Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жедел ішек өтімсіздігі. Балаларда ерекш



Жедел ішек өтімсіздігі – асқорыту трактысы бойымен ішектік құрам заттың пассажының бұзылысы.

Классификация: ұзақтығы бойынша: жедел, созылмалы.

Даму механизмі бойынша: механикалық(странгуляциялық, обтурациялық), динамикалық (паралитикалық, спастикалық), аралас(спайкалық, инвагинационды).

Локализациясы бойынша: жіңішке ішектік, тоқ ішектік.

Клиникалық ағымының 3 кезеңі: айқын симптоматика, жалған жақсару,асқыныстар дамуы.

Диагностика:

Міндетті қойылатын сұрақтар: ауырсынулар қашан басталды? Қалай басталды?(көбіне кенет дамиды, ұстамалы ауырсынулар)

Құсу болды ма? (көпретті лоқсу, құсу, жеңілдік әкелмейтін)

Анамнез жинау (абдоминальды операциялар, ісіктер)

Объективті: тері жамылғылары боз, суық тер, тілі құрғақ, ақ жабынмен жабылған.

ЖЖЖ: тахикардия, АҚ гипотония.

Іші: іштің керілуі, нәжіс пен газдың тоқтауы,перкуссияда тимпанит.

Пальпация ауырсынумен.

Жедел ішек өтімсіздігінің белгілері: Вааля –ішек ілмегінің локальды керілуі, оның үстінде тимпанит.

Скляров – алдыңғы іш қабырғасын әлсіз соққылағанда жіңішке ішекте толып тұрған сұйықтық шуы естіледі.

Ректальды зерттеу: обухов ауруханасы симптомы – тік ішектің кеңейген және бос ампуласы төменгі тоқ ішектік өтімсіздікті білдіреді.

Ем

ЖІӨ науқасын аурухананың хирургиялық бөліміне жедел тасымалдайды.

Транспортировка больного на носилках, чтобы обеспечить іштік ауру интенсивтілігін азайтатын максималды тыныштықпен қамтамасыз ету үшін науқасты носилкамен тасымалдайды.

Балаларда ерекшеліктер:

Туа пайда болған ішек өтімсіздігі: Атрезия, ішек мальротациясы, эмбриональды спайкалармен, аномальды орналасқан шажырқай тамырларымен қысылуы. Туылғаннан соң алғашқы күндері көріне бастайды.

Жүре пайда болған ішек өтімсіздігі. Жиі кездесетіні: спайкалық і.ө., ішек инвагинациясы, динамикалық өтімсіздік.

спайкалық і.ө ерте кезеңде эксикоз белгілері көрінеді, қатты ауырсынулар, көпретті құсу,перистальтика кенет төмендеген немесе жоқ.

Инвагинация: іштің ұстамалы ауырсынуы, бір-екі ретті құсу, нәжіс тоқтауы, тік ішектен қанды бөліністер, іштің пальпациясы кезінде «ісік» сезіледі. Көп жағдайда ауру кенеттен басталады, бала өзін жақсы сезініп жүріп кенет мазасыз болып, жылайды, тамақтан бас тартады. Бет әлпеті қиналуды білдіреді. Ауырсыну ұстамалары қысқа уақыттық тынышталумен(3-5мин) алмасады, кейін құсу пайда болады. Дене температурасы көбіне қалыпты болады. Бірінші сағаттарда нәжісі қалыпты болып, кейін нәжістің орнына қан аралас шырыш бөлінеді(қанайналым бұзылысы). Кеш диагностикада баланың іші керіліп, пальпацияда ауырсынады.

Динамикалық өтімсіздікте қайталамалы жасыл аралас құсу, іштің керілуі, нәжіс пен газдардың тоқтауы, айқын интоксикация байқалады. Көкеттің жоғарылауынан тынысы қиындайды.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 3539 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...