Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу



Жаңа туған баланың бас айналымы орташа алғанда 34-36 см болады. Бірінші айлары және жылдары бала басы тез өседі, ал бес жастан кейін өсуі баяулайды. Бір жасқа дейінгі балалардың бас айналымын келесі формула бойынша белгілейді: алты айлық баланың бас айналымы 43 см, әр жетіспейтін айға 43 см-ден 1,5 см алып тастау керек, ал әр келесі айға 0,5 см қосу керек.

2-15 жасар балаларға: 5-жасар баланың бас айналымы 50 см, әр жетіспейтін жасқа 50 см-ден 1 см алу керек, ал әр келесі жылға 0,6 см қосқан жөн.

Кеуде айналымы дененің көлденең өлшемдері өзгерістерін анықтау үшін негізгі антропометриялык көрсеткіштердің бірі болып саналады. Ол кеуде қуысының даму дәрежесіне, көкіректегі бұлшық еттерінің және тері асты май қабатының дамуына байланысты көрсеткіш болып саналады.

Жаңа туған баланың кеуде айналымы бас айналымынан 2 см кем, 4 айында екі көрсеткіштер теңбе тең, сонан соң кеуде айналымы бас айналымына қарағанда тез үлкейеді. Бір жасқа деінгі баланың кеуде дамуын келесі формула бойынша белгіленеді: алты айлық баланың кеуде айналымы 45 см, әр 6-ға дейін жетіспейтін айға 45 см-ден 2 см алып тастау, 6-дан кейінгі айларға 0,5 см әр айға қосу керек. Екі жастан он жасқа дейін: 63 см – 1,5 см∙ (п -10), п - баланың жасы. Он жастан кейінгі балалар үшін басқа формула қолданылады: 63 см + 3 см∙ (п -10), п – оннан асқан баланың жасы, 3 см – он жастан асқан бала кеуде айналымының орташа қосылуы, 63 см – он жасар баланың кеуде айналымы.

Баланың кеуде айналымын өлшеу үшін см таспаны артқы жағында – жауырынның төменгі бұрыштарына, алдында – сүт безі үстіне.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 9308 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...