Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Стоматиттер



Ауыздың шырышты қабығының аурулары ағза әлсірігенде, аурғыш, иммунитеті төмен балаларда және гигиеналық тәртіптері сақталмаған кездерде жиі кездеседі. Көбіне, балалардың ауыз шырышы қабығының қабынуы (стоматит) кездеседі.

С е б е п т е р і: Әртүрлі микробтар мен вирустар. Бұл микроағзлар ауызға таза емес ыдыстармен, ойыншықтармен, әр түрлі күтім бұймдары бойынша түседі.

Аурудың айқындалуы: ауыздың шырышты қабығының зақымдану дәрежесіне байланысты тараулаулы (катаралды), ұшық шығудан ауыздың уылуы (герпесті), жаралы стоматит деп белгілейді.

Т а р а у л а у л ы (катаралды) с т о м а т и т - ауыз қызыл иегінің шырышты қабықтарына қан кернеп, ісінеді, осыған байланысты бала нашар тамақ ішеді. Стоматиттін бұл түрі емізулі балаларда кездеседі.

Г е р п е с т і с т о м а т и т т і ң немесе ұшық шығудан ауыздың уылуының себебі - вирус: бұл ауру 6 ай - 3жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Баланың аузынан сілекей шұбырып, шырышты қабығына қан кернеп, ісінеді, онда әртүрлі көлемді айналасында ал қызыл жиегі бар ақшыл-сары күлдіреуіктер пайда болады. Мұндай күлдіреуіктер баланың ұртына, тіліне, қызыл иегіне, таңдайына шығады. Күлдіреуіктер саны 6 - 7-ден 20-25-ке дейін болады. Олардың бірнешеуі қосылып,үлкен күлдіреуікке айналуы мүмкін. Дене қызуы 30-40 градусқа дейін көтеріледі, бала мазасызданады, шеткі лимфотүйіндері шошиды, салмағы кемиді; кейде ауыз айналасына күлдіреуіктер шығуы, қызыл иегінен қан көрінуі мүмкін. Аурудың ұзақтығы жеті – он күн.

Ж а р а л ы с т о м а т и т - жасы үлкен тіс жегісі бар балаларда кездеседі - қан кернеген, ісінген ауыз қуысының шырышты қабығында сұр түсті өңездер, жаралар пайда болады, ауыздан сұйкімсіз иіс шығады. Тамақ ішкенде – ауырсыну сезім пайда болады. баланың жалпы жағдайы бұзылады, уытталу белгілер пайда болады, лимфотүйіндер үлкейеді.

Ауыз уылуы (молочница) ашытқы тәріздес саңырауқұлақтармен қоздырылатын ауру. Емшектегі балаларда, ас қорыту және тамақтану бұзылыстарына байланысты, ең жиі кездесетін ауыз қуысының ауруы. Баланың күтімінің нашарлығы, гигиеналық ережелер сақталмауы, кейде антибиотиктер ұзақ пайдалану да себептердің бірі болады. Аурудың айқындалуы - ауыздың шырышты қабығына ақ ұйыған сүт сияқты қатпарлар пайда болады, олар баланың ұртына, еріндеріне, тіліне жайылады. Ауыз қуысы ісінеді, қызарады, бала аузынан сілекей ағады. Мұндайда баланың емуі, жұтынуы қиындайды.

Б а л а к ү т і м і н і ң ж ә н е е м д е у і н і ң ережелері бар. Олар: 1. ауырған баланы оңашалау керек, 2. бөлек ыдыс, ойыншық бөлу, 3. тамақтандырғаннан кейін оның аузын шаю немесе таза су ішкізу, 4. шырышты қабықтардың өндеуін тек батырынқы қимылдармен өткізу керек, 5. өндеі тәуілігіне бес-алты реттен кем болмауы жөн, 6. ауыз қуысын өндейтін ерітінді жылылығы 36-37 градус, 7. аурудың жедел кезеңіндегі ерітінділердің қоюлығы жазылу кезеңдегі қоюлығынан төмендеу болғаны дұрыс.

Тамақ ішкізер алдында ауырсынуды азайту үшін ауыздың шырышты қабығына 2-5% анестезин ерітіндісін, жұмыртқаның ағына 5мл 5 % новокаин ерітіндісін қосып жағуға болады, ауыздың ішін әлсіз калий перманганат, фурацилин, сутек асқыны тотығы ертінділерімен, 1-2 % оксалин, 5 % метилурацил, интерферон майларымен майлау керек.

Жаралы стоматитте - стрептоцид ұнтағын ауыз қуысына себуге болады және ауыз қуысының тазалауын (санациясын) өткізген қажет.

Герпесті стоматитте - вируске қарсы белгіленетін жалпы ем өткізіледі: ацикловир, зовиракс, задитен; дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектер, антигистаминдық дәрілер, витаминдер беріледі. Жергілікті ем түрінде келесі вирустарға қарсы майлар қолданылады - «Бонафтон», «Риодоксол», «Теброфен», «Флореналь», оксалин майы.

Протеолиздық ферменттер - трипсин, хемотрипсин. Аурудың бесінші күнінен бастап шырышты қабықтын тез жазылуына әсер ететін дәрілер беріледі, олар:: ретинол ацетат, цитраль ертінделері, итмұрын, шырғанақ майларын, каланхоэ шырынын, каратолин, серкосерил, сонымен бірге ауыз қуысының шырышты қабығына - ультракүлгін сәулелер қолданылады. Ауыз уылуының еміне жалпы және жергілікті ем жатады. Жалпы емі - саңырауқұлақтарға қарсы ем: нистатин, леворин, дифлюкан, пифамуцин түймедақтары. Жергілікті ем - ауыз қуысының сілтілі ортасын сақтау үшін 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен, 1-2% анилин бояуымен, 5-10% глицериндегі тетраборат натриймен, пимафуцинмен сүрту жатады. Ауырсыну синдромда – тамақтану алдында ауыз қуысының шырышты қабатын анестезинмен, новокаинмен, алоэ қосылған жұмыртқа ақуызымен сүртеді.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 11432 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...