Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы №15: Антибиотиктер. Химиялық құрамы әртүрлі синтетикалық микробқа қарсы дәрілік заттар. - 3



2.Мақсаты: заманауи бактерияға қарсы дәрілік заттар туралы білім алуға түсініктеме және мүмкіндік беру:

3. Оқыту мақсаты:

а) Антибиотиктер жәнехимиялық құрамы әртүрлі синтетикалық микробқа қарсы дәрілік заттардың фармакодинамика мен фармакокинетика сұрақтарын қарастыру.

б) Студенттерді препараттарды қолдану, қарсы көрсеткіштеріне байланысты дәлелді тағайындауға және осы топ препараттарына рецептті сауатты жазуға үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Антибиотиктер. Антибиотикотерапия ерекшеліктері. Химиялық құрамы бойынша антибиотиктердің жіктелуі.

2. Антибиотиктердің әсер ету механизмі. Антибиотиктердің әсер ету спектрі.

3. Бактерияға қарсы дәрілік заттарға тән жанама әсерлер.

4. Антибиотиктерді тиімді тағайындау қағидалары.

5. Бета – лактамды антибиотиктер. Пенициллин тобының антибиотиктері: биосинтетикалық пенициллиндердің жіктелуі, әсер ету механизмі мен спектрі және препараттардың фармакокинетикасы.

6. Жартылай синтетикалық пенициллиндердің әсер ету және қолдану ерекшеліктері. Бета-лактамазаның тежегіштерімен біріктірілген препараттар. Заманауи пеициллиндердің артықшылықтары.

7. Цефалоспариндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Әр ұрпақтағы цефалоспариндердің әсер ету спектрі, фармакокинетика және қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

8. Карбопенемдер: әсер етуі, қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

9. Монобактамдар: әсер етуі,қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

10. Аминогликозидтер. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әр ұрпақтағы препараттардың әсер ету спектрінің және фармакокинетика ерекшеліктері. Қолдану көрсеткіштері. Жанама және токсикалық әсерлері. Қолдануға қарсы көрсеткіштері.

11. Макролидтер. Жіктелуі. Микробқа қарсы спектрінің, фармакокинетика және қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері. Жаңа макролидтер.

12. Тетрациклиндер. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсер ету спектрінің ерекшеліктері. Қолданылуы. Жанама және токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

13. Хлорамфеникол (левомицетин) топтары. Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрінің және фармакокинетика ерекшеліктері. Қолданылуы. Жанама және токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

14. Линкозамидтер. Әсер ету механизмі. Микробқа қарсы әсер ету спектрі және фармакокинетика ерекшеліктері. Қолданылуы.

15. Полимиксиндер. Әсер ету спектрінің және қолдану ерекшеліктері. Жанама әсерлері.

16. Химиялық құрамы әртүрлі синтетикалық микробқы қарсы дәрілік заттар. Жіктелуі

17. Хинолон туындыларының бірінші және екінші ұрпақтары. Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі. Қолданылуы. Токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

18. Хинолон туындыларының үшінші ұрпағы (фторхинолондар). Әсер ету механизмі. Әсер ету спектрі. Қолданылуы. Токсикалық әсерлері. Қарсы көрсеткіштері.

19. Хиноксалин туындылары. Әсер ету спектрі. Қолданылуы. Уыттылығы.

20. Нитрофуран туындылары. Әсер ету спектрі. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепт жазу, кіші топтарда жұмыс жасау, тәжірибелік сабаққа хаттама толтыру.

6. Әдебиет:

Негізгі:

· Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 б

· Стикеева Р.К. Фармакология–1 - учебное пособие для студентов факультета общей медицины.- Астана, 2013 - 106с.

Қосымша:

· Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 б.

7. Бақылау: кіріс және шығыс бақылау билеттері.

8. Рецепт жазуға арналған препараттар:

Амоксиклав (таб. 0,5 №15)

Цефтриаксон (фл. 1,0)

Гентамицин сульфат (4% ерітінді амп. 1 мл)

Доксициклин гидрохлорид (капс. 0,2 №10)

Мидекамицин (таб. 0,4 №8)

Азитромицин (сумамед) (таб. 0,5 №3)

Норфлоксацин (таб. 0,4 №20)

Метронидазол (таб. 0,25 №20; ерітінді фл. инфузияға арналған 0,5% -100 мл)





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 2805 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...