Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Имылдар пайда болуы



Туа сала нәресте тек қатты дыбыстарды естиді, екі жұма өткеннен кейін анасының даусын ажыратады, алты айдан бастап дауыстың екпінін ажыратады: зекіп ұрысқанға жылайды, жылы сөзге күледі.

Дәм айыру қабілеті туғаннан бастап жақсы дамыған (қант қосқан суды жақсы ішеді).

Жаңа туған баланың иіс тану қабілеті дежақсы дамыған, ол әр түрлі иістерге түшкіріп, бет әлпетін құбылтады.

Дене сезімі де өте жақсы дамыған:.түрткенде, жоғары температураға т.б. факторларға тыжырыйып, қозғалып, жылап жауап қайтарады.

Нәрестенің туа салысымен бірге көру қабілеті пайда болады. Бірақ, көз қозғалысы үйлеспеген және бала жиі қылиланады. Бұл қылилық бала үш-төрт айға жеткенде жойылады.

Екінші-үшінші өмiр жұмасында емiп жатқан бала үңiлiп анасының бетiне, қолына қарайды. Бір айдан бала анасына белсендi сергектiк кезiнде қарап қызығады. Қоршаған ортаның әсеріне байланысты балада жәймендеп шартты рефлекстік қызметі жетіле береді.

Бала ойы дамуының және орталық жүйке жүйесі жетілуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып екінші дабыл жүйесінің қалыптасуы жатады. Тіпті екінші айдын басынан сәби анықсыз дыбыстар шығара бастайды. Бұл сөйлеудің дайындық кезеңі болып саналады, жүре-жүре бала ұзақ гуілдеп, алты-жеті айында ұзақ уақыт бiрнеше буындарды айтуға талпынады. Осы кезде сенсорлық тіл пайда болады. “Сенсорлық тіл” дегенiмiз ол сәбидiң ересектер айтқан сөздерiн түсiну. Жас бала жақын адамдардың, ойыншықтардың аттарын сұрағанды түсiнетiн болады. Бас мидың дамуына байланысты және ересектермен қатынасы арқылы баланың тiлi шығады. Бiрiншi сөздердi ол 10-11 айда айтатындай болады. Бiр жасында бала жеңiл, бiр буынды сөздердi айтады, мысалы, (ма-ма, па-па, а-ға). Осы кезеңде бала сегіз-он сөз, екiншi жылдың бiрiншi жартысында 30-40 сөз бiлетiндей болады. 1,5-2 жасында бала суреттердi қарап, ертегiлердi түсiнедi. 2 жаста бала 200-300 сөз біледі. Қыз балалар ер балаларға қарағанда тез дамиды. Сөйлеу тілі дамуы баланы қоршаған ортасын тануға көмектеседі, ал қоршаған орта, өз кезектігіне, сөйлеу тілінің дамуына өте қатты әсер етеді.

Баланың жүйке-психикалық және физикалық дамуының маңызды көрсеткіші болып қимыл іскерліктердің және жасына сәйкес мінез-құлықтардың дамуы жатады.

Қимылдардың үйлесуі тек туғаннан кейiн пайда болады.

Жаңа туған баланың қимылдары ретсiз, тұрақсыз,ол әлі басын да ұстай алмайды. Әуелi балада көздерiнiң бұлшық еттері үйлесе бастайды: 2-3 жұмада көздерiн жарық шыраққа тоқтатып, одан кейiн қимылдап жатқан, жоғарыда орналасқан жарқын затқа қарап, басын әдемi затқа бұратын болады. Бұл мойын бұлшық еттерінің қимылы үйлесуі дами бастағанының белгісі. Алты жұмадан бастап бала жымияды, біржарым айда бала басын ұстай бастайды.

