Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Емдеу тактикасы




Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:

- аурудың ұдеуін алдын алу;

- вирус эрадикациясы;

- бауыр гистологиялық суретін жақсарту;

- бауыр циррозы мен бүйрек жеткіліксіздігінің қалыптасу қаупін төмендету;

- гепатоцеллюлярлы карцинома қауіпін төмендету;

- науқастың өмір сапасын жақсарту.

Дəрі-дəрмексіз ем:

- аяушылық режим (физикалық жүктемелер, қызу, мұздауды болдырмау);
- диета №5;
- құрамында алколголь бар кез келген сусынды қабылдамау.


Дəрі-дəрмексіз ем:

Созылмалы вирустық гепатит емінде жетекші рольді вирусқа қарсы терапия ойнайды, интерферондар мен олардың аналогімен нуклеозид/нуклеотид. Процесстің белсенділігі, бауырдың клиникалық-биохимиялық жəне гистологиялық өзгерістері ескеріледі.

Вирусқа қарсы терапия үшін көрсетімдер болып табылады:

- прогредиентті жəне созылмалы ағым;

- репликация маркерлерінің болуы;

- АлАТ деңгейінің 2 еседен көп көтерілуі (СВГВ үшін);

- белсенділіктің гистологиялық белсенділігі.

Интерферонды тағайындау үшін қарсы көрсетімдер болып табылады:

- аутоиммунды аурулар;

- депрессивті жағдайлар;

- жүрек ишемиялық ауруы;

- бас ми тамырларының аурулары;

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі;

- қантты диабет;

- жүктілік;

- анемия немесе анемияны көтере алмау мүмкіндігі.

Вирусқа қарсы терапия тиімділігінің предикторлары:

- аурудың жаңа басталуы;

- жастық шақ (45 жасқа дейін);

- əйел;

- бауыр циррозы жоқ;

- микст-гепатит жоқ;

- емнің басында АлАТ анық көтерілуі;

- артық дене салмағының болмауы;

- анамнезде ИФН-терапияның болмауы.

Вирусқа қарсы терапия тиімсіздігінің предикторлары:

1. Вирус факторлары:

- генотип 1,4 HCV үшін, мутантты штамм HBV;

- жоғары вирустық жүктеме (2 млн копиядан көп, мл).

2. Ауру ерекшеліктері:

- айқын фиброз жəне цирроз;

- аралас криоглобулинемия;

- микст-гепатиттер, коинфекция HIV;

- аурудың бұрынғылығы (10 жылдан астам);

- рецидив;

3. Науқас факторлары:

- егде жас - 65 жастан жоғары;

- алкгольді көп пайдалану;

- ер;

- африкалық нəсіл;

- семіздік.

СВГВ емдеу үшін монотерапияда пегилирленген интерферондар қолданылады жəне нуклеотид/нуклеозидтер аналогтары.

Пегилирленген интерферон α2а-ның стандартты дозасы аптасына 1 реттен 180 мкг құрайды, пегилирленген интерферон α2b - 1,5 мкг/кг птасына 1 рет. Терапияның стандартты ұзақтығы – 24 апта, бірақ қазіргі уақытта 48 аптадан 96 дейін болуы мүмкін.

Альтернатива ретінде, сонымен қатар интерферонотерапияға қарсы көрсетімдер болса нуклеотид/нуклеозидтер аналогын пайдаланады (ламивудин 100 мг/тəу немесе адефовир 10 мг/тəу немесе энтекавир 0,5 мг/тəу). HBe-позитивті науқастарды емдеу сероконверсияға қол жеткенше созылады (anti-HBe пайда болуы) жəне DNA HBV жоғалуына дейін, HBe-негативті науқастарда – 24 апта бойы DNA HBV жоғалуына дейін. Сероконверсия болмаса жəне теріс сапалық ПЦР кезінде терапияның тиімділігін вирустық жүктеменің азаюы бойынша бағлайды (104 көп емес), ал терапия ұзақтығы бұл жағдайда белгісіз ұзақ болы мүмкін.

Нуклеотид/нуклеозидтер аналогтарымен емдеу фонында тұрақтылық пайда болуы мүмкін (ламивудинге), ауру ағымы нашарлайды, АЛТ жоғарылайды, вирустық жүктеме артады. Бұл жағдайда ламивудинмен əрі қарай емдеуді адефовирмен қосады.

СВГС кезінде комбинирленген вирусқа қарсы терапия интерферондармен жəне рибавиринмен. Ем ұзақтығы 1,4,5 жəне 6 генотиптерде 48 аптаны құрайды, ал 2 жəне 3 генотиптерде – 24 апта. Пегилирленген α2а интерферонның стандартты дозасы аптасына 1 реттен 180 мкг, пегилирленген интерферон α2b - 1,5 мкг/кг аптасына 1 рет. Вирусты гепатитпен науқастарда қосарланған холестаз болса урсодезоксихол қышқылының (500-1000 мг/тəулігіне) тиімділігі дəлелденген.

Айтарлықтай, түзетуге келмейтін жанама əсер туындаған кезде (лейкопения 1,8, тромбоцитопения 80, ауыр дəрежелі анемия, терең депрессия, аутоиммундық аурулар), терапияны тоқтату туралы сұрақты шешу қажет. СВГС кезінде терапияны 12 апта емнен кейін вирусологиялық жауап болмағанда тоқтатады.

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. Пегилирленген интерферондар α2а и α2b

2. Ламивудин 100 мг

3. Рибавирин 200 мг

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

1. Урсодезокисхол қышқылы 250 мг

2. Адеметионин 400 мг

3. Адефовир 10 мг

4. Энтекавир 0,5 мг

5. Лактулоза 200,0

Ем тиімділігінің индикаторлары

Ем тиімділігін бағалау үшін келесі түсініктерді пайдаланады:

1. Биохимиялық жауап – ем əсерінен АЛТ қалыпқа келуі.

2. Вирусологиялық жауап - HCV RNA жəне HBV DNA жоғалуы, сероконверсия HbeAg.

3. Толық жауап – биохимиялық жəне вирусологиялық жауаптардың бірлесуі.

4. Толық емес жауап – не биохимиялық, немесе вирусологиялық жауаптың болуы.

5. Ем аяқталған уақыттағы жауап – ем тиімділігін курс аяқталған кезде бағалайды.

6. Тұрақты жауап – АЛТ қалыпты деңгейін сақтау жəне HCV RNA жəне HBV DNA ем курсы аяқталғаннан соң 6 айдан кейін теріс нəтижелері.





Дата публикования: 2015-01-24; Прочитано: 498 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...