Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жас баланыҢ физикалыҚ дамуы



"Физикалық даму" деген термин клиникалық педиатрияда бала бойының, салмағының, бас, кеуде ауналымының өсуімен бірге бөлек мүшелердің дамуымен және биологиялық жетілумен байланысады. Медицина зерттеуіне "антропометрия" дейтін әдіс еңгізілгеннен кейін баладардың бойы онжылдықтан онжылдыққа ұзаратыны, және жынысты дамуы ертерек басталатыны байқалды. Бұл жағдайды "acceleratio" - жылдамдату, тездету - деп атайды. Мысалы, ХХ ғасырдың басында өмір сүрген тоғыз жасар баланың бойы, қазіргі жеті жасар баланың бойындай, ал он жеті жасар баланың бойы – он бес жасар баланың бойындай. Бірақта, акселерацияға байланысты "гетеродинамия" дейтін сөз пайда болды – ол басқа бөлек мүшелер дамуының қалып қоюы пайда болуын белгілейтін сөз. Мысалы, жүрек-қантамыр жүйесінің, скелеттің және бұлшық еттердің салыстырмалы өсу жылдамдығы, т.б.

Акселерация жағдайы генотиптін өзгеруіне (халықтардың бір елден екінші елге көшуіне, ұлттар аралық некелесу жағдайларға, әлеуметтік жағдайларға) байланысты болып тұр. Баланың физикалық дамуы баланың денсаулығының негізгі көрсеткіші болып саналғаннан біздер баланың физикалық дамуын бағалағанымыз жөн. Баланың физикалық дамуын зерттеуі бірінғайланған, стандартты өлшеу аспаптары қолданылады. Екі жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу үшін әдейіленген бойөлшегіш қолданылады. Бойөлшегіш - ұзындығы 80 см, кеңдігі 40 см, қаптал жағында- сантиметрлік шәкілі бар тақтай, оның қапталында көлденең орналысқан планка жылжып тұр. Баланы бойөлшегішке басын қимылсыз көлденең планкаға тақап жатқызады да, тізесіне сәл ғана басып, аяқтарын жазады. Бойөлшегіштің жылжымалы планкасын баланың табандарына қатты басады. Жылжымалы және жылжымалы емес планкалар аралығы баланың бойына сәйкес болады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 10194 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...