Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТаҚырыбы: Әлеуметтік экология. АдамныҢ орныҚты дамуыныҢ аспектілері



Сабақтың мақсаты: студенттерге әлеуметтік экология, адамның қоршаған ортаға әсері. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті нығайту барысында экологиялық сананы қалыптастыру туралы тәрбие беру.

Қаралатын сұрақтар:

1.Экологиялық идеология және мәдениет.

2.Экологиялық гуманизм және оның принцип.

3.Биотехнология: бүгін және ертең.

4.Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.

5. Адам экологиясы.

Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің кұрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.

Экологиялық идеология және мәдениет

Әр адамның жеке тұлға ретінде айналадағы құбылыстарға өзінің көзқарасы болады, яғни идеологиясы бар. Ол - өзінің талап тілегіне, санасына тікелей байланысты. Бірақ, өмірде мемлекет немесе қоғам үшін де идеология қажет. Бұл негізгі массаны билеп - төстеу үшін, ел ішіндегі қылмыскерлермен және сыртқы агрессорлармен күресу үшін де маңызды. Сондықтан идеологияны осы дүниеде бірлесіп өмір сүру үшін, ортақ мақсаттар үшін біріктіретін көзқарастар жүйесі екені түсінген дұрыс.

Идеология - жаппай көзқарастар жүйесі ретінде идеялардың жинақтығына негізделген және бүкіл қоғамды немесе оның бір бөлігін біріктіруге бағытталған. Кімнің кіммен бірлескеніне байланысты ол топтарға, кластарға бөлініп, социалистік, коммунистік, ұлттық, діни, фашистік, этикалық, тоталитарлық түрінде де кездеседі. Сократтың, Платонның, Конфуцийдің идеяларын жатқызуға болады.

Экологиялық идеология да осылардың қатарында; мұның бір ерекшелігі, жаңашылдығы - ол таптық, ұлттық, діни немесе т.б. көзқарастардан жоғары және жалпы адамзаттық, жалпы әлемдік құндылықтарға негізделген, әрі табиғат пен адам үшін біртұтас.

Экологиялық идеологияның принциптерін қарастырып көрелік. Біріншіден, бұл - адамзат іс-әрекетінің барлық сферасында, табиғатқа жасалған өзгерістерге оның реакциясына есепке алу. Табиғаттың орнына емес, табиғатпен бірге іс - әрекет атқарылуы тиіс. Бұл принцип табиғат құқықтары концепциясына еніп отыр. Бұл қағида бойынша дүниедегі барлық тіршілік түрлері бірдей дәрежеде. Адамзат табиғатты жасаушы және өзгертушіден, оның бір бөлігіне ғана айналуы шарт, яғни антропоцентризм орнына экоцентризм келуі тиіс.

Құқықтық, практикалық және руханилық - міне, осы үш принцип экологиялық идеологияның темірқазығы.

Практикалық бағытын - әр түрлі ағымдардың, идеологиялардың позитивті тұстарын жатсынбай қабылдауынан көрсек, құқықтық сипатын оның демократиялығынан көруге болады. Ал, экономикалық, саяси қүрылымы бойынша рухани сипаттың басым болуы- экологиялық қоғамның дүниеге келуіне, адам мен табиғат гармониясына алып келері сөзсіз.

Жалпы мәдениет - адамзаттың қоршаған әлемді өзгерту бағытындағы процесс бойынша қол жеткен творчестволық нәтижелері деп ұғынуы қажет (мысалы, ауылшаруашылық мәдениеті).





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 1888 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...