Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТаҚырыбы: ҚауымдастыҚтар экологиясы



Сабақтың мақсаты: Синэкология. Экожүйедегі энергия агынымен, қоретік тізбектермен және оныц гоместазымен танысады.

Қаралатын сұрақтар:

Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктер

Биологиялық түрлердің өзара қатынасының моделі. Экожүйе және экожүйенің биологиялық өнімділігі.

Биоценоздың құрылымы. Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы.

Синэкология - көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы. Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп қауымдастық немесе биоценоз түзеді.

Экологиялық жүйе - құрамына белгілі территориядағы барлық организмдер кіретін және оның қоршаған ортамен қарым- қатынасы нәтижесінде энергия ағыны белгілі трофикалық құрылымды, түрлердің көп түрлілігі мен жүйе ішіндегі заттар айналымын түзетін, үздіксіз өзгеріп отыратын кезкелген құрылым болып саналады.

Экожүйенің биотикалық бөлігі екі негізгі компоненттен тұрады:

1) күн энергиясын сіңіріп, жай минералды заттардан күрделі қосылыстар түзетін автотрофты компонет;

2) күрделі органикалық қосылыстарды ыдыратып, жай заттарға ыдыратын гетеротрофты организмдер.

Экотоп - жансыз бөлігі болса, биоценоз - тірі бөлігі.

Биоценоз (грекше биос-өмір, ценоз- жалпы, ортақ) бірдей жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. Биоценоз ұғымын 1877 жылы неміс зоологы Карл Мебиус ұсынды. Биоценоздың құрамдас бөліктері: микробиоценоз, зооценоз, микоценоз, микробиоценоз.

Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. Биогеоценоздың құрам бөліктері: продуцент -өндіргіштер олар (жасыл өсімдіктер); консументтер яғни тұтынушылар; редуценттер- ыдыратушылар (микроорганизмдер); өлі табиғат компоненттері

Сурет 17. Сукачев бойынша биогеоценоздың құрылымы

«Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д. Тенсли ұсынды. Экожүйе зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін. Мысалы: ауылшаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Табиғи экожүйе: тайга, тундра, тоғайлар, ормандар,таулар, аралдар.

Экожүйенің негізгі құрам бөліктері:

а) бейорганикалық заттар: су, көмірқышқыл газы.

б) органикалық қосындылар: қарашірік, лигнин, целлюлоза.

в) абиотикалық факторлар: жел, температура, дымқылдық.

г) продуценттер: өсімдіктер.

д) консументтер: жануарлар.

е) редуценттер: бактериялар, саңырауқұлақтар.

Экожүйелердің түр құрамы -дегеніміз белгілі бір табиғи қауымдастықты мекендеген тірі организмдер түрлерінің жиынтығы. Сан жағынан көп түрлер доминантты деп аталады. Экожүйелерде доминантты түрлермен қатар эдификатор түрлер құраушылар тобы кездеседі.

Экожүйенің өзін -өзі сақтау және реттей алу қасиеті гомеостаз деп аталады.

Биоценоздағы организмдердің қарым- қатынасы. Биоценоздағы түр іші және түр аралық қатынастарды орыс зоологы В.Н.Беклемишев төрт түрге бөлді.

Трофикалық (қоректік) байланыстар: бір түр басқа тірі особьтармен, өлекселермен немесе олардың соңғы өнімдерімен қоректенуі.

Топикалық байланыстар: бір түрдің тіршілігі әсерінен ортаның физикалық немесе химиялық өзгеруін айтады.

Форикалық байланыстар: бір түрдің басқа түр арқылы таралуы.

Фабрикалық байланыстар: организмдердің өз інін, өз ұясын саларда басқа түрлердің өлі қалдықтарын пайдалануы.

Экологиялық қуыс- ұғымын ғылымға зоолог Дж. Гринелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Экологиялық қуыс түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі.

Сурет 18. Экожүйенің қоректік торлары.

Экологиялық пирамида немесе Элтон пирамидасы. Экологиялық пирамиданың негізгі үш типі бар:

Сандық пирамида -организмдердің жеке сандық көрсеткіштерін айқындайды.

Биомасса пирамидасы -жалпы құрғақ салмақты немесе «өнімділікті» анықтайды.

Энергия пирамидасы- энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.

Сурет 19.Экологиялық пирамида немесе Элтон пирамидасы.

Биогенді заттар организмдердің тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде түзілген химиялық қосылыстар. Биогенді зат газдар, таскөмір, мұнай, торф, ізбестер.

Биогенді айналымның негізгі көзі Жер бетінде жасыл өсімдіктердің пайда болып, фотосинтез құбылысы басталғаннан бастау алады.





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 7475 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...