Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТаҚырыбы: тҰраҚты даму тҰжырымдамасы. ТҰраҚты даму концепциясы



Сабақтың мақсаты: Студенттерге қоғамның тұрақты дамуы, адамның орнықты даму концепциясының аспектілері туралы білім беру. Студенттердің қоршаған ортаға көзқарастарын толықтыру. Ой-өрісін дамыту.

Қаралатын сұрақтар:

1. Адамның орнықты дамуының экологиялық аспектілері. Глобальді модельдеу.

2.Экологиялық факторлардың адам дамуына ықпалы. ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы.

3.Экологиялық модельдеу және даму концепциясы.

Адам дамуы - Адам өмірінің барлық аспектерінде анағұрлым кең ауқымдағы таңдаумен адамдарды қамтамасыз ету үдерісі, олардың ең бастылары ұзақ және салауатты өмір сүру, білім алу және лайықты тұрмыс деңгейі үшін қажетті мүмкіндікке қол жеткізу.

Адамзат өзінің өскелең қажеттіліктері мен оларды биосфераның есебінен қамтамасыз етуге қабілетсіздігінің арасындағы қарама қайшылықтары мен бетпе-бет кездесті. Осы қарама қайшылықты адамзат тіршілігінің мүмкіндігі мен одан әрі орнықты дамуын кепілдей отырып, өзінің табиғи негізін бүлдірмейтін өркениетті дамуға көшу жолында шешу идеясы туындады.

1968 жылы италияндық экономист А.Печчейдің ұйымдастыруымен «Рим клубы» құрылды. Ол топқа 10 мемлекеттен 30 маман қатысты. Глобальды модельдер жасаудың алғашқы қадамдарын жасаған Дж.Форрестер және ерлі-зайыпты Медоуздардың жетекшілігімен құрылған топ болады. Олар жүйелі динамика әдісін негіз етіп алды және глобальды модельдің алғашқы нұсқасын 1972 жылы «Өсу шегі» атты баяндамасына жария етті. Аталған нұсқа бойынша әлем моделі бес сектордан (деңгейден) тұрады:

- халықтың қоныстануы;

- өнеркәсіп өндірісі;

- ауылшаруашылық өндірісі;

- табиғи ресурстар;

- табиғи отының күйі.

Ол секторлар бір-бірімен тура және кері байланыстармен жалғасқан. Массачусет (АҚШ) технологиялық университеті жүргізген компьютерлік модельдеу көрсеткендей, әлемде әлеуметтік саяси өзгерістер (ӘСӨ) болмаған жағдайда және оларда техника-экономикалық тенденциялар (ТЭТ) сақталған жағдайда, табиғи ресурстардың тез тозуы 2030 жылдары өнеркәсіптің және ауылшаруашылығының өсуін тежейді. Осының салдарынан халық санының күрт төмендеуі байқалып, нәтижесінде демографиялық апат орын алады. Егер ғылым мен техниканың жетістігі (ҒТЖ) ресурстың шексіз мол мөлшерін алуға қол жеткізеді деп есептейтін болсақ, онда апат қоршаған ортаның шектен тыс ластануы салдарынан болады. Ал, егер түрде шешкен жағдайда, халық санының өсуі мен өнім өндіру егін егетін жер қоры таусылғанға дейін жалғасады, бірақ мұның соңы бәрі бір апатқа әкеліп соқтырады. Апат адамзат баласына соқпай өте алмайды, өйткені ол табиғат және қоғам үшін қауіпті. Бес тенденция да экспонента бойынша өсуде және оны орнына келтіретін қадам жасап үлгеру мүмкін болмай қалуы да ғажап емес. Барлық модельдердің көрсеткіші, өнеркәсіптің дамуы мен ресурстарды жаппай пайдалану, халық санының өсуімен қатар жүріп отырады да, соңында шектеулі бір кезеңге жетіп, апатқа ұласады.

Экспонента бойынша өсу - өте қауіпті құбылыс; адамзат үшін бұл, шахмат ойлап тапқан адамға экспонента бойынша бидай дәнін бермекші болған раджа сияқты көрініс береді (бір тор көз үшін - бір бидай, екі тор көз үшін - 2, үшінші тор көзге - 3 т.с.с). Рим клубының баяндамаларын қоғам жарылғалы тұрған бомба ретінде қабылдады. Медоуздардың кітабы бестселлерге айналды, оның 9 млн. данасы сатылды. Көпшілігі осы баяндамадан соң өнеркәсіптің дамуын күрт тоқтатып, адамзаттың өмір сүру стилін, тәсілін өгерту қажет деп тапты. Модель жасушалар өздерінің нәтижелеріне сүйене отырып, «Өсу шегі» атты кітабының соңғы тарауында төніп тұрған апаттың алдын алудың мынадай ұсыныстарын жасады: қысқа уақыт ішінде жер бетіндегі халық санын тұрақтандыру және өндірістің дамуын қазіргі деңгейден арттырмау. Медоуздың пікірінше, мұндай глобальды тепе-теңдікке қол жеткізуді тоқырау деп есептеуге болмайды, өйткені ресурс шығынын шамадан тыс көп керек етпейтін адамзат қоғамы шексіз ұзақ өмір сүре алады.

