Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып№10: Эквиваленттіктің деңгейлері мен түрлері



Мазмұны:

1.Семантикалық және прагматикалық эквиваленттілікті қарсы қойып салыстыру.

2.Аударма варианттарының көп түрлілігі.

3.Эквиваленттілік деңгейін таңдауды анықтайтын факторлар.

Ой мазмұнының функциональды-ситуациялық аспектілері ондағы барлық хабарды құрамайды. Екі ойдың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, тіпті олар бірдей қарым-қатынас мақсатын білдірсе де, сонымен бірге бірдей жалпы ұғымдар көмегімен бірдей ситуацияны сипаттасады. Олардың мазмұндарының толықтай бірдей болуы үшін оларды құрайтын лексикалық бірліктер (сөздер) мен олардың арасындағы синтактикалық қатынас толық тура келу керек. Кез-келген хабар әрқайсысы өзінің жеке мағынасы бар, белгілі-бір хабарды жеткізетін тілдік бірліктерден тұрады.Ой мазмұны тілдік бірліктердің мағынасынсыз өмір сүре алмайды.Cонымен бірге тілдік бірліктер ойды жеткізуде ой мазмұнының функциональды-ситутивті аспектілерін білдіреді сонымен бірге берілетін хабарды жеткізуде қосымша мағына береді.Қарым-қатнастың әртүрлі жағдайларында бірінші кезекте ойды жеткізудің кейбір мағыналық элементтері тұру мүмкін, (онда) сол кезде сөзді таңдау немесе синтактикалық структураны таңдау бүкіл хабар мазмұнының жеткізуде маңызды ролге ие болады.

Егер эквиваленттіліктің бірінші 3 типінде әңгіме оригинал мен аударма мағыналарының элементтерін тілдік құралдар біраз сәйкес келмесе де сақтап аудару болса, мұнда яғни тілдік бірліктердің семантикасын беруде, бастапқы тілдің тілдік бірліктерінің мағыналарына эквиваленттілік табу талап етіледі.Әртүрлі тілдердің бірліктерінің мағыналарына толықтай сәйкес келмейтіндіктен, оригинал мен аудармада бірін-бірі алмастыратын элементтер әдетте мағыналары жағынан бірдей болмайды. Соған қарамастан,көп жағдайларда оригиналдың тілдік құралдарындағы хабардың көп бөлігін аудармада беруге болады. Эквиваленттіліктің келесі 2 типінде оригинал мен аударманың мағыналық ортақтығы қарым-қатнас мақсатын сақтау, ситуацияны оны сипаттау тәсілін көрсету ғана емес сонымен бірге синтактикалық және лексикалық бірліктердің мағыналық сәйкес келушіліктерінің жақындығын қамтамасыз ету.

Эквиваленттіліктің 4 типінде 3 типке сақталынатын мазмұнының 3 компонентімен бірге, аудармада оригиналдық синтактикалық структура мағыналарының көп бөлігі беріледі. Оригиналдың структуралық ұйымдастырылуы аударылған текстің жалпы мазмұнына енетін белгілі хабарды таныстырады. Ойды жеткізудің синтактикалық құрылыс мазмұнының бірінші кезекте қарым-қатнас әрекеті ретінде бөлігін анықтайды және ондағы белгілі бір типтегі сөздердің белгілі тәртіппен және сөздер арасындағы белгілі бір байланыстармен қолданылу мүмкіндігін жасайды.

Сондықтын аудармада оригиналдың синтактикалық ұйымдастырылуын барынша сақтау мүмкіндігі оригинал мазмұнының толығырақ берілуіне мүмкіндік жасайды. Онда басқа (сонымен бірге) оригинал мен аударманың синтактикалық параллелдігі бұл текістердің кейбір элементтерінің сәйкес келушілігіне негіз береді.

Оригиналға қатысты синтактикалық ұйымдастырудың параллелизмі болады.

Эквиваленттіліктің 4 типінде оригинал мен аударма арсындағы қатынас мынандай ерекшеліктермен белгіленеді:

Лексикалық құрамына едәуір параллелдігі-оригиналдың көпшілік сөздер үшін аудармада мазмұны жақын сәйкес келетін сөздерді табуға болады;

Аудармада оригинал структурасына ұқсас синтактикалық структураларды қолдану аудармада оригиналдың синтактикалық структураларының мағыналарын мүмкіндігінше барынша беру;

Аудармада оригинал мазмұнының барлық 3 бөлігін сақтау – эквивалеттіліктің 3 типі қарым – қатынас мақсаты,ситуацияны көрсету және оны сипктту тәсілдері;

Синтактикалық параллелизмді толдықтай сақтау мүмкіндігі болмаған жағдай синтактикалық мағыналардың біраз деңгейде болса да өзгермеуі (ұқсастығы) аудармада ұқсас әртүрлі синтактикалық структураларды қолданумен іске асады.Эквиваленттіліктің 4 типінде әртүрліліліктің негізгі 3 түрі анықталады:

Тікелей немесе кері ауыстырумен байланысты синонимдік структураларды қолдану;

Сөздердің орнын ауыстыру арқылы болатын ұқсас структураларды қолдану;

Структуралардың арасындағы байланыс типтерін өзгерту арқылы ұқсас труктураларды қолдану;

Әрбір тілде бастапқы структурадан шығаруға (жасауға) болатын немесе керісінше белгілі бір қайта жасалынған структурамен қайта жасалынатын синонимдік структуралар болады.Мысалы:берілген немесе бастапқы негізгі мағынадағы структурадан осы негізгі мағынаны сақтайтын бірақ турадан осы негізгі мағынаны сақтайтын,бірақ қосымша синтактикалық мағыналарымен ажыратылатын бірнеше структура шығаруға болады: «мальчик читает – бала оқып отыр», «чтение мальчика – баланың оқуы», «читающий мальчик – оқып отырған бала», «прочитанное мальчиком - бала оқыған» т.б.Осындай барлық жағдайларда айтар ойдың мазмұны едәуір ортақ болады.

