Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөлім. Ресей империясының құрнамындағы Қазақстан



Тақырып 3.1.: Қазақ жерлерінің Ресейге қосыла бастауы

XVII ғ. аяғында - XVIII ғ. басында Тәуке хан белгілі қазан хандары Қасымның, Хақназар мен Тәуекелдің кезінде территориалды бірлікті қалпына келтіре алды. Тәуке 1715 ж. күзінде қайтыс болды, Әбілхайыр сұлтан 1723 жылдан бастап Кіші жүздің іс жүзіндегі билеушісіне айналды. Ол жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресін ұйымдастыру мен дамытуда маңызды роль атқарды, қазақ қоғамындағы жоңғарларға қарсы күштердің шоғырлануына мүмкіндік тудырды.

XVIII ғ. бірінші жартысында қазақтар үшін үлкен қауіп Жоңғар хандығынан төніп тұрды. Жоңғар хандығы Шыңғысхан империясының әскери-әкімшілік қағидасы бойынша ұйымдастырылды. XVII ғ. аяғында-ақ жоңғар әскерінің қарулануында фитилі бар отты қару, артиллерия болды.

1711-1717 жж. жоңғар әскерлері Жетісудың бір бөлігін басып алды, Орталық Қазақстанда Сарысу ө. дейін жетті. 1711 ж. үш жүздің әскери күштері жауға тойтарыс берді. Жоңғарлар шегінді.

«Ұлы апат жылдары» (Ақтабан шұбырынды) атанған, Жоңғар хандығының агрессиясы орны толмас зиян келтірді. «Ұлы апат жылдарын» (1723-1727 жж.) қиратушы салдарынан XIII ғасырдың басындағы моңғол шапқыншылығымен ғана салыстыруға келеді. 1725 ж. жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулап алды.

1726 жылы Сарысу ө. орта ағысында, Бұланты ө. құйылған жерінде, қазақтың бірлескен әскері жоңғарларды жеңіліске ұшыратты. Бұл алғашқы ірі жеңіс болды. Шайқас орны халық жадында «қалмақ қырылған жер» деген атпен сақталды.

1729 жылдың көктемінде Аңырақау аймағында, Балқаш көлінің оңтүстігінде жоңғарлар талқандалды. Бұл жер «жаудың ыңырсып, еңіреген жері» атанды.

Сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі Әбілхайыр ханды Ресейден көмек сұрауға итермеледі. Ресей империясына жүгіне отырып, Әбілхайыр Кіші жүзді жоңғарлардың, қалмақтар мен башқырлардың шапқыншылығынан қорғауды көздеді. Әбілхайыр ресей әкімшілігіне жүгіне отырып, өзге Чингизидтерден асып түсуге тырысты.

Қазақстанға сыртқы істер коллегиясының аудармашысы А. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді және 1731 жылдың 10 қазанында Әбілхайыр хан және 27 старшина ресей бодандығын қабылдады.

1741-1742 жылдардағы Қалдан-Цереннің ірі шабуылы қазақ хандықтарының жағдайын күртушықтырды.

Бақылау сұрақтары:

1. Тәуке хан және оның заңдар жинағы.

2. XVI-XVII ғғ. қазақ-жоңғар қатынастары. Қазақ-жоңғар соғыстарының шежіресі және «Ұлы апат жылдары».

3. Қазақ хандарының аттары мен әрекеттері.

4. Қазақ жерлерінің Ресейге қосыла бастауы мен алғышарттары.

Тақырып 3.2.: XVIII ғ. және XIX ғ. ортасындағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Ірі сауда орталықтарының бірі - Орынбор. XVIII ғ. екінші жартысында қазақ-орыс саудасының орталықтарына Ямышевск, Железинск, Омск, Семей, Өскемен, Бұқтырма (1761 ж. негізі қаланды) сияқты Жоғары Ертіс бекіністері және өзге әскери-инженерлік бекіністері айналды. Олар бастапқы әскери-қорғаныс қызметтерінен айырылды және саудалық маңызға ие болды.