Мұндай қағидалар жаңадан пайда бола қалған жоқ (Платон, Мальтус, Аристотель). Осыдан жүз жыл бүрын, ағылшын философы, экономисі Д.С.Милл айтып өткендей, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының прогрессивті түрде дамуының соңында, міндетті түрде «тұрақты жаздай» қалыптасуы шарт және бұл уақытта халық саны мен өндіріс өнімі бірқалыпты сәйкес деңгейде болады. Бұл кезең адамзат үшін «алтын гасыр» болмақ деп күтілуде. Планетадағы экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты бұл концепция қазір де жаңа импульске ие болып отыр.

Сонымен, «Өсу шегі» концепциясы әлеуметтік-саяси бағыт-бағдар бойынша позитивті мәнге ие. Бірақ, барлық елдердің үкімет басшылары халық санын бір деңгейде ұстап түруы үшін бас қосып келісе алады немесе оларды көндіруге болады деп айту қиын, бүл болжамның реалды емес екені анық. Мұнан шығатын қорытынды, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісі тұрақталады деген ойды қуаттаудың қиындығы келіп шығады. Өсу шегі туралы айтқан кезде, абсолютті шек емес, белгілі бір бағыттағы өсу шегі туралы айтқанымыз абзал.

Кері ықпал да, экологиялық тозу мен ресурстардың экономикалық дамуы арасындағы кері байланыс та зерттелген емес. Осындай экономиканың мақсаттық қызметін И.В. Мичуриннің мына сөздерімен анықтауға болады: “Табиғаттан рақым күтуге болмайды, біздің міндетіміз оны тартып алу”.

Орнықты даму идеясының өзі ХХ ғ. 70-ші жылдарының соңынан бұлыңғыр елес сияқты ауада шарықтап жүрді, бірақ алғаш рет азды-көпті нақтыланған тұжырымдама ретінде тек 1987 жылы “Біздің ортақ болашағымыз” баяндамасында тұжырымдалды, баяндаманы қоршаған орта және даму жөніндегі Халықаралық комиссия даярлады (Брундтланд Комиссиясы ретінде көбірек танымал, ол комиссия төрағасы - Норвегияның премьер-министрі Гру Харлем Брундтланд атымен аталған). Орнықты дамуға қазіргі заманның қажеттіліктеріне жауап беретін, Орнықты даму -қоғамның, адамның өмір сүру жағдайы жақсарып, ал қоршаған ортаға әсері адамзаттың жұмыс істеуінің табиғи негізі бүлінбейтіндей күйдегі биосфера сыйымдылығының шектерінде қалатын дамуы. Орнықты даму кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болашақ ұрпақтар үшін залал келтірусіз жүзеге асырылады Орнықты дамудың басты бағдарларының бірі адамдардың тұрмыс сапасын арттыру.

Орнықты дамудың басты бағдарларының бірі - адамдардың тұрмыс сапасын арттыру. Орнықты даму түжырымдамасының аясында дәстүрлі сандық экономикалық критерийлердің (ЖҰӨ, жан басына шаққандағы табыс және т.с.с.) жеткіліксіз екендігі шүбәсіз, даму бағдарлары ретінде мүлде жаңа сапалық интегралды критерийлер шығару қажет. Тұрмыс сапасы белгілі бір межеге дейін өсетін, содан соң тұрақты болатын адамның, отбасының әл-ауқатын қамтиды. Тұрмыс сапасына өзге критерий қоршаған ортаға антропогендік күш-салмақтарды азайту ықпал жасайды. Орнықты даму үлгісіне көшу бағдарламасы келесі принциптерге негізделетін сияқты көрінеді:

Орнықты даму өзіне-өзі қолдау көрсетуі тиіс, яғни өзінің дербес ресурстық базасына нұқсан келтірмеуі керек (өзін-өзі таяу немесе алыс болашақтағы тіршілік ету негіздерінен айырмауы тиіс). Сондай-ақ осы принцип орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың экономика субъектілеріне де пайдалы екендігін білдіреді, олардың осындай іс-әрекеттердегі мүдделілігі де қамтамасыздандырылған. Басқаша айтқанда, орнықты даму нысаналы және ойластырылған инвестициялық саясатты талап етеді.

Экономиканы, өндірісті экологияландыру. Қазақстан үшін бұл ел экономикасының дамуындағы басымдықтардың алмасуын білдіреді. Білім дамуының осы заманғы деңгейінде қаншалықты мүмкін болғанынша, басымдық шаруашылықтың табиғи және ресурс үнемдейтін салаларын және “экологиялық таза” технологияларды дамытуға берілуі тиіс. Дұрысы, азырақ өндірген жақсы, оның есесіне өнім жоғары сапалы болады, қоғам қажеттіліктеріне анағұрлым сай келеді және қоршаған орта үшін аз залалын тигізу арқылы алынады.

Келесі принцип - табиғат пайдалануды саралау. Көбіне өндіруші өнеркәсіптің дамуына сыңаржақ бағдарлану табиғи ортаның жай-күйіне де, сондай-ақ халықтың денсаулығына да келеңсіз әсерін тигізіп, әрі экономиканың орнықтылығын төмендетеді.

Қалдықтарды міндетті түрде пайдаға асыру және бұзылған экожүйелерді жөндеу - кез келген өндірістің экологиялық қауіпсіздігінің негізі.

Жалпы әлеуметтік жүйені дамыту мен жетілдіруде басымдық білімді, медицинаны, мәдениетті, ғылымды қосқанда, гуманитарлық аспекттерге берілуі тиіс. Нақ солар түпкі есепте қоғамның тән, адамгершілік және рухани саулықтарын анықтайды және тұрмыс сапасын қалыптастырады.

Әрине, әр адам, әлеуметтік немесе этникалық топ өздері қалайтын тұрмыс салтын, мәдени дәстүрін дамытуға арналған құқықпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ең соңында, қоғамның орнықты дамуы өз мүшелерінің психологиялық жайлылығынсыз, олардың дүниемен және өзара үйлесімінсіз мүмкін емес. Алда түрған міндеттердің көпшілігі адамдардың адамгершілік сезіміне негізделген ерік жігерлерінсіз, орнықты даму қажеттіліктерін жете сезінусіз тек экономикалық, заңнамалық, әкімшілік шаралармен ғана шешілмейді.

Адам өзінің жаратылысы бойынша идеологиясыз өмір сүре алмайды, идеология қоғамды құрылымдайды, біріктіреді.

ҚР-ның 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.

ҚР-ның экологиялық қауіпсіздігінің жай күйі мен проблемалары

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері ҚР Президентінің 1996 жылғы 30 сәуіріндегі өкіммен мақұлданған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдылықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін қүру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын. Мысалы: 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы «Радиациялық қауіпсіздік туралы» заңдар, ал 2002 жылы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай» туралы (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік қүқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.

Негізгі терминдер:

Тұрақты даму - табиғаттағы заттардың айналымын сақтаудың басты факторы ретінде, тіршіліктің алуантүрлілігін азайтпауды, қоғам мен табиғи ортаны құрайтын, әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік экожүйенің динамикалық тепе-теңдігін бұзбауды көздейді.

Орнықты даму (ағылшынша - қуатталатын даму) - қоғамның адамның өмір сүру жағдайлары жақсарып, ал қоршаған ортаға әсер адамзаттың жұмыс істеуінің табиғи негізі бүлінбейтіндей күйдегі биосфера сыйымдылығының шектерінде қалатын дамуы.

Идеалды модель - реалды шындықты зерттеуге бағытталған және оның прототипке қарағанда абстрактілігі басымырақ.

Заттъщ модель - идеалды модель негізінде жасақталады және ол интерпретация модельдеріне жатады, өйткені мұнда прототипке қарағанда нақтылық басым.

Масштабты модель - түтас бір ұрпақтың өмірі ұзақтығына қарағанда үлкен уақыт интервалына қатысты адмзаттың іс-әрекетінің салдарын өте анықтау кезінде қажет модель.

Натуралды модель - масштабты үлкен территориялардағы жекеленген, оқшауланған процестерді зерттеуге қолданады.

Қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты оптимизациялау үшін, өзара байланысты көптеген айнымалы модельдер де қажет болады. Оның үстіне, тек бөлек процестерді қосу арқылы ғана емес, сонымен қатар олардың арасындағы өзара байланысын да есепке алу компьютерлік модельдеу арқылы жүргізіледі.

Сұрақтар

1.2004-2015 ж арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары «Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы?

2.Адамның орнықты дамуының экологиялық аспекттері қандай?





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 5549 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...