Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айлық балаларға арналған жаттығулар кешені. А у а в а н н а с ы. Нәрестенің жөргектерін ауыстыру да, киіндіру де, шомылдырар алдында шешіндіру де - баланың алғашқы



А у а в а н н а с ы. Нәрестенің жөргектерін ауыстыру да, киіндіру де, шомылдырар алдында шешіндіру де - баланың алғашқы ауа ваннасы, алғашқы шынықтыру процедурасы болып саналады. Емшектегі нәресте ауа ваннасын үйде қабылдаса да,

сыртта қабылдаса да ауаның жылылығы 22º-тан төмен болғаны жөн. Ауа ваннасын қабылдауды уақытын ұзарта тұрып, нәрестені күніне 1-2 рет шешіндіруге болады. Сонан соң алты айға дейінгі баланың ауа ваннасын қабылдау мерзімі 15 минуттай дейін болуы керек. Ал ауаның жылылығы 17о-18о болуы мүмкін.

Б а л а н ы с у м е н ш ын ы қ т ы р у. Баланы сумен шынықтыру өте пайдалы. Оған да бірте-бірте, абайлап кірісу керек. 5-6 айлық нәрестенің денесін дымқыл шүберекпен ысқылаған жөн. Дымқыл шүберек қолғаппен әуелі баланың қолын, кеудесімен ішін, арқасын, құйрығын, аяғын ысқылайды, сонан соң түкті орамалмен аздап қызарғанша дейін сүртеді. Әдетте ысқылауды таңертең жасаған жөн.

Ұзақтығы 4-5 мин, судың бастапқы жылылығы 33-36ºС, бір-екі жұмадан кейін 1º-тан төмендете, оны 28-30º-қа дейін жеткізу.

Нәресте денесінің жетілу кезінде қолданылатып әдістің бірі - ол судың жылылығын ауыстыра отырып шынықтыру, жасынан суда жүзуге үйрету болып табылады.

К ү н с ә у л е с і м е н ш ы н ы қ т ы р у. Емшек жасындағы баланы тура күн сәулесімен шынықтырмайды. Тек қана күннің әлсіз шашыраған сәулесіне (тал көленкесі, немесе басқа да сая-бақтың арасында) 5-10 минут бойы баланы серуендетуге болады.

Нәрестені дені сау етіп тәрбиелеу үшін оның ата-анасына міндетті түрде кеңестер беріп түру қажет.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2362 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...