Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азіргі кезеңдегі негізгі саяси идеологиялар



Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм (латын-ң - еркін) жатады. Оның негізін салушылар: Дж.Локк, Ш.Л. Монтескье, А.Смит, И.Кант, Т.Джефферсон, А.Токвель, Дж.Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеология-ң біреуі. Ол 3-ші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпыадамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Л. идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам ж/е мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Консервативтік (латын-ң - қорғаушы) идеология Ұлы француз революциясының саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Консерватизм-ң негізін қалаушыларға ағылшын философы, мемлекет қайраткері Эдмунд Берк, француз публицисі, өоғам қайраткері Жозеф де Местр, неміс тарихшысы Фридрих Фон Савиньи, Австранияның канцлері Меттерних жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге ж/е феодалдық-арестократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Билікке төбе топ, аристократиялық көзқарастар тұрғысынан қарауды бәсеңдетті. Мемлекеттің экономикалық ж/е әлеу-к қызметері едәуір шеттетілді. Жаңарған консерватизм либералдық ж/е социалистік сипаттағы бірқатар адамгершілік түсініктерді біріктіріп, қабыл алды. Коммунистік (латын - жалпы) идеялар ХІХ ғ-ң орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркс пен Ф.Энгельс Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, Жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Оладың ойынша, социализмді орнататын бірден-бір құрал – социалистік революция. Оны жасай алатын күш – жұмысшы тобы. Социал-демократия идеологиясы демократиялық социализм идеясын алға тартты. Оның басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттік, ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды экономикалық, саяси, рухани-демократия арқылы ған жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік-реттеу ролін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыру талап етеді. Фашизм (италияның - бірлестік) 1919ж. Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф.Ницще, Дж.Джентилле, О.Шпенглер. Бұл кезде капиталистік елдер терең дағдарысқа ұшыраған. Мұндай жағдайда классикалық либералдық құндылықтар адамзат іс-әрекетіне дем беріп, ынталандыра алмады ж/е қоғамды біріктіруге шамасы келмеді. Бұл идеология-ң басты ерекшелігі – еңбекшілерді жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтардың қоғамдық ж/е жеке өмірін бақылау. Қазіргі кезде фашистік идеологияны көпшілік жаратпайды. Бірақ, бірқатар елдерде жаңарған фашистік топтар пайда болуда.




Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 2048 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...