Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оғамның саяси мәдениеті мен субмәдениеттердің арақатынасы



Саяси мәдениеттің әлеуметтік, этникалық, аймақтық, басқа саясат субъектілеріне тән құрылымдары қалыптасты. Олардың билікке, саяси өмірді ұйымдастыруға, бақылауға және т.б өзіндік көзқарастары пайда болды. Мұндай құрылымды субмәдениет д.а. Басқаша айтсақ, субмәдениет деп қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшелінетін саяси бағдарды айтады. Ол қоғамдық топтардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларын, этникалық, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т.с.с сияқты белгілеріне байланысты болып табылады.

Мысалы, Қазақстанда оқуға түсе алмаған ауыл жастарының көбі жұмысқа орналасып, жұмысшылар жатақханасында жүр. Олардың арасында жартылай ауылдық, жартылай қалалық саяси субмәдениеттің пайда болғанын байқаймыз. Саяси мәдениттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Ал әртүрлі саяси субмәдениеттер, керісінше, қоғамдық саяси өмірді тұрақсыздандырудың көзі болуы мүмкін қоғамдағы жағдай көбінде әртүрлі болғандықтан, субмәдениеттің де сан түрлілігі қалыпты құбылыс. Сондықтан олардың мүдделерін үйлестіріп, бастарын қосып, бірлестіре жұмыс істеуге тура келеді. Ал біздің қоғамдағы саяси мәдениетке келетін болсақ, оны тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіп отыр. Халық санасында, іс әрекетінде өткен дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да мәдениеттерінің көріністерін байқаймыз. Әркім қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосса екен.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1653 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...