Осыдан кейiн баланың қол үйлестiруi пайда болады: ол қолдарын көзiне, мұрынына жақындатып қарап, көтере бастайды. 3-3,5 айдан бала саусақтарын қармалап, жөргектiң, көрпенiң шетiн сипалайды. Ішінде жатқан бала денесін, шынтақ пен білегіне таянып, көтереді, күлкi пайда болады, ересектердің жылы сөзіне қол-аяқтарын көтерiп, қимылдатып, шырылдай бастайды. 4-5 айлық балаға танымайтын адам жақындағанда бала әуелi қимылсыз, үнсiз қалады, сонан соң не қуанады, не қорқып жылайды. Осы кезден бастап балада нысаналылық қимылдар пайда болады, сондықтан жатқан баланың бас деңгейінде керуетінің басына онша жоғары емес қашықтыққа ұсақ ойыншықтарды iлуге болады. Бала әуелі осы ойыншықтарды екi қолымен ұстайды, одан кейiн белсенді түрде қолына ала бастайды. Бес айлық бала басқа адамдар арасынан анасын тани бастайды, ұзақ «гуільдейді», арқасынан ішіне аударылады.

Осы бесінші айдан бастап қолын созғаны, ойыншықтарды ұстауы ересектердiң қимылдарына ұқсас болады. Бірақта, бұл қимылдардын да өз ерекшелiктерi бар: бала бiр қолмен емес, екi қолмен ұстауға талпынады; қол қимылымен бiрге аяқтарының, денесінiң қимылдары пайда болып, аузы ашылады; бала ойыншықты тек алақанымен алады, саусақтары ойыншықты тек алақанына қысу үшін қолданылады. 4-5 айда артқы бойы бұлшық еттерiнiң қимыл үйлестірушілігі (координациясы) пайда болады: бала арқасынан iшiне, ал 5-6 айдан iшiнен арқасына аударылады. Алты айында бала өздiгiнен отыра бастайды, бұл - бала аяқтарының бұлшық еттерi дамуының куәлiгi. 7-8 айында бала еңбектей бастайды. Осы кезден бастап еңбектеген бала құрсағын көтерiп, төрт аяқтап жорғалай бастайды.

6-7 айларында балада белсендi тану қызметi пайда болады. Тек жетінші – сегізінші

айларында қимыл және көз талдаушылары (анализаторлар) әрекеттесiп, қолының қимылы нысанаға алынады. Осы кезде бала бірінші буындарды қайталап айта бастайды, ересектер атаған заттарды көзімен іздеп табады.

Тоғызыншы - оныншы айдан бастап бала 1-2-3 саусақтарын қайшы түрінде бiрiктіріп, затты ұстайтын болады. Ол өздігінен тік жағдайдан тұрады, тізелеріне тұрады, өз бетімен кеседен ішеді. Он екінші-он үшінші айлардан баланың бірінші-екінші саусақтары тістеуік түрінде бірігіп затты ұстап алады.

Жүрудің басы болып баланың керует, диванды ұстап, аяғынан аяғына қайта-қайта басып тұруы саналады. Бұл баланың 8-9 айында болады. Кешірек бала екі қолынан ұстағанда, сосын бір қолынан ұстағанда аттап жүреді, ал бір жастан бастап бала өздiгiнен жүріп кетеді. Жүре бастағанда баланың аяқтары кең қойылған, ортан жiлiктiң ұршық басында және тiзе буынында бүгiлген, омыртқа жотасы үстiңгi жағында - алға, ал қалған бөлiктерi артқа бүгiлiп, қолдары тепе-теңдікті сақтау үшін алға қарата созылады.

Тек 1-2,5 жастан кейiн баланың аяқтары түзелiп, бала оларды бүкпей жүре бастайды. Осы кезде баланың сергектік кезеңі ұзарады, оның өз бетімен жүруі, жүкіруі қоршаған әлемді белсенді тану үшін жағдай құрастырады. Осы кезде бала қимылдары үйлестірімді, бақылаулы болады. үш жасар бала шамалап қоршаған ортаға үйреніседі, орташа алғанда 1200-1500 сөз біледі, өз бетімен жуынып, киіне алады. 4-5 жасқа таман баланың жүрiсi жетiлiп, дамиды. Сөйлеу тілі жетілдіріледі. Бес-жеті жас аралығында баланың білімдері, мінез-құлығы орталық нерв қызметінің дамып біткенінің куәлігі. Бала өз ойларын, әсерлерін сипаттай алады, ересек адаммен әнгіме құрастыра алады. Қимылдардың жетілдіруі көптеген жылдарға жалғастырылады. Баланың жасына, физикалық және нейропсихикалық дамуына байланысты оған бір белгілі күн тәртібін белгілеу керек. Дұрыс қалыптастырылған күн тәртібі баланы тәрбиелеу үшін өте маңызды болып тұр. Баланың көбірек уақытын ұйқы алады, ол ашыққанда ғана тамақ ішу үшін оянады. Баланы таза ауада ұйықтатқан жөн. Жаңа туған баланы емізу үшін бос режим қолданылады. Міндетті түрде баланы түнде де емізу керек. Алты айдан бастап балаға қосымша тамақ береді.

