Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аралас тамаҚтандыру



Аралас қоректендіру кезіндебалаға, қосымша тамақ беруге болмаса, ана сүтімен қатар сүт қоспаларын да береді. Аралас тамақтандыруды табиғи тамақтандыруда берілетін қосымша тамақтан айырбастау керек. Табиғи тамақтандыруда жеткілікті мөлшерде бөлінетін ана сүтімен бірге баланың өсіп-дамуы үшін ақуыздың жетпейтіндігіне байланысты белгілі мөлшерде ірімшік беріледі. Аралас тамақтандырудың себептеріне нәресте анасында сүт жетіспеушілігі (гипогалактия) жатады.

Г и п о г а л а к т и я. Гипогалактиянің дәрежелері:

І д. – 25% дейін сүт мөлшері азаю,

ІІ д. – 25%-50% дейін сүт мөлшері азаю,

ІІІ д. – 50%-75% дейін сүт мөлшері азаю, осы үш дәреженің нәтижесі табиғи тамақтандырудың нәтижесіне жақын болып тұр.

IV д. – сүт мөлшерінің жетіспеуі 75% және одан жоғары, сондықтан оның нәтижесі жасанды тамақтандырудың нәтижесіндей..

Гипогалактиянің себептеріне жататын жағдайлар:

1. Тұқым қуалаушылық

2. Әйелдің босануға дейін гормондары бар контрацептивтерді қолдануы

3. Алдынғы босану кездерде әйелде мастит жағдайы болған кезде.

Гипогалактияның алдын алуын әйелдер консультациясы атқару керек. Әйелдер консультациясының міндеті: болашақ ананы босануға дайындауымен қатар сүтті сақтау, баланы өз сүтімен емізуге үйрету.

Сүт жетіспеушілігімен күрес жүргізуге болады.Ол үшін медыцина қызметкерлері әйелге сенімділік сезімін иландыру керек. Есте сақтаңыз: сүт мөлшері көбею үшін әйел баласын ж и і к е у д е с і н е с а л у к е р е к. Кейбір жағдайларға байланысты ана баласын суалтып жіберіп, сүт пайда болуы тоқтап қалса да, баласын қайтадан емізе бастағанда – сүт бір белгілі уақыт өткеннен кейін (бір-екі аптадан кейін) қайтадан пайда болады. Осы құбылысты р е л а к т а ц и я деп атайды. Ал әйел баласының емізуін тоқтатпаса, онда сүттің мөлшері бірнеше күннен кейін ақ көбейеді.

Г и п о г а л а к т и я н ы ң ф и з и о л о г и я л ы қ а л д ы н а л у ы:

- Біріншіден сүттің аз мөлшрде пайда болуының себебін анықтап алыңыз, мысалы, әйел баласын шыны арқылы емізе бастаса, ендігіде олай тамақтандырмасын деп ақылыңызды беріңіз.

- Баланы шыныдан емес, тек кеседен, табақшадан тамақтандыру керек.

- Баланы анасы емшекке жиі салу тиысты (оннан кем емес, тіпті әр екі сағат сайын).

- Бала ана сүтін емгісі келмесе, ұйқтап жатқанда емізу жеңілдеу болады.

- Әйел баланы міндетті түрде түнде жанына алып, жалықпай, емізуге тырысу керек.

- Бала емшекті уақыты бойынша бұрынғыдан ұзақтау ему тиыс.

- Әйел күш-қуатын қалпына келтіру үшін жақсы тамақтану және жеткілікті мөлшерде қоректік жылы сусындар ішу тиісті.

- Әйелге көбірек тынығу және баласын емізіп жатқанда босансу керегі туралы кеңес беріңіз.

- Ананы төстік пен IV қабырға аралығының қиылысында нүктелі массаж жасатып үйретіңіз.

- Бала алты айға толмаса және ана кеудесінде әлі (аз мөлшерде болса да) сүт жойылмаса – нәрестені тағамның басқа түріне көшірмей ана сүтімен қоректендіріп көру керек. Ал сүт тіпті жойылып кетсе – онда, амалсыздан, сүт пайда болғанша дейін басқа сүт түрлерімен тамақтандыру қажет болады. Балаға басқа тамақ берсе де, баланы сүт безімен емізуге талпыну керек.

