Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері



Жаңа туған баланың ас қорыту мүшелерінің біраз анатомия-физиологиялық ерекшеліктері бар. Олар жаңа туғандық кезеңде айқындалады. Бұл кезеңде баланың ас қорыту мүшелері өз функциялық мүмкіндіктеріне қарағанда тек ана сүтін қоректендіруге бейімделген.

Жаңа туған балада ему және жұтыну рефлекстері айқындалған. Ему акті үш кезеңнен тұрады: емізікшені қысудан, сүтті емуден және аспирациядан. Ана кеудесіне салынған бала емізікті және емізікке жуық дөңгелекшені тығыз қамтып, ауыз қуысы және сыртқы ауа арасындағы байланысты бекітеді (сурет а). Бала тілі таңдайға жабысқандай жағдайда орналысады, сүт безінің ұшы бала аузында сорғыш түрінше созылады (сурет б). Тіл ұшынан түбіне дейін перистальтикаға ұқсас толқын өтеді, ауыз қуысында теріс қысым пайда болады, бала сүт безінің ұшын онқа әсеріне сәйкес ішіне «тартады». Осы кезде ауыз қуысына ана сүті еңеді де, бала оны жұтады (сурет в).

Баланың ауыз қуысы тар, шырышты қабығы өте нәзік, жарақаттанғыш, қан тамырларға бай. Тілі – жалпақ, қысқа, шайнайтын бұлшық еттері жақсы дамыған. Туғаннан кейін баланың сілекей бездері өз функциясын шала атқарады, сілекейді шамалы мөлшерде бөледі. Қан тамырлардың көп болғаны және ауыз қуысындағы шырышты қабықтарының құрғақтығы ауыз қуысының тез жарақаттануына себепкер болады. Төртінші айдан бастап бөлінетін сілекей мөлшері көбейеді.

Ауыз қуысынан тамақ өңешке түседі. Ересектердің өңешімен салыстырғанда, ол едәуір ұзын болады: жаңа туған балада –10-11см, емізулі балада – 12 см. өңештің шырышты қабығы нәзік, қан тамырларға бай, сөл бездері жоқ, бұлшық ет қабатыығы шала дамыған. Бір жасқа дейінгі баланың асқазаны көлденең орналысқан. Бала жүре бастағанда ас қазаны тік жағдайға келеді. Ас қазан сол қабырға астында, ал пилорис алдынғы ортанғы сызық маңайында орналасқан. Ас қазанның бұлшық еттері шала дамыған, кірер жері кең, толық жабылмайды, сондықтан жас балалар құсып қоюы осы себеппен байланысты. Жаңа туған баланың ас қазан көлемі 30-35 мл, екі айлық баланың ас қазан көлемі 90-100 мл, бір жасар баланың ас қазан көлемі 250 мл. Жаңа туған бала ас қазаны сөлінің құрамы ересектер ас қазан сөлінің құрамынан айырмашылығы аз, бірақта қышқылдығы және ферменттер белсенділігі төмен болып келеді.

Емізулі бала ішектерінің ұзындығын ересектер ішектерінің ұзындығымен салыстырғанда, олар денесінің ұзындығынан алты есе ұзын екен. Ішектерінің шырышты қабаты жақсы дамыған, қан тамырларға, жасушаларға бай, ас қорытатын бездері де көп мөлшерде. Шырышты қабығы астындағы қабаты және бұлшық ет қабаты шамалы дамыған, сондықтан ішектердің перистальтикасы (қозғалысы) бұзылады, әсіресе нәжіс бөлген (дефекация) кезде.

Жаңа туған баланың ішектері таза, зарарсыз. Он-жиырма сағат арасында ішке ауамен, күтім заттарынан және анасының сүт безі емізікшесінен әр түрлі микроағзалар еңеді. Ана сүтімен қоректенетін бала ішектеріне бифидобактерия еңеді, шамалы мөлшерде стрептококк және ішек таяқшасы кездеседі. Жасанды тамақтандыруда микрофлора өзгереді: ішектерде негізгі микрофлора болып ішек таяқшалары және фекалді стрептококк еңеді. Баланың өмірі үшін ішек микрофлорасы мәнді мағыналы болып тұр.

Дені сау бала ішек микрофлорасының қорғау, улануға қарсы қасиетері бар, осы қасиеттерге байланысты патогенді микроағзалар басылып жойылады. Осыдан басқа, ішек микрофлорасы В-тобы дәрумендерінің құрастыруына қатысады.

Бауыр ағзада әр түрлі және өте маңызды функцияларды атқарады. Жаңа туған баланың бауыры ересектер бауырымен салыстырғанда екі есе үлкендеу болып келеді. Ол қан тамырларға бай, біріктіруші тіндер өте аз, алты-сегіз жасқа дейін бауыр жасушаларының дамуы әлі бітпеген. Бауыр зат алмасудың барлық түрлеріне қатысады, өт бөліп шығарады, ішектен түсетін сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) улар мен микроағзалар үшін табиғи кедергі болып тұр.

Дені сау бала ішек микрофлорасының қорғау, улануға қарсы қасиетері бар, осы қасиеттерге байланысты патогенді микроағзалар басылып жойылады. Осыдан басқа, ішек микрофлорасы В-тобы дәрумендерінің құрастыруына қатысады.

Бауыр ағзада әр түрлі және өте маңызды функцияларды атқарады. Жаңа туған баланың бауыры ересектер бауырымен салыстырғанда екі есе үлкендеу болып келеді. Ол қан тамырларға бай, біріктіруші тіндер өте аз, алты-сегіз жасқа дейін бауыр жасушаларының дамуы әлі бітпеген. Бауыр зат алмасудың барлық түрлеріне қатысады, өт бөліп шығарады, ішектен түсетін сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) улар мен микроағзалар үшін табиғи кедергі болып тұр.

Бала нәжісі баланың жасына, ас қорыту мүшелер жағдайына, тамақтандыру түріне байланысты өзгеріп тұрады. Жаңа туған баланың нәжісі бірнеше күн бойы қою, қара көк түсті масса, оны басқаша меконий деп атайды. Оның құрамына жұтылған ұрық жанындағы сулар, эпителий, ас қорыту мүшелердің сөлі кіреді. Төртінші-бесінші күнге таман меконий емізулі кезеңнің балаларына қалыпты нәжіске ауады. Бірінші айларда бала нәжісі тәулігіне төрт-бес рет, жылдың аяғында – бір-екі рет, бір жастан асқан балаларда – тәулігіне бір рет болады. Табиғи тамақтандырудағы баланың нәжісі бір қалыпты, алтын-сары түсті, қоспасыз, сәл қышқыл иісті. Тамақтандырудың жасанды түрінде нәжістің түсі ақшыл-сары, қаттылау, кейбір кезде – шірік иісті. Ересек балалардың нәжісі безеңдірілген, қоңыр түсті.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 3135 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...