Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жаңа туған баланың бойын өлшеу



Жаңа туған баланың бойы 46-56 см арасында қобалжиды: орташа алғанда ер балалардың бойы 50,7 см, қыз балалардың бойы 50,2 см. Бірінші күндері баланың бойы шамалы қысқарады, себебі - басындағы туылуға байланысты пайда болған ісік ыдырайды. Бір жасқа дейінгі бала денесінің бойы келесі формула бойынша саналады: бірінші өмір тоқсанында - ай сайын 3 см, немесе 9 см тоқсанына, екінші өмір тоқсанында - 2,5 см ай сайын немесе 7,5 см тоқсанына, ІІІ өмір тоқсанында - 1,5-2,0 см немесе 4,5-6,0 см, IV өмір - 1 см немесе тоқсанына 3 см. Жылына баланың бойы жиырма бес сантиметрге өседі. Бір жасар баланың бойы 75 см. Қазіргі кезде баланың бойы 4 жасында екі есе өседі, ал 12 жасында 3 есе өседі. Екінші жасында бала бойы 12-13 см-ге өседі, ал үш жасқа таман бала жеті-сегіз см қосады.

Бір жастан асқан балалардың бойын келесі формула бойынша белгілейді:

8-жасар бала бойы 130 см, әр жетпейтін жасқа 130 см-ден 7 см алынады, ал әр қосылған жасқа 130 см-ге 5 см қосады. Мысалы, 3 жасар баланың бойы: 130-(7∙5)=95 см. 12 жасар баланың бойы: 130+(5∙3) =145 см. Басқаша бала бойының қатынасын центильдерге байланысты бағалайды (кестелерді қара).

Баланың дене салмағын әдейіленген 25 кг жүктемелікті бала таразысында өлшейді. Әуелі таразыға салынған жөргекті өлшеп алады, күйентіні жабады, сонан соң өлшенген жөргек үстіне шешіндіріп баланы салады. Баланың басы және иықтары таразының кең жағына, аяқтары тар жаққа қаратылады. Салмағын өлшейтін адам күйентінің тап алдына тұрады, оң қолмен гірлерді ығыстырады, сол қолмен баланы құлаудан сақтайды. Салмақтын көрсеткішін жазып алғаннан кейін гірлерді «нөлге» қояды, күйентіні жауып, баланы таразыдан алады.

Нәрестенің дене салмағы ер балаларда - 3500 г, қыз балаларда 3350 г. Салмағы 2500,0-граммнан кем балалар шала туған, ал салмағы 4000 граммнан асса - ірі балалар болып саналады.

Туғаннан кейін бала салмағы шамалы азаяды (салмақтын физиологиялық кемуі), қалыпта ол 5-8% дейін жетуі мүмкін. Салмақтың физиологиялық кемуі нәрестенің қоршаған ортаға бейімделуіне байланысты. Туғаннан кейін сұйықтық бала ағзасынан тері арқылы және тыныс алуға байланысты жойылады. Осымен қатар кіндік қалдығы кебеді, меконий мен зәр бөліне бастайды және бірінші екі күндер арасында баланың еметін сүт мөлшері өте аз болады. 8% астам салмақтың кемуі - патология болып саналады.

Бір жасқа дейінгі бала салмағы келесі формула бойынша анықталады: (п +600+800+800+750+700+…350) грамм, бұл формулада п -баланың туғандағы салмағы.

Бір жасар баланың дене салмағы 10-10,5 кг болады.

2-11 жасар баланың салмағын келесі формула бойынша анықтайды: (10,5+2 п), осы формула бойынша п - баланың жасы, 10,5 - бір жасар баланың салмағы.

12-жасар және одан да шағы жоғары балалардың дене салмағы: (п ∙5 – 20) кг, п - 12-жастан асқан баланың шағы. Дәл мәліметтерді центильдер арқылы білуге болады.

Нәрестенің бас айналымының өзгерістері баланың физикалық дамуының және патологиялық жағдайлар пайда болуының (микро-, гидроцефалия) көрсеткіші болып саналады. Бас айналымын см таспамен өлшейді, артқы жағында – шүйде бойынша, алдынғы жағында – қас доғасы бойынша.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 13286 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...