Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Билет №102



Тактика врача-терапевта при синдроме гепатита

Гепатит синдромы кезінде дәрігер-терапевттің тактикасы.


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез
СВГВ жиі жағдайда астеновегетативті синдром белгілерімен өтеді, науқастарды əлсіздік, шаршағыштық, ұйқысыздық немесе тұмау тəрізді синдром, бұлшықеттік жəне буындық ауырсынулар, жүрек айну мазалайды. Сирек жағдайда эпигастральді аумақтағы ауырсыну, диарея, терілік бөртпе, сарғыштану.

СГС көптеген науқастарда сарысулық трансаминазаның жоғары деңгейі фонында ауру көбінесе симптомсыз өтеді немесе астеновегетативті синдром құбылыстарымен. Сирек жағдайда жүрек айну, тəбеттің жоғалуы, теріде қышу, артралгиялар мен миалгиялар байқалады.


Физикалық тексеру:

Физикалық тексеру кезінде негізгі объективтік симптом болып табылады: гепатомегалия, бауырдың тығыздануы. Процесстің жоғары белсенділігінде, сонымен қатар бауыр циррозында спленомегалия, кейде – лимфаденопатия, бауырлық белгілердің болуы мүмкін (пальмарлы жəне өкшелік эритема, тамырлық жұлдызшалар, гиперпигментация).

Инструменталдық зерттеулер:

1. Бауыр биопсиясы (гепатит белсенділігі мен стадиясын бағалау).

2. Эндоскоптық зерттеу, өңешті баримен контрастты зерттеу (өңеш веналарының варикоздын кеңеюі).

3. Гепатобилиарлы жүйені ультрадыбыстық зерттеу (гепатомегалия, спленомегалия, бауыр құрылымының өзгеруі).

4. Бауырлық жəне порталдық қан келуді доплерграфиялық зерттеу.

5. Мұнан да анық бағалау үшін компьютерлік немесе магниттік-резонанстық томография.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:

Порталды гипертензияның қалыптасуы жəне үдеуі: спонтанды бактериалды перитонит, порто-жүйелік энцефалопатиялар, гепато-ренальді синдром, гепатопульмональді синдром, цистопениямен екіншілік гиперспленизм (сүйек кемігінің аплазиясы), коагулопатия (тұтыну), ДВС-синдром.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

- Қан мен зəрдің жалпы анализдері;
- Копрограмма;
- Бауырдың биохимиялық сынамалары (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза, ГГТП немесе ГГТ, билирубин, қан сарысуының белогы, коагулограмма немесе протромбиндік уақыт, креатинин немесе мочевина), серологиялық маркерлер (HBsAg, HBeAg, анти-HBc, HBe IgG, анти-HBc IgM, анти HBe IgG, DNA HBV, анти-HCV total, RNA HCV, анти-HDV, RNA HDV;

- Гепатобилиарлы жүйені ультрадыбыстық зерттеу;

- Өңеш, асқазанды эндоскоптық зерттеу.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

- Бауырлық жəне порталдық қан келуді доплерграфиялық зерттеу;

- Компьютерлік томография – бауыр құрылымын анық бағалау үшін;

- Магниттік-резонанстық томография;

- Бауыр биопсиясы;

- Өңешті баримен зерттеу.





Дата публикования: 2015-01-24; Прочитано: 376 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...