Көп жағдайларда синонимдік қатарлардың бір мүшесін басқамен ауыстыру ойдың жалпы мазмұнын соншама өзгерте қоймайды.Сондықтан аудармада сисомдік қатарларды эквивалаенттіліктің 4 типі шеңберінде қолдану оригиналдағы синтактикалық структуралық мағынасын жеткілікті мөлшерде толық сақтайды.I told him what I thought of her.- Я сказал ему свое мнение о ней.He was never tired of old songs.- Старые песни ему никогда не надоедали.It is very strange this domination of our intellect by our digestive argans.Странно,до какой степени пищеварительные органы властвуют над нашим рассудком.

Ағылшын тілінде сөздердің тұрақты орын тәртібі болғандықтан,басқалармен салыстырғанда инверсие (сөздердің тура орын тәртібінен алшақтау) сирек ойды жеткізудің эмоционалдық жақтарын көрсетудің тиімді тәсілі ретінде қолданылады.Ал орыс тілінде инверсия (кері орын тәртібі) жиі хабардың коммуникативті орталығын көрсету үшін қолданылады.Инверсия орыс тілінде ойдың эмоционалдығын көрсету үшін қолданылмайды.Сондықтан бұндай жағдайларда оригиналдағы «кері» орын тәртібі аудармада болмауы мүмкін,ал эмоционалдықты білдіру үшін басқа тәсілдер қолданылуы мүмкін,сонымен бірге лексика – фразиологиялық тәсілдер де қолданылуы мүмкін.Mine is long and a sad tale.- Повесть моя длинна и печальна.Open flew the gate and in came the coach. – Ворота распахнули настежь,и карета уже была во дворе.Him I have never seen.- Я его никогда не видел.

Аудармада оригиналдағы ұқсас структураларды қолдану ең ірі синтактикалық бүтін бірлік шеңберінде структуралапрдың арасындағы байланыс типтерін өзгертумен де болуы мүмкін.

Мұнда жай сөйлемдер мен,сабақтас,салалас құрмалас сөйлемдер арасында әртүрлілік болуы мүмкін.Сөйлем типтері арасындағы айырмашылықтың белгілі-бір қарым-қатынастың мәні бар. Мысалы мынадай сөйлемдер мағыналарымен айырмашылығы «Начался дождь».Мы пошли домой.Начался дождь и мы пошли домой. Мы пошли домой потому что начался дождь. Олардың екі оқиға арасындағы байланыстың себептерінің бірдей еместігінде.Әртүрлі тілдегі бір типтегі сөйлемдердің мағыналық,стилистикалық қызметтері сәйкес келмеуі мүмкін, соның нәтижесінде аудармада эквиваленттілікішкі құрылыстары ұқсас бірақ әртүрлі типті сөйлемдермен болуы мүмкін. Басқаша айтқанда,аудармада жек сөйлемдердің саны, типі өзгеруі мүмкін.

Эквиваленттіліктің 4-ші типінде сөйлем санының және типінің өзгеруі аудармада керісінше,яғни жеке сөйлемдердіңкішіреюімен болуы мүмкін.Despite all opposition these sections have organised a powerfull trade –union movement The mass of the Civil Servants have successfully established important political rightsfor themselves –Қарсы шығушылыққа қарамастан,мемлекеттік қызметкерлердің бұл тобы үлкен кәсіподақтық қозғалыс ұйымдастырды және,мемлекеттік қызметкерлердің көп бөлігін едәір дәрежеде өздерінің саяси құқықтарына жетті.

Эквиваленттіліктің 5-ші типі

Соңғы эквиваленттіліктің 5-ші типінде әртүрлі тілдер мәтіндерінің арасында болатын түпнұсқа мен аударма мазмұндарының барынша жақын деңгейіне жетеді.Эквиваленттіліктің бұл типін мына мысалдардан көруге болады:Isaw him at the theatre –Мен оны театрда көрдім.The houae was sold for ten thousand dollars-Үй 10 мың долларға сатылды. He was sure we shold bothfall ill-Ол екуміздің де ауыратындығымызға сенімді болды.

Бұл типтің түпнұсқа мен аударма арасындағы қатысына тән нәрселер мыналар:

1)Мәтінді структуралық жағынан ұйымдастыруда параллелизмнің жоғары деңгейі;

2)Лексикалық құрамның барынша сәйкес келуі;

3)Аудармада түпнұсқа мазмұнының барлық негізгі бөліктерін сақтау.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Эквиваленттіліктің қандай түрлері мен деңгейлері бар?

2 Семантикалық және прагматикалық эквиваленттілікті қарсы қойып салыстырудың мәні неде?

3 Аударма варианттарының көптүрлілігі неге байланысты?

4 Эквиваленттілік деңгейін анықтайтын факторлар қандай?





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 2982 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...