Орта жүз сұлтандары Абылай және Әбілфаиз 1760 ж. Ямышевск бекінісінде саудаға рұқсат сұрады. 1763 ж. 24 желтоқсанында Сібір желісінің барлық казактарына баж салағын алып, қазақтармен тауар алмасуға рұқсат берілді. Ямышевск және Семей бекіністеріне қарағанда, Орынбор және Троицк кедендеріндегі баж салығының сомасы жоғары болды. 1767 ж. 15 қарашасында Түркістанның бұхар саудагерлеріне Семей және Ямышевск бекіністерінде еркін саудаға рұқсат берілді.

1769 ж. үкімет Ресейде жеткілікті көлемде шығарылатын тауарларды бекіністерде шетел саудагерлерінің сатуына тыйым салды.

60-70-ші жылдары шыққан, шалғай ресей губернияларынан ғана емес, Орта Азия, Қытай саудагерлерін қызықтырған, ірі сауда орталықтарының қатарында Петропавловск (Қызылжар) болды.

Орал, Сібір және Орынбор казак әскерлерін құру, байырғы халықтың қоныстарын жою, Оралда, Ешімде, Ертісте және өзге аудандарда көптеген әскери-бекініс базаларын кеңінен тұрғызу аймақтағы Ресей империясының отарлаушы позицияларын нығайтты. Үкіметтің мақсаты жергілікті халықты туған қоныстарынан біртіндеп ығыстырудан және босаған аудандарды казактармен қоныстандырудан тұрды.

1756 ж. 2 қазанында Орынбор әкімшілігі Жайықтың оң жағалауында көшіп-қонуға тыйым салды. Ертістің оң жағалауында, бекіністер орналасқан аймақта мал бағуға тыйым салынды. Қазақстан орыс бекіністеріне 10 кем, кейіннен 50 шақырымға жақындауға рұқсат етілмеді.

Бекіністерде драгундарды, башқұрлардан шыққан казактарды, сонымен қатар жер аударылған қоныстанушыларды қоныстандырды. 1762 ж. әскери-бекініс пункттерін «кісенделгендермен» (тұтқындармен) және отставкадағы төмен әскери шенділермен қоныстандырды. Олардың әрбіреуіне 20-30 десятина жерден берілді.

I Павелдің Жарлығымен 1799 ж. 26 қарашасында Орта жүз қазақтарына бос жерлерде көшіп-қону үшін Ертістің оң жағалауына көшуге рұқсат етті.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тарихындағы Абылайханның тұлғасы.

2. Тарау бойынша дербес талдау.

3. XVIII-XIX ғғ. қазақ қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуына сипаттама беріңіз.

Тақырып 3.3.: Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. 1783-1797ж.ж. Кіші жүздегі көтеріліс

1773-1775жж. шаруалар соғысына Кіші және Орта жүз қазақтарының белсенді қатысуы патша өкіметін қосылған территорияларды нығайту бойынша бірқатар шаралар жүргізуге итермеледі.

Көтеріліске шыққандың негізгі қозғаушы күштері қазақ шаруалары болды. Көтеріліске шыққандарға өз иеліктерінен айырылған старшиналар, ру басылары, билер қосылды. Кіші жүздің барлық негізгі рулық бөлімшелері көтеріліске белсене араласты: Шекті, Төртқара, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт.

Көтеріліске шыққандардың басты мақсаты жерлерді қайтарып алу және отарлап басуды тоқтату болды. Нұралы ханның озбырлығын шектеу жайлы антифеодалдық талаптар да болды. Датұлының ашық күресі 1783 ж. күзінде басталды. 1784 ж. қараша айында Сырым Датұлы туының астында мыңнан аса сарбаз шайқасты, 1785 ж. олардың саны 7 мың болды.

Колпаковтың казак тобы бейбітшіл ауылдарды бір-біріне қарсы қойып, Беріш және Адай руларына шапты. 1785 ж. көктемінде премьер-майор Назаровтың жазалау отряды Табын руының қазақтарына шабуыл жасады. Айшуақ сұлтанның ұлы Атақ қаза болды, ал Айшуақ сұлтанды Назаров Орал түрмесіне жапты.

