Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сипаттама беруге арналған препараттар




Йодовидон (бетадин), Церигель, Хлорофиллипт, Рифампицин, Этионамид.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырып №17: Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік заттар. Вирустарға қарсы дәрілік заттар. Құрттарға қарсы дәрілік заттар.

Сағат саны: 3

Курс: 2

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Құрастырушы: Д.С. Уайсова

Астана, 2013ж.

Тақырыбы №17: Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік заттар. Вирустарға қарсы дәрілік заттар. Құрттарға қарсы дәрілік заттар. - 3

2. Мақсаты: саңырауқұлақтарға, вирустарға, құрттарға қарсы әсері бар химиотерапиялық дәрілік заттартуралы білім алуға түсініктеме және мүмкіндік беру:

3. Оқыту мақсаты:

а)Саңырауқұлақтарға, вирустарға, құрттарға қарсы дәрілік заттардыңфармакодинамика мен фармакокинетика сұрақтарын қарастыру.

б) Студенттерді препараттардың қолдану, қарсы көрсеткіштеріне байланысты дәлелді тағайындауға және осы топ препараттарына рецептті сауатты жазуға үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік заттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі.

2. Саңырауқұлақтарға қарсы белсенділігі бар антибиотиктер. Әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері. Жанама және токсикалық әсерлері.

3. Химиялық құрылысы әртүрлі микозға қарсы синтетикалық дәрілік заттар. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

4. Вирусқа қарсы терапияның қиындықтары. Вирустарға қарсы дәрілік заттардың жіктелуі.

5. Тұмауға қарсы дәрілік заттар. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

6. Ұшыққа қарсы және цитомегаловирусқа қарсы дәрілік заттар. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

7. Адамның иммунды тапшылық вирусына әсер ететін дәрілік заттар. Әсері кең спектрлі вирусқа қарсы препараттар. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

8. Құрттарға қарсы дәрілік заттар. Жіктелуі. Негізгі қолдану қағидалары

9. Ішектік нематодоздарда қолданылатын дәрілік заттардың фармакодинамикасы. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

10. Ішектік цестодоздарда қолданылатын дәрілік заттар. Қасиеттері, қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері. Трематодоздарда қолданылатын препараттар

(празиквантел).

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шығару, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепт жазу, кіші топтарда жұмыс жасау, тәжірибелік сабаққа хаттама толтыру.

6. Әдебиет:

Негізгі:

· Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 б.

· 2.Стикеева Р.К. Фармакология–1 - учебное пособие для студентов факультета общей медицины.- Астана, 2013 - 106с.

Қосымша:

· Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 б.

7.Бақылау: кіріс және шығыс бақылау билеттері.

8.Рецепт жазуға арналған препараттар:

Флуконазол (дифлюкан, микосист) (капс. 0,15 №1)

Итраконазол (капс. 0,1 №15)

Клотримазол (қынаптық таб. 0,2 №10)

Ацикловир (таб. 0,2 №25; май 5% - 20,0)

Оксолин (май 0,25% - 10,0)

Арбидол (таб. 0,05 №10)


Мебендазол (таб. 0,1 №6)


Кетоконазол, Зидовудин, Ремантадин, Интерферон, Празиквантел (бильтрицид), Альбендазол.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1997 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...