Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мажоритарлық және пропорционалдық өкілеттілік



Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропорционалдық, аралас түрі болып бөлінеді. Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды. Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті ж/е салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50% ж/е бір дауыс) алған талапкер саналады. Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50% -н артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық жүйе қарапайым ж/е оңай сияқты көрінеді. Ең басты кемшілік – сайлаушылардың қалған 49% еркі, ықтияры ескерілмейді. Пропорционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы – ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс жеңіп алған мандаттың арасындағы пропорционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға даауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Европа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропорционалдық жүйесінің кемшілігі – сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 2400 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...