Нұралы хан және оның маңындағылар казак жазалау отрядтарына ашық қолдау көрсетті. Нұралы 1786 ж. көктемінде Орал казак линиясына қашты. Уфаға жер аударылған ол 1790 ж. қайтыс болды

Сібір, Уфим және Орынбор өлкелерінің намангері барон О.А. Игельстром үкіметке хан билігін жою және жаңа басқару жүйесін енгізуді ұсынды. Алайда Франциядағы монархияның құлауы, Ресейде антимонархиялық рухтың өсуі, монархиялық биліктің теріген шайқалтқан, Игельстромның реформасынан патша өкіметін бас тартуға мәжбүрледі.

Ірі қазақ феодалдарында орыс үкіметінің реформасын қабылдау бойынша еш позициясы болмады. Сырым Датұлы билікті билер кеңесіне беруді ұсынды. Феодалдардың бір бөлігі құрылтайды (халық жиналысын) жандандыруды ұсынды және хан билігін жоюға қарсы болды. Олар Әбілхайырдың қарсыласы (Нұралының әкесі), Батыр сұлтанның ұлы, Қайып сұлтанды қолдады. Сырым Датұлы бұл топқа қарсы Игельстром реформасының жобасын қолдады. Осы жерде Сырым Датұлы тиянақсыздық білдірді: жобаны қолдаймын деп, бастапқы позицияларынан алшақтады, бірақ патша өкіметін қолдаудан аулақ еді.

90-шы жылдары көтеріліс қайта жанданды..

1791 ж. Кіші жүз ханы болып Ералы сайланды. Сырым оны қабылдамады. 1794 ж. Ералы ханның өлімі, Нұралының ұлы, Есім сұлтанды хан ету, 1796-1797 жылдардағы жұт халық наразылығын тудырды. 1797 жылдың 17 наурызында Сырым Датұлының бір отряды хан ставкасына шабуыл жасады. Есім хан өлтірілді. Донской және Скворкин жазалаушыларына Бөкей сұлтанның жетекшілігімен 800 қазақ қосылды.

Нұралыны жақтаушылар тобы Нұралының ұлын, Қаратайды хан етіп тағайындады. Олар Сырымды ресей жағында деп айыптады. Нұралы ұрпағын хан етіп тағайындау оның жауларының көтеріліс жағына көшуге итермеледі. Хан кеңесіндегі Сырым ықпалының күшеюі Орынбор әкімшілігінің алаңдаушылығын тудырды. Үкімет хан билігін қалпына келтіру туралы шешімге келді. О.А. Игельстромның ұсынысы бойынша хан тағына қартайған Айшуақ сұлтан отырғызылды.

1797 жылы Сырым маңындағылармен хиуа шектерінен өтіп кетті, 1802 ж. қайтыс болды.

Көтерілістің тарихи маңызы: ең ірі отарлауға қарсы көтеріліс болды; Ресейдің басты мақсаты – жерлерді отарлау екенін дәлелдеді; жаппай халық көтерілістерін ұйымдастыруда руаралық қайшылықтардың қауіптілігін көрсетті.

Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін, қазақ шаруаларының алынған жерлерді қайтару үшін күресі толастамады. Үкімет 1801 жылдың 11 наурызында қазақтарға Оралдың оң жағалауына көшуге рұқсат етті, бұл 1783-1797 жж. көтерілістің салдары болып табылады. Сырым Датұлы халық жадында ірі халық көтерілісін ұйымдастырушы, тамаша саясаткер, оратор ретінде сақталды.

Бақылау сұрақтары:

  1. XVIII-XIX ғғ. қазақ қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуына сипаттама беріңіз.

2. 1822-1824 жж. отарлау реформаларының мәні неде.

Тақырып 3.4.: Отарлау саястына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Бөкей ордасындағы 1836-38жж. көтеріліс.

