Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оғамның тарихи даму процесінде мемлекеттің эволюциясы



Мемлекеттің тарихи дамуына байланысты түрлері:

құлиеленушілік; феодалдық; капиталистік; социалистік; коммунизм.

Мемлекеттің шығуы туралы этнография және тарих ғылымдарының жаңа білімдер беріп келе жатқанын атап өткен жөн. Осыдан келіп мемлекеттің пайда болуының әртүрлі теориялары:

патриархалды; теократиялық; антропологиялық; қоғамдық келісім; психологиялық; органикалық; әлеуметтік экономиялық; күштеу теориясы және т.б қалыптасқан.

Мемлекеттің шығуы туралы бірден бір ертедегі түсінік патриархалдық теориялар идеясымен байланысты. Бұл теория бойынша мемлекет ерікті бірігудің негізінде құрылған үлкен отбасы ретінде, отандық биліктің қатынасы әке мен отбасы мүшелерінің қарым қатынысымен ұқсас етіліп, шағын отбасының бірігуі ретінде қарастырылады. Теократиялық теория(Аквинский, Маритен, Мерсье, және т.б) мемлекет құдайдың құдіретінің негізінде пайда болды, ал бүкіл билік құдайдан деп қарастырылады. Антропологиялық теория Аристотель еңбектерінде түсіндіріледі. Ол мемлекеттің шығуын адамның қоғамдық табиғатымен түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы бойынша (Гоббс, Спиноза, Локк, Руссо т.б) қоғамдық өмір тәртібін және оның ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында, адамдар арасында, билеуші мен бағынушылар арасында саналы түрде және еркіндікпен келісімге келу, шартқа отыру негізінде мемлекет пайда болды. Психологиялық теория (Петражицкий, Тард, Фрейд, т.б) мемлекеттің шығуын адам психикасының: белгілі бір адамдардың билік еткісі келу қажеттілігі, өзгелердің бағынуға тырысуы, еліктеуі, ал басқаларының бағындыруға, еліктеу үшін үлгі болуы іспетті ерекшелікті қасиеттермен байланыстырады. Органикалық теория өкілдерінің пікірі бойынша мемлекет бұл организм, оның бөлімдерінің арасындағы тұрақты қарым катынастар тірі жан мүшелерінің өзара байланысына ұқсас болады. Мемлекеттің шығуының әлеуметтік экономикалық теориясы (Маркс, Энгельс, Ленин, т.б) мемлекеттің пайда болуы ең алдымен мынадай әлеуметтік экономикалық себептермен, атап айтқанда, қоғамдық еңбек бөліністері, экономикалық мүдделер, әлеуметтік қоғам қайшылықтары және т.с.с. түсіндіреді.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1057 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...