетикалық пенициллиндердің әсер ету және қолдану ерекшеліктері. Бета-лактамазаның тежегіштерімен біріктірілген препараттар. Заманауи пеициллиндердің артықшылықтары.

7. Цефалоспариндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Әр ұрпақтағы цефалоспариндердің әсер ету спектрі, фармакокинетика және қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

8. Карбопенемдер: әсер етуі, қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

9. Монобактамдар: әсер етуі,қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

10. Аминогликозидтер. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әр ұрпақтағы препараттардың әсер ету спектрінің және фармакокинетика ерекшеліктері. Қолдану көрсеткіштері. Жанама және токсикалық әсерлері. Қолдануға қарсы көрсеткіштері.

11. Макролидтер. Жіктелуі. Микробқа қарсы спектрінің, фармакокинетика және қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері. Жаңа макролидтер.

12. Тетрациклиндер. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрінің ерекшеліктері. Қолданылуы. Жанама және токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

13. Хлорамфеникол (левомицетин) топтары. Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрінің және фармакокинетика ерекшеліктері. Қолданылуы. Жанама және токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

14. Линкозамидтер. Әсер ету механизмі. Микробқа қарсы әсер ету спектрі және фармакокинетика ерекшеліктері. Қолданылуы.

15. Полимиксиндер. Әсер ету спектрінің және қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

16. Химиялық құрамы әртүрлі синтетикалық микробқы қарсы дәрілік заттар. Жіктелуі

17. Сульфаниламидтер. Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Триметоприммен біріктірілген сульфаниламидтер.

18. Хинолон туындыларының бірінші және екінші ұрпақтары. Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі. Қолданылуы. Токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

19. Хинолон туындыларының үшінші ұрпағы (фторхинолондар). Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі. Қолданылуы. Токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

20. Хиноксалин туындылары. Әсер ету спектрі. Қолданылуы. Уыттылығы.

21. Нитрофуран туындылары. Әсер ету спектрі. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

22. Антисептика және дезинфекция туралы түсінік. Антисептиктерге және дезинфекциялаушы заттарға қойылатын талаптар. Жіктелуі.

23. Құрамында галоген бар қосылыстар. Механизмі, хлор және йод қосылыстарының әсер ету және қолдану ерекшеліктері. Мүмкін болатын жанама әсерлері.

24. Тотықтырғыштар (сутегі тотығы, калий перманганаты). Әсер ету механизмі. Мүмкін болатын жанама әсерлері.

25. Сілтілер және қышқылдар (бор қышқылы, аммиак ерітіндісі). Механизмі және әсер ету ерекшеліктері.

26. Металл қосылыстары (сынап дихлориді, сары сынап окисі, күміс нитраты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты). Механизмі. Жергілікті әсерлері (тұтқыр, тітіркендіргіш, күйдіргіш). Ауыр металл тұздарымен улану. Улану кезіндегі көмек шаралары.

27. Фенол және оның туындылары (таза фенол, резорцин). Механизмі, әсер ету және қолдану ерекшеліктері. Мүмкін болатын жанама әсерлері.

28. Альдегидтер және спирттер. Әсер ету механизмі. Формальдегид және әр түрлі концентрациядағы спирт ерітінділерінің микробқа қарсы белсенділіктері. Қолданылуы және жанама әсерлері.

29. Бояғыштар-бриллиант көгі, этакридин лактаты. Механизмі және микробқа қарсы әсерінің ерекшеліктері. Қолданылуы және жанама әсерлері.

30. Туберкулезге қарсы заттар. Туберкулезге қарсы терапияның принциптері. Туберкулезге қарсы заттардың жіктелуі.

31. Әр түрлі топтағы препараттардың туберкулезге қарсы әсер ету механизмі, жалпы сипаттамалары.

32. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі.

33. Саңырауқұлақтарға қарсы белсенділігі бар антибиотиктер. Әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері. Жанама және токсикалық әсерлері.

34. Химиялық құрылысы әртүрлі микозға қарсы синтетикалық заттар. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

35. Вирусқа қарсы терапияның қиындықтары. Вирустарға қарсы заттардың жіктелуі.

36. Тұмауға қарсы заттар. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

37. Ұшыққа қарсы және цитомегаловирусқа қарсы заттар. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

38. Адамның иммунды тапшылық вирусына әсер ететін заттар. Әсері кең спектрлі вирусқа қарсы препараттар. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

39. Құрттарға қарсы заттар. Жіктелуі. Негізгі қолдану қағидалары

40. Ішектік нематодоздарда қолданылатын дәрілік заттардың фармакодинамикасы. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

41. Ішектік цестодоздарда қолданылатын дәрілік заттар. Қасиеттері, қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері. Трематодоздарда қолданылатын препараттар

(празиквантел).

42. Спирохетаға қарсы дәрілік заттар. Антибиотиктер (бензилпенициллин препараттары) және синтетикалық заттар (висмут препараттары).

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепттер жазу,кіші топтарда жұмыс жасау, тәжірибелік сабаққа хаттама толтыру.

6. Әдебиет:

Негізгі:

· Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.

· Стикеева Р.К. Фармакология–1 - учебное пособие для студентов факультета общей медицины.- Астана, 2013 - 106с.

Қосымша:

· Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.

7. Бақылау: ауызша сұрау, тест және ситуациялық есептері бар билеттер.

8.Рецепт жазуға арналған препараттар:

Амоксиклав (таб. 0,5 №15)

Цефтриаксон (фл. 1,0)

Гентамицин сульфат (4% ерітінді амп. 1 мл)

Доксициклин гидрохлорид (капс. 0,2 №10)

Мидекамицин (таб. 0,4 №8)

Азитромицин (сумамед) (таб. 0,5 №3)

Норфлоксацин (таб. 0,4 №20)

Метронидазол (таб. 0,25 №20; ерітінді фл. инфузияға арналған 0,5% -100 мл)

Хлоргексидин (0,05% ерітінді 100 мл)

Фурацилин (0,02% ерітінді флак.500 мл)

Бор қышқылы (3% ерітінді 10 мл)

Салицил қышқылы (5% спиртті ерітінді 20 мл)

Изониазид (таб. 0,2 №20)

Флуконазол (дифлюкан, микосист) (капс. 0,15 №1)

Итраконазол (капс. 0,1 №15)

Клотримазол (қынаптық таб. 0,2 №10)

Ацикловир (таб. 0,2 №25; май 5% - 20,0)

Оксолин (май 0,25% - 10,0)

Арбидол (таб. 0,05 №10)


Мебендазол (таб. 0,1 №6)





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 2119 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...