Император I Павелдің 1801 жылғы жарлығымен Волга мен Жайықтың арасында Ішкі Орда құрылды. Оның екінші атауы – Бөкей хандығы – алғашқы хан Бөкей атымен аталған. Ресейдің қарамағындағы хандықты құру империяның саяси ықпалын кеңейтті, ал хандықты басқару тәжірибесі басқа қазақ территориялары үшін де жарар еді. Сонымен қатар қазақтармен сауда-саттықтың экономикалық пайдасы да болды.

Басқару жүйесінің өзгеруі, қысымның күшеюі, салықтардың артуы қазақтардың өміріндегі дәстүрлі құқықтың әлсіреуіне, биліктің күшеюіне және халықтың ерігін басуға алып келді. Көтерілістің себептері: феодалдардың билеп-төстеуі, Жәңгір ханның халыққа қарсы саясаты, салық ауыртпалықтары, қос қанау. Қазақтар көшіп-қону үшін, шөп жинау үшін және орыс помещиктерінің жерлерінен өткені үшін төлеуге мәжбүр болды. Көтерілістің сипаты: антифеодалдық, отарлауға қарсы.

Көтерілістің үш кезеңі:1833-1836 – көтеріліс алғышарттарының қалыптасуы; 1837 – көтерілістің дамуы, жазалау әскерлерімен қақтығыстар; 1837 жылдың желтоқсаны - 1838 жылдың шілдесі – көтеріліске шыққандардың әлсіреуі және жеңлісі табуы.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші - ша­руа. Старшиналардың, билердің бірқатары қатысты, бірақ кейіннен билік жағына көшті. Жетекшілері: старшиналар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы. Исатай Тайманұлын 1812 жылы Бөкей хан Беріш тайпасының Жайық бөлімшесінің старшинасы етіп тағайындады. Исатай 1817, 1823 ж. Орынбар генерал-губернаторының жала жабуымен сотқа тартылды, ақталды. Әйгілі ақын Махамбет Өтемісұлы Беріш тайпасының старшинасы болды, орыс тілін білді, хан отбасының маңайласы болды.

1836 жылдың 13 желтоқсанында Жәңгірдің жақтастарынан шамамен 100 адам Махамбеттің ауылдарына шабуыл жасады, малды айдап әкетіп, мүлікті тонады. Орынбор шекара комиссиясы 1837 жылдың 30 наурызында Исатай мен Махамбетті ұстауды талап етті.

Император I Николай «бүліктің» жетекшілерін жазалауды талап етті. Перовский Покотиловпен және Жәңгірмен бірге подполковник Гекеге көтерілісті басуды тапсырды.

1837 жылдың 15 қазанында Исатайдың жасақтары Теректіқұм жерінде Балқы Құдайбердіұлы бидің ауылын талқандады. 24 қазанда Исатайдың 1500 жігіті хан ауылына қауіп төндірді. Қазан айының аяғына қарай 20 мың көтерілісшілер хан резиденциясын қоршап алды, бірақ подпол­ковник Геке 600 адаммен сарай блокадасынан өтті.

1837 ж. 9 қарашада Геке 400 қазақтан тұратын отрядпен, 700 казакпен, 2 зеңбірекпен, Тастөбе жерінде Исатайды талқандады. Көтірілісшілердің малы Гекенің бұйрығымен Жәңгірдің феодалдары мен сұлтандарының арасында бөлінді. Исатайдың Кіші жүзге оралуы Кенесары Қасымұлының көтерілісімен тұстас болды. Көтерілген екі күштің бірігуінен қауіптеніп, Перов­ский бар күшін Исатайды талқандауға бағыттады. 1838 ж. 12 шілдеде Ақбұлақ жерінде соңғы шайқас өтті. Көтеріліс талқандалды. Ауыржарақат алған Исатай атып өлтірілді. Көтерілісшілердің бір бөлігі Махамбет бастап, күресті жалғастырды.

Жеңілістің себептері: бүлікшілердің ыдырауы, қару мен дағдыда жазалау отрядтарының артықшылығы, көтерілісшілердің бір бөлігінің толқуы, олардың Жәңгір ханның жағына көшуі.

