Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТаҚырыбы: тҰраҚты даму тҰжырымдамасы. ТҰраҚты даму концепциясы



Сабақтың мақсаты: қазіргі кезде экологиялық мәселелерді қарастыру. Экологиялық білім мен тәрбие мәселесі.

Қаралатын сұрақтар

1. Үздіксіз экологиялы білім берудің ғылыми теориялық негіздері.

2. Қоршаған ортаның сапасы және радияцияның тұрғындардың денсаулығына әсері.

3. «Үшінші әлем» проблемаларын шешу туралы түсініктеме беру.

Экологиялық білім- білім, ағарту және тәрбиелеу ұйымдарында немесе өздігінен мақсатты түрде ұйымдастырылатын және жүйелі жүргізілетін экологиялық білімді, шеберлік пен ептілікті меңгеру және алу процесі, кұралы және нәтижесі. Экологиялық білім бұл табиғатты пайдаланудың іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесімен табиғатты қорғау білімімен толық түйіседі және тығыз байланысты. Білім беру бірыңғай экологиялық тәрбие экологиялық ағарту Экологиялық білім үштағанының бөлігі болып саналады, оларды құрастарушыларға бөлу өте қиын. Олардың барлығы бір бірімен тығыз байланысты және халық арасында экологиялық көзқарасты қалаптастырудың негізін құрайды жердің барлық биосферасы болған адамзаттың мекендеу ортасын өмір сүруге оңтайлы сақтау қажеттігін сезіндіреді.

Қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың негізгі ретінде экологиялық білім беруді дамыту үшін:

Білім берудің барлық деңгейіндегі оқу бағдарламаларыны экология және тұрақты даму мәселерін енгізу жолымен үздіксіз экологиялық білім берудің жүйесін қалыптастыру;

Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.

Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрамагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылатын сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Радиациялық ластанудың негізгі көздері альфа, гамма және бэта сияқты радиоактивті сәулелер. Иондаған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни ауруының дамуына әкеліп соғады.

Сәуле ауруы адамның сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радиациялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады. Сәуле ауруын дәрежесіне, алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар көтере алмайды. Адамдар 50 рентген сәуле алса ауруы байқалмайды, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды.

Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде алса ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.

Сәуле ауруы төрт кезеңде жүреді: бірінші кезең сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне қарай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру.

Екінші кезең бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезең, яғни жағдайдың жақсы болып көрінуі кезеңі деп атайды. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, үшінші кезең өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады. Төртінші кезең сәуле ауруының жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді.

Сурет 23. Ядорлық жарылыстар

Сурет 24. Атом көлі





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 1486 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...