Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЗӘр бөлу жӘне зӘр шыҒару мүшелер аурулары



Жаңа туған баланың зәр бөлу мүшелері қалыптасып біткен, бірақ олардың структуралық және функциялық ерекшеліктері бар.

Б ү й р е к. Жаңа туған бала бүйрегінің салмағы ересек адамдардың бүйрегімен салыстырғанда – қатыстық салмағы көбірек болады. Бала бүйрегінің салмағы баланың бірінші жасында және жыныстық жетілу кезеңінде тез көбейеді. Емізулі балалардың бүйректерін ересек адамдардың бүйрегімен салыстырса, олар 1-1,5 омыртқаға төмендеу болып орналысады. Бала бүйрегінің салыстырмалы салмағы үлкендігі және олардың төмен орналасуы ерте жастағы балалардың бүйректерін пальпациялауға мүмкіншілік береді.

Б ү й р е к а с т а у ш а л ар ы және з ә р а ғ а р л а р. Жаңа туған және ерте жастағы балалардың астаушалары және зәрағарлары шартты түрде кең, қабырғалары бұлшық ет және серпімді талшықтарының нашар дамуына байланысты әлсіз. Бала зәрағарларының шырышты қабығы қатпарланған және ирелеңденген. Бір жасқа дейін зәрагар атсыз сызық деңгейінде иіліс жасайды, осы иілістен жоғары кеңею пайда болады. Зәрағардың ирелеңдегеніне, қабырғалардың әлсіздігіне, иіліске байланысты зәр іркілденуіне және астаушада қабыну процесстің дамуына жағдай туады.

Қ у ы қ. Жаңа туған бала қуығы ересектердің қуығымен салыстырғанда – жоғары орналасқан. Толып тұрған кезде ол кіндік деңгейінде және одан да жоғары пальпацияланады.баланың екінші өмір жылында қуық кіші жамбас астауына түседі. Қуықтың шырышты қабығы нәзік, бұлшық ет қабығы және серпімді талшықтары шала дамыған. Жаңа туған бала қуығының сиымдылығы 50 мл, 1 жасар балада - 200 мл, 8-10 жасар балада – 800-900 мл.

ү р п і. Ер баланың үрпісінің ұзындығы жаңа туған кезде 5 - 6 см, 15-16 жаста 12 см. Қыз балаларда қысқа болады: жаңа туған балада1-1.5 см, 16 жаста 3,2 см. Кең және қысқа үрпі, анусқа жақын орналасуы – қыз балаларда бүйрек қабынуының тез дамуына жағдай туғызады.

Жаңа туған баланның зәр сіңірушілік (реабсорбция), секрециялық, диффузиялық процесстері шала дамыған, сондықтан бүйректің зәр қоюлтату (контцентрациялық) функциясы шектеледі. Туғаннан кейін бірінші күндері бала тек 10-20 мл зәр бөледі, тәулігіне 4-6 рет. Жжаңа туған баланың зәр бөлу жиілігі 20-25, емізулі балаларда 15-ке дейін тәулігіне. Бөлінетін тәулікті зәр көлемі ішілген сұйықтықтың 60-65% құрастырады. 10 жасқа дейінгі балалардың тәулік бойы бөлінген зәр мөлшерін келесі формула бойынша санауға болады: 600+100(n -1), қайда n - бала жасы, 600 – бір жасар баланың тәулік бойы бөлген зәр мөлшері. Жаңа туған баланың зәрі қарқынды боялған, кейде бүйрек капиллярларының өткізгіштігі жоғары болғаннан – зәрде ақ уыз болады. Туғаннан кейінгі зәр тығыздығы 1006-1018, емізулі балаларда - 1003- 1016, 2-5 жасар балада 1009-1016. Бірінші айларда зәр бөлу шартсыз рефлекстерге жатады, ал 5-6 айдан бастап шартты рефлекс пайда болады, басылып қалмас үшін оны нығайтқан абзал.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 4856 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...