Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТаҚырыбы: популяциялар экологиясы- дэмэкология. ТҮр. ТҮрдіҢ критерийлері жӘне популяция ҚҰрылымы



Сабақтың мақсаты: Популяция және оның құрылымы, популяциялық модельдер, организмдер мен популяция саны, статистикалық және динамикалық сипаттамасын түсіндіру.

Қаралатын сұрақтар:

Популяция негізгі қасиеттері.

Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның «попилус - «халық, топ» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л. Иогенсен қолданды.

Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты. Популяциялардың кеңістікте таралу типтері: біртекті, кездейсоқ, топтық.

Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Олар бір- бірінен - жергілікті, экологиялық, географиялық популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды осылайша жіктеу Н.П. Наумов жүйесіне негізделеді.

Популяция - биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшелінеді. Популяция құрылымы ондағы особьтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал, популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады.

Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге беімделген. Мәселен кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең тараған.

Географиялық популяциялар - географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын құрайтын экологиялық популяциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-құлқы және басқа да қасиеттері ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін.

Сурет 21. Азайып бара жатқан түрлердің популяциясы

Популяцияның саны дегеніміз - белгілі бір көлемдегі немесе аумақтағы особьтардың жалпы саны. Организмдердің саны тұрақты болмайды. Оның аз немесе көп болуы особьтардың өсімталдығы мен шығынына (өліміне) байланысты.

- Популяцияларды сипаттайтын қасиеттердің бірі - оның жастық құрылымы. Жалпы популяциялардың өсімталдығы мен шығыны олардың жас ерекшеліктеріне тәуелді болады.

- Көптеген популяциялар жас және жыныстық жағынан біркелкі болмайды. Организмдердің жас ерекшеліктері, олардың ұзақтығы минуттардан басталып ұзақ жылдарға созылады. Популяцияларға қатысты организмдердің предпродуктивті, репродуктивті және пострепродуктивті экологиялық топтарын ажыратады.

- Популяциялардың жыныстық ерекшеліктері де сан алуан. Кейбір организмдер жұптасып тіршілік етуге бейімделген. Оларға аққу, ләйлек, бұлдырық т.б. жатады. Енді біреулері топтасып, колония, үйір, тобыр, табын құрып тіршілік етеді. Мұндай популяцияларда особьтардың жыныстық жағынан тепе-теңдігі бұзылып аталығы немесе аналығы басым болады.

- Жоғарыдағы популяциялардың өзін-өзі реттеу немесе олардың ішкі және сыртқы реттелуі процестерінің негізгі түйіні табиғаттағы ұрпақтарының сан мөлшерін тұрақтандыруға ұмтылуы. Бұл процесті жалпы тірі организмдердің, соның ішінде популяциялардың гоместозасы, ал олардың кейбір себептері сан мөлшерінің ауытқу құбылысын динамикалыц тепе-теңдігі дейді. Сондықтан, популяция жалпы биологиялық даму жүйесіндегі сыртқы ортамен үнемі қарым-қатынаста бола отырып, өзінің ішкі реттелу механизмі арқылы органикалық дүниенің эволюциялық даму тенденциясын жүзеге асырады.

Популяцияның саны негізінен бір-біріне қарама қарсы екі құбылыспен анықталады - туу және өлім. Популяцияның жалпы саны маусымдық, көпжылдық периодты емес өзгерістерге ұшырап отырады. Популяция санының осындай өзгерістері оның санының динамикасы деп аталады.

Популяция санының ауытқуының себептері:

азық мөлшерінің жеткілікті болуы популяция санының артуына әкеледі, бірақ өсудің максимальды шамасына азық шектеуші фактор болады. Азық қорының жетіспеуі популяция санының кемуіне әкеледі;

популяция санының артуы немесе кемуі мекен ету ортасы үшін бірнеше популяцияның бәсекелестігі; жыртқышпен, жемтік паразитпен күрделі өзара қатынас;

абиотикалық факторлар популяция санының өзгерісіне әсер етеді;

Сұрақтар

1.Популяцияның құрлымдары туралы түсіндір.

2.Популяцияның динамикасы дегеніміз не?

3.Популяция гомеостаз және тығыздығы дегеніміз не?

4.Популяциялардың жыныстық ерекшеліктерін айт.





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 3595 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...