- Егерде нәресте анасының «бос» емшегін емгісі келмесе, анасын емізу кезінде қалай емізікшеге сүт тамызу керек екенін көрсетіңіз немесе түтікше қолдануға үйретіңіз.

Е м і з у ү ш і н т ү т і к ш е қ о л д а н у і с ә р е к е т і: түтікше қолданудың іс әрекеті тап коктейль ішккендегі сабаншаны қолданғандай. Түтікшенің бір жағы сүті бар табақша ішінде, екінші жағы бала аузында.

Сүт безін түтікшемен бірге еміп жатқан бала

Табақша ішінде бала тағамы, сиыр сүті немесе сауылған ана сүті. Түтікшенің бір жағын ана емізігі бойынша орналастыру керек, осыған байланысты бала бір сәтте түтікті де, анасының сүт безін де емеді. Баланың емуі емізікті ынталандырады да, сүт пайда бол бастайды. Әр тамақтандырғаннан кейін табақшаны да, түтікшені де жуып, залалсыздандырыңыз.

С ү т б е з і н е с ү т т а м ы з у і с ә р е к е т і н де әйелдер қолдануға болады. Емізу кезінде әйел емшегіне сүт тамызады. Тамызуды шприц, тамызғыш арқылы орындауға болады.

Сүт безіне сүт тамшылағанда - ол бала аузына түседі

- Әуелі балаға жасына сәйкесті балалар тамағын беріңіз, сосын күн сайын жалпы көлемін 30-50 мл-ге азайта беріңіздер.

- Бала жеткілікті сүт көлемін алып турғанын бақылау үшін дене салмағын, бөлінген зәр мөлшерін күн сайын өлшеп, салыстырып тұру керек.

Бала аштығының негізгі клиникалық көріністері келесі: салмақ өсу сызығының тығыздануы, баланың мазасыздығы, сирек зәр бөлуі, нәжісі сұйық болуы немесе іші қатып қалуы мүмкін. Бала емген сүт мөлшерін анықтау үшін бақылау өлшеу өткізіледі. Ол үшін баланы емгенге дейін, артынан – емгеннен кейін өлшейді. Емгеннен кейінгі және емгенге дейінгі сүт айырмашылығы бала сорған сүт мөлшерінің көрсеткіші болады.

Аралас тамақтандыру кезінде берілетін қоспалар түрі жасанды қоректендіру кезіндегі қолданатын қоспаларға сәйкес. Қосымша тағам түрінде осы ошақта қолданылатын тағамдар жатады. Ботқаларды көкөніс қайнатпасына немесе ана сүтіне пісіріледі. Аллергиялық жағдайларда қосымша тамақ берген дұрыс болады.

Анасының сүті жойылып кетпес үшін, қосымша тамақты бала ана сүтін әбден еміп болғаннан кейін қана береді. Берілетін қосымша тамақты шынымен емес, қасықпен беру керек, себебі – жеңіл тамақтануға үйренген бала ана сүтінен айнып қалуы мүмкін. Қосымша тамақ берген кезде, бала жүдеп қалмас үшін не оңалып кетпесін деген мақсатпен тағамның қуаттық багалылығын санап тұру керек. Аралас тамақтандыру кезінде баланың калориялар, ақуыздар, майлар, көмірсулар бойынша қажеттілігі берілетін сүт қоспаларына байланысты.

Бейімделген қоспаларды қолданғанда қажеттілігі табиғи тамақтандырудағыдай болады. Ал, бейімделмеген қоспалар берілгенде, калориялық қөлемі табиғи тамақтандырудың калориялық көлемімен салыстырғанда, он пайызға артық болуы керек. Ақуыз көлемі бейімделмеген қоспалар қолданған кезде 3-3,5 г/дене салмағына, көмірсулар және майлар көлемі – табиғи тамақтандырудағыдай қалады. Дәрумендер, шырындар, ботқалар және пюрелер – қолдан тамақтандырудағыдай.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 5000 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...