Көтерілістің жағымды салдары: сұлтандар, хан пайдасына салықты жыл сайын өсіруге шектеу қойылды. Көтеріліс хан сарайының әлеуметтік негізін әлсіретті, үкімет мұнда хан илігін жоюға бет бұрды. Көтерілістің тарихи маңызы: азаттық, отарлауға да, әлеуметтік қанауға да қарсы бағытталған, қазақ шаруалары мен Ресейдің езілген халықтарының бірлескен азаттық күресінің негізін қалады.

Бақылау сұрақтары:

  1. XVIII-XIX ғғ. қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері, мәселелері мен қорытындылары.

Тақырып 3.5.: Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Кенесары хан көтерілісі

Көтерілістің басты себептері: тонау мақсатында қазақ жерлеріне хиуа жорықтары, Қоқанд хандығының озбырлығы және бұйрықтар жасау үшін орыс патша өкіметінің жерлерді алуы.

XIX ғасырдың 30-40-шы жылдары Қазақстанның айтарлықтай территориясын қамтыған, ең ірі көтеріліс, Абылайдың немересі, Кенесары Қасымұлы (1802-1847) басқарды. Кенесарының көзқарастарына оның әкесі, Қасым сұлтан әсер етті.

Көтерілістің басты мақсаты: патшалық Ресейдің құрамына енбеген Қазақ облыстарының дербестігін сақтау, қазақ жерлерінің отарлануын тоқтату. Сонымен қатар, қазақтарды қоқандтықтардың билігінен азат ету.

Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды, үш жүздің қазақтары қатысты. Сұлтанды Орта жүздің Ағгын, Қыпшақ, Керей тайпалары, Найман тайпасының Бағаналы руы, Кіші жүздің Төртқара, Шекті, Жаппас, Тона, Табын, Жағалбайлы тайпалары, Ұлы жүздің Дулат, Жалайыр тайпалары қолдады. Басты қозғаушы күш қаза шаруалары болды. Кенесарының сенімді жақтастары: оның ағасы Наурызбай, әпкесі – Бопай ханша болды. Бұрынғы дәреже мен билікті қайтарып алуға үміттеніп, көтеріліске 80 сұлтан, би қатысты. 1837 жылдың қарашасында Кенесары Петропавлдан шыққан керуенге қосақталған, Ақтау бекінісі казактарына шабуыл жасап, ашық көтеріліс көрсетті. 1838 жылдың көктемінен көтерілісшілердің патша отрядтарымен қақтығыстары жиіледі. 1838 жылдың 26 мамырында Кенесары жасақтары Ақмола бекінісін өртеді. 1838 жылдың жазы мен күзінд көтеріліс Орта және Кіші жүзді қамтыды. Қозғалысқа би Жоламан Тіленшеұлы қосылды.

1841ж. тамызында Созақты қоршауға алу және бірнеше қоқанд бекіністерін алу көтерілісшілерді шабыттандырды, олар Кенесарының хан етіп сайлады.

1843 жылдың маусымында патша I Николай көтерілісті басу үшін, үш жүз казактан тұратын Лебедев әскери старшинаның жасағын жолдауға рұқсат берді. 1843 жылдың тамызында Кенесарыға қарсы сұлтан Жантөреұлының жетекшілігімен 5 мың адамнан тұратын екінші әскери топ құрылды. 1843 жылдың 1 және 7 тамызындағы Кенесары сарбаздарының Орынбордан шыққан әскери күштермен қиян-кескі шайқасы нәтижесіз аяқталды. 1844 жылы шілденің 20-нан 21 қараған түні Кенесары Жантөреұлының жасағын талқандады.

Бұл орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөздер бастауға мәжбүрледі. Кенесары округтік бұйрықтарды жоюды, Абылай хан тұсындағы дербестікті қалпына келтіруді, алым алуды тоқтатуды талап етті. Патша елшілерінің талаптары Қазақстанды бұрынғы қалыпта қалдырумен шектелді, олар қабