Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЖүЙКЕ-ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ



Жүйке жүйесi бiр жақтан физиологиялық және зат алмасушылық процесстерiнің үйлесуін, екiншiден –ағзаның қоршаған ортамен байланысын орнайды.

Жүйке жүйесi жатыр iшiлiк кезеңiнiң 1-i жұмасында пайда болады. Туғаннан кейін бас мидың қалыптасуына байланысты күрделi процессi аяқталмайды. Жаңа туған баланың бас миының айырмашылығы - ол шартты түрiнде iрi, iрi салалары және қатпарлары жақсы дамыған, бiрақта олардың тереңдiгi мен биiктiгi шамалы. Ұсақ қатпарлары туғаннан кейiн қана пайда болады. Жаңа туған бала миының сұр заты ақ затынан нашар бөлiнген. Барлық жүйке жасушалары бiр бiрiне жақын, үстiрт, олар мидың ақ затында да орналасқан.

Жаңа туған бала миының салмағы дене салмағынан шартты түрде көбірек. Ми салмағын дене салмағымен салыстырғанда – дене салмағының бір килограмына 1/8 – 1/9-і болады, бір жасар балада 1/11-1/12, 5 жасар балада 1/13-1/14, ересек адамда 1/40. Тоғыз айда бас мидың салмағы екi есе, үш жаста - үш есе көбейедi.

Баланың бас миы қан тамырларға, әсіресе капиллярларға өте бай, капиллярлар туғаннан кейiн де дами бередi. Осыған байланысты балалар бас миының қанмен қамтамасыз етуі ересектермен салыстырғанда, жоғарылау. Жүйке жүйесiне көп мөлшерде оттегi де керек. Сондықтан, мидың оттегіге қажеттілігі бұлшық еттерге қарағанда жиырма есе көп.

Бала ауырса, баланың миында көп мөлшерде улы заттар жиналып, зат алмасуды бұзады. Осы себептен жас балаларда инфекциялық аурулардың токсикалық түрлерi жиі кездеседі. Гематоэнцефалды кедергiнiң өткiзгiштiгi де осы жағдайды шиеленістіреді.

Жүйке жүйесiнiң дамуына байланысты бас мидің химиялық құрамы да өзгереді: мидағы су мөлшерi азаяды, ақуыздар және нуклеин қышқылдар мөлшерi көбейедi, ақ заттағы липидтер мөлшерi де үш есе көбейедi. Жүйке жүйесінің дамуы баланың жасына байланысты: жас балалардың бас миы тез дамиды, ол әсіресе,бірінші үш айда белгілі. Нерв жасушаларының ажырасуы үш жаста бітеді, ал сегіз жасында ми қыртысы ересек адамның ми қыртысына ұқсас болады.

Баланың жұлыны туар кезде бас миіның дамуымен салыстырғанда, жақсы дамыған. Мойынның және белдің жуан жерлерi тек үш жастан кейiн пайда болады. Жұлын салмағы он айда екi есе көбейедi, үш-бес жас аралығында үш есе көбейедi. Жұлын ұзындығы 7-10 жасқа таман екi есе өседі, он жастан кейiн мидың өсуi баяуланады да, жұлынның төменгi шегi жоғарылайды. Мидың ликворы мөлдiр. Ол бұлдыр болса - бала iрiңдi менингитпен ауырғаны, ал қан аралас болса - мидың затына қан құйылған туралы ойлануға болады.

Мидың қызмет атқаруы негізі рефлекстерге байланысты. Рефлекс дегеніміз нерв жуйесінің әртүрлі қоздырғыштарға қайтаратын жауабы. Мысалы, бала дыбыс шыққан жаққа басын бұрып қарайды, ыстық затқа қолы тиіп кетсе – тартып алады, қараңғы жерде шырақ жанса - көзін жұмады т. б.

Бала туғанда үш түрлі шартсыз рефлекстермен туады, олар:

- тұрақты, өмiр бойы болатын автоматизмдер;

- туғаннан кейiн жойылатын; өтпелi (транзиторлы) рефлекстер,

- туғаннан кейiн пайда болмай, өсе келе дамитын рефлекстер.

Бiрiншi топ рефлекстерiне жататын рефлекстер: мүйiзгек рефлексi, конъюнктивтiк рефлексi, жұтыну рефлексi, орбикулопальпебралді рефлекс, аяқ-қолдың сiңiрлiк рефлексi. Осы шартсыз рефлекстердің негізінде қоршаған орта әсеріне байланысты шартты рефлекстер пайда бола бастайды.

Шартсыз рефлекстердің екінші тобына келесі өтпелі рефлекстер жатады:

Б а у э р р е ф л е к с і – баланы ішіне жатқызып, бүктетілген аяқтарының табандарына алақанды жолатса, бала еңбектегендей қозғалыс жасайды;

М о р о (құлаштау) р е ф л е к с і - бала басынан 15-20 см қашықтықта үстөл үстін соқса, бала әуелі қолдарын екі жаққа жаяды да, сосын оларды бұрынғы қалпына келтіреді;

Ж е л к е б ұ л ш ы қ е т т е р і н і ң р и г и д т ы ғ ы арқасында жатқанбала желкесіне қолды салып, бала иегімен кеудесіне жетсін деген мақсатпен басын алға бүккізу, жауабы оң болса – желкесінде ауырсыну сезім пайда болады;

Р о б и н с о н р е ф л е к с і (жармасу рефлексі)- баланың қолына салынған затты бала жармасып үстай алады да, жібермейді;

Б а б к и н р е ф л е к с і (алақанды-ауыз рефлексі) – үлкен саусақтармен баланың алақанына басса, ол аузын ашып, басын еңкейтеді;

К е р н и г б е л г і с і тізе және жамбас буындарда бүгілген аяқты тізе буынында жазуға тырысу, реакциясы оң болғанда – арқасында қатты ауырсыну сезім пайда болады да, бала аяғын жаза алмай қалады;

Б р у д з и н с к и й б е л г і с і – қолдарды желке мен кеудеге қойып, баланың басын тез бүккен кезде оң реакция кезінде екі аяғын да тізе буындарында бүгеді және арқасында ауырсыну сезім пайда болады.

Жаңа туған баланың ми қабығы шартты рефлекстерге мұрсасы жететiнi қазiргі кезде анықталды. Рефлекстiң дамуы бiрiншi кездерi тамақ доминантасына байланысты. Егерде жылап жатқан баланы қолға алып, кеудеге басса (емiзiп жатқандағы жағдай), бала тынышталады. Тiптi бiрiншi өмiр күндерiнен бастап, ересек адам жақындағанда, нәрестенiң қимылы қоза бастайды - бала тамақтануға әзiрленгендей болады.

Әуелi шартты рефлекстердің пайда болуы өте қиын, бiрақта екінші-үшінші өмiр айынан кейін олар тездеу пайда болады. Бала алты айға толғаннан кейін шартты рефлекстер барлық сезім мүшелерінің дамуына байланысты пайда бола бастайды (есту, көру, дәм айыру, иіс тану, түйсіну сияқты рефлекстер).

Жаңа туған баланың ми қабығы шартты рефлекстерге мұрсасы жететiнi қазiргі кезде анықталды. Рефлекстiң дамуы бiрiншi кездерi тамақ доминантасына байланысты. Егерде жылап жатқан баланы қолға алып, кеудеге басса (емiзiп жатқандағы жағдай), бала тынышталады. Тiптi бiрiншi өмiр күндерiнен бастап, ересек адам жақындағанда, нәрестенiң қимылы қоза бастайды - бала тамақтануға әзiрленгендей болады.

Әуелi шартты рефлекстердің пайда болуы өте қиын, бiрақта екінші-үшінші өмiр айынан кейін олар тездеу пайда болады.

Бала алты айға толғаннан кейін шартты рефлекстер барлық сезім мүшелерінің дамуына байланысты пайда бола бастайды (есту, көру, дәм айыру, иіс тану, түйсіну сияқты рефлекстер).





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 5598 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...