Бес айға дейінгі бала күніне үш-төрт сағат ұйықтайды, бес айдан кейін бала тәулігіне үш сағат ұйықтайды. 1,5 жастан бастап балалар күндіз тек бір рет үш сағат бойы ұйықтайды да, қалған уақыты тамақ ішуге, сергектенуге кетеді.

Сонымен, жаңа туған баланың қимыл белсендiлiгi өте төмен, тәуілік бойы сергектігі мен ұйқысынің өз ара қатынасы тепе тең болады. 2-3 айдан бастап қимыл белсендiлiгi өсе бастайды да, төртінші айда бала қимылы мен ұйқысының қатынасы 1:1 болады, 5-8 айында 1,7:1; бiрінші жасының соңғы айларында 3,3:1.

БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ, МАССАЖ, ГИМНАСТИКА

Гимнастика және массаж

Гимнастика және массаж басқа тәрбиелеу шараларымен бірге (тамақтану, үйқтау, сергектену тәртіптерімен) қолданылады.

Нәрестенің қимылдау, тыныс алу, қан түзу, ас қорыту, қан түзу функциялары мен орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына гимнастика жасаудың және массаждың (сылаудың) елеулі әсері бар. Оларға байланысты қоректендіру, қышқылдату процесстері жоғарлайды, зат алмасуы жақсарады. Массаж және гимнастика дұрыс және дәл қимылдар пайда болуының негізгі тәрбие тәсілі болып саналады. Мақсатты тәрбиенің жоқтығы бала қимылдарының дамуын артта қалдырады да, сапасын төмендетеді.

Бала үшін әдейіленген жаттығуларды таңдағанда, оның жасына байланысты ерекшелерді қана емес, жеке бас ерекшеліктерін де есепке алу керек.Баланың әр жасына байланысты кезеңінде екі түрлі реакциялар кездеседі:

- басымды, күштілеу, бірақ басылуға беталыс алған реакциялар,

- пайда болып жатқан, әлі өте әлсіз, күшеюге беталыс алған реакциялар.

Мысалы, өмірінің бірінші үш айында балалар қол-аяқтарының бұлшық еттерінің бүгілуі (гипертониясы) анықталады. Кешірек бұлшық еттердің жазылуы пайда болады да, бұлшық еттердің тепе-теңдігі дамиды. Бұлшық еттердің тепе-теңдігі тездеу пайда болуына байланысты, бұлшық еттердің босансуы үшін жеңіл сипалау массажды және күнделікті жылы ванналар жасаған қажет; бала өз бетімен қимылдауын ынталандыру үшін - осы шаққа сай шартсыз рефлекстер қолданылады.

Баланың бірінші айларында жаттығулар арасында тек аяқ-қолдардың жазуына байланысты рефлекстерді пайдалану керек. Бала қол-аяғының бұлшық еттері тепе-теңдікке уақытында келсе, онда қол қимылдарының пайда болуына, бала қолдарын қызықтыратын затқа созуына, қолға алуына, соңынан денесін көтеріп, тартылуына алғы шарт туғызылады. Сонымен, бала ұсақ бұлшық еттерінің дамуына байланысты ірі бұлшық еттерінің дамуына алғы шарттар туғызылады, осыған байланысты бала денесінің жағдайын өзгерте алатындай болады.

Физикалық жаттығуларды дені сау, біржарым-екі айлық балаларға істей бастайды. Осы кезге таман бала қоршаған ортаға бейімделеді, өмірінің күн тәртібі белгіленеді, дене қызуы реттеледі. Емізулі балалар үшін қолданылатын жаттығулар өте қарапайым және жеңіл болуы керек.

Сылаумен қатар гимнастиканы күн сайын үнемі бір мезгілде, тамақ ішкенге дейін немесе ішкеннен кейін 40-50 минуттан кейін жасау керек. Оның ұзақтығы 5-7 мин, әр жаттығуы екі-ұш рет қайталанады. Бөлменің жылылығы жиырма-жиырма екі градус болуы керек. Жаздың күні жаттығуларды ашық терезе алдында немесе таза ауада тап осы температура кезінде өткізу керек. Барлық қимылдар ырғақты, тыныш, бір қалыпты жасалы керек.

Кәсіптің өзі клеенкамен және жөргекпен жабылған төрт қабатты көрпеде үстел үстінде өткізіледі.

Анасының немесе мейіркештің қолдары таза және құрғақ болуы тиісті. Шешіндірген баланың денесі де жылы болуы тиісті. Кәсіп бойы баланың көңіл-күйі көңілді болуы керек, онымен сөйлесіп, күліп, ойыншықтарға қызықтырып, белсенділікке шақыру керек. Мейіркеш жаттығуларды орындап жатқанда, баланың жауап қайтаруын бақылауы тиісті. Баланың көңіл – күйі бұзылып кетсе, ол жыласа – процедураны тоқтатып, баланы тыныштандыру керек.

Б а л а ж а т т ы ғ у л а р к е з і н д е ш а р ш а м а с ы н!

Массажды және гимнастикалық жаттығуларды массаж және гимнастика әрекеттеріне үйренген баланың ата-анасы және басқа күтім жасайтын адамдар өткізе алады.

Е р т е ж а с т а ғ ы б а л а л а р м а с с а ж ы ж ә н е г и м н а с т и к а с ы б о й ы н ш а ж а л п ы ә д і с т е м е с і н і ң н е г і з д ер і. Ерте жастағы балалар дың қимыл әрекеттері екі түрлі болады: статикалық және моторикалық. Осыған байланысты ерте жастағы балалар үшін жаттығудың түрлері белгіденеді: координацияны, тепе-теңдікті дамыту,тыныс қимылдары жатады.

Б е л с е н д і е м ес (п а с с и в т і) жаттығуларды бала емес, мейіркеш немесе анасы жасайды. Олар тек қана баланың табиғи қимылдарын пайдалануға бейімделген. Бұл жаттығулар қол-аяқтардың физиологиялық гипертонусына байланысты үш айға дейінгі балаларда қолданылмайды. Тек үш айдан кейін белсенді емес жаттығуларды баланың қолдарына қана мейіркеш жасайды. Төрт-бес айдан бастап аяқтарына жаттығулар жасалынады.

Р е ф л е к т о р л ы ж а т т ы ғ у л а р. Мойын және дене бұлшық еттерінің қатаюы үшін шартсыз қимыл рефлекстерге байланысты рефлекторлы жаттығуларды қолдануға болады: олар тері, бұлшық еттер, жүйке аппаратының тітіркендіруге байланысты жауап түрінде туа біткен рефлекторлық шартсыз қимыл әрекеттесуімен жауап қайтару.

Әуелі ішінде жатқан баланы тап сол жағдайда көтерсе – бала басын артқа қарата шалқайтады. Бір айдан кейін (төрт айлығында) тап сол жағдайда баланың барлық денесі доға түрінде иіліседі. Осы қимылға байланысты баланың вестибулярлы аппараты қатаяды. Төрт айдан бастап арқасында орналастырған баланы көтергенде, бала басын алға еңкейтіп, денесінің алдынғы жағының бұлшық еттерін ынталандырады. Баланы осындай жағдайларда тұрақты ұстай берсе, баланың мойын, дене бұлшық еттерін нығайтуға болады.

М а с с а ж белсенді емес гимнастиканың түріне жатады. Массаж кезінде бала ағзасына түрлі механикалық тітіркендіргіштер әсер етеді. Массаждың екі түрі болады: жалпы және жергілікті. Жалпы массаж бала ағзасына көпәсерлі және едәуір әсер етеді. Массаждың негізгі бес приемі бар: сипалау, сылау, үгу, соққылау, вибрациялау (дірілдету).

С и п а л а у. Сипалау кезінде тері эпидермис қабыршақтарынан босайды, осыған байланысты тер және май бездерінің түтікшереі ашылады да, терінің тынысы және қоректенуі, серпінділігі де жақсарады. үш айға дейінгі балаларда массажды тек сипалау түрінде өткізеді, үш айдан кейін массаждың басқа приемдары да қолданылады: сылау, үгу, соққылау, вибрациялау. Жалпы сипалау массажі бала алты айға толғанша дейін қолданылады. Массаж сипалаудан басталады, сосын массаждың басқа түрлерімен кезектесіп, массаж сипалаумен аяқталады.

С ы л а у баланың қимылдау және тірек болу аппаратына әсер етеді. Осы кезде сіңірлердің қоректенуі жақсарып, бұлшық еттердің қысқаруы және икемділігі жоғарлайды. Сылау кезінде тері саусақтармен сәл тартылады. Тек тері емес, астында жатқан тіндер де тартылады.

ү г у массаж жасалып жатқан жердің қан айналымын қүшейтеді және массаж жасаған жердің қоректенуін жақсартады. Ол тереңде жатқан бұлшық еттердің массажында қолданылады. Бұлшық еттер массаж жасайтын адамның саусақтарымен алынып, үгітіледі.

С о қ қ ы л а у - перифериялық (шеткі) нервтердің тітіркендіргіштігін төмендетеді, қанмен қамтамасыз етуіне әсер етеді, бұлшық еттердің қоректенуін жақсартады. Кішкентай балаларда соққылауды саусақтардың алақан жағымен ырғақты түрде өткізеді, ең жиі соққыланатын жерлер – ол артқы жағы, сандары, жіліншік.

В и б р а ц и я л а у – ол денені тез және бірқалыпты дірілдету. Жас балаларда ол қолданылмайды.

Баланы алғашқы айдын аяқ кезінен бастап сылаған, екі айлығынан бастап шағын гимнастика жасатқан пайдалы.

Бір айлық балаға сылау жасаған кезде жеңіл ғана сипай отырып, алақанды баланың аяқ жағынан бірте-бірте кіндікке, белге қарай әкелу керек.

Қолға сипау жасаған кезде оны нәрестенің алақанымен қол басы сыртынан бастап білегіне, одан шығына дейін жеткізеді. Аяқты сылау табанынан басталып сирақ пен жамбасты, тізе ұршығының астыңғы жағын қамтып, тізесінен шабына дейін ептеп ақырын сипайды. Екі айдан кейін баланы етпетінен жатқызып, арқасын, жауырынын жазып, қолдын алақанымен батқызбай сипаған жөн.

Нәрестенің ішін сағат тілі бағытымен шыр айналдыра сипайды, сонан соң осыған қарама қарсы керісінше шыр айналдыра бүйірі түсына таман етіп сипап, оның қан айналымын жақсартып, массаж жасаған жөн. Массаж сағат тілі бағытымен сипаумен аяқталуы керек. 4-5 айлық нәрестені етпетінен жатқыза, қолдарын екі жаққа созып қайта шалқасынан жатқызады, қолын кеудесіне әкеліп, айқастыра кеудесін сипай отырып, қабырға аралығын орталыққа қаратып еппен сылап сипайды.

Массаж жасауымен қатар бірте-бірте гимнастика жаттығуларын жасауға дағдыландыру керек. Баланың еңбектеп жүруін дамытуға жәрдемдесетін жаттығулар 8-10 айлығында күрделене түседі. Баланың кеудесі мен аяғының сүйек - буын мүшелерінің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар нәрестенің зат алмасу процестерінің жақсартуына жақсы әсер етеді.

Қоршаған ортаның қолайсыз көріністеріне нәрестенің ағзасы қарсы тұру үшін, дұрыс тамақтандырудың, гимнастика - массажды дұрыс пайдаланудың маңызы өте зор.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 3288 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...