Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТаҚырыбы: биосферадаҒы тҰраҚсыздыҚтыҢ пайда болуыныҢ антропогендік факторлары



Сабақтың мақсаты: Студенттерге әлемдік экологиялық проблемаларды жан-жақты түсіндіру. Оның салдары, табиғи өзгерістер, экологиялық проблемалар туралы білім беру.

Ой-өрісін дамыту

Қаралатын сұрақтар:

1.Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық ластануы

2. Климат және оның қазіргі заманғы өзгерістері

3. Қышқыл жаңбырлар глобальды экологиялық проблема.

4. Озон қабатының жұқаруы мен оның салдары.

5. Күйе мен фотохимиялық тұман.

6. Дамуға байланысты экологиялық проблемалар

Адамзаттың тарихы адамдардың табиғатпен өзара қарым - қатынастарының тарихы болып саналады. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

1) кезең- палеолит бүл кезеңде адамның табиғатпен бірге, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды.

2) Аграрлық кезең -адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады. Өнеркәсіп пен өндірістің қалыптасуы.

Индустриалды кезең -қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау кезеңі

Ақпараттық экологиялық кезең- бүл кезең ғаламшар ресурстарының шектеулі екендігі түсінігімен сипатталады.

Қоршаған ортаның химиялық ластануы көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металлдар, аэрозольдар.

Көміртегі оксиді (СО2) және монооксид (СО). Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның қанындағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады.

Физикалық ластану радиоктивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

Биологиялық ластану ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, қүрттар, қарапайымдар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер. Ғаламдық экологиялық проблемалар- ғаламдық, аймақтық және үлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені.

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бүл сәулелердің басым бөлігі әр түрлі денелермен кездескенде үзын толқын (инфрақызыл) жылулық сәулелерге айналады. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температураның артуына әкеліп соқтырады. Болжамдар бойынша ауа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5м көтерілуі мүмкін. Мұхит деңгейінің 1,5-2м ге көтерілуі шамамен 5млн км2 құрлықтың су астында қалуына әкеледі.

Климаттың ғаламдық жылынуы-биосфераның антропогендік ластануының бір көрнісі. Климаттың өзгеруі биотаның, экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығының дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен байқалады. 2008-2012 жылдары парниктік газдарды 55% азайту қажет. 2000жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізулі туралы шешім қабылдады.

Озон қабаты жұқаруы - ХІХ ғ 80 ж атмосфера қабатында озонның жұқаруы байқалған. 1987 ж Антарктида, 1992 ж Оңтүстік Америкада байқалған. Оның негізгі көзі хлорфторкөміртектік қосылыстар (Фреон газдар) екені анықталды. Осы химиялық қосылыстар атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша атмосферада озонның 1%-ке азаюы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған.

Қышқыл жаңбырлар - оның негізгі көздері күкіртті ангидрид(SO2) пен азот тотығы (N0, азот қос тотығы N02 және азот тетраоксиді (К2 04). Күкіртті ангидридті -адам көмір мен мазутты жаққан кезде ауаға түседі. Мәселен 1 млн тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Күкірт тотығы оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып күкірт қышқылы түзіледі.

Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандардың өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетен заттар төңірегінде жинақталады. Жалпы атмосфераға азот қышқылының 95% көмірді пайдаланғанда бөлінеді. Азот су буымен реакцияға түсіп азот қышқылын түзеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабыну, бронхит, ентікпе және өкпе тыныс жолдарының ауруынан зардап шегеді.

«Смог»(улы тұман) ағылшын сөзі, түтін деген мағынаны білдіреді. Көмір мен мазутты жаққан кезде пайда болады. Екі типі бар.

Лондондық тұман -негізгі көзі көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. 1952ж. 4000 астам қаза тапты.

Фотохимиялық тұман- атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күнннің радиациясының фотохимиялық ұшырауы нәтижесінде пайда болған улы түтін. 1930ж Лос- Анджелес, Нью-Йоркте, Токио, Сеул, Афинде байқалған.

Сурет 11. Қышқыл жаңбырлар

Сурет 12. Парниктік эффект

Сурет 13. «Смог»(улы тұман)

Сурет 14. Атмосферанын өндіріс газдарымен ластануы

Сурет 15. Су ресурстарының мұнаймен ластануы

Сурет 16. Космостан түсірілген бейне «Озон тесігі»

Сұрақтар

1.Қышқыл жаңбырлардың қоршаған ортаға тигізетін әсері қандай.

2. Радиоактивті заттармен ластану жолдары.

3. Улы тұмандар қалай түзіледі?.

4. Озон қабатының жұқаруы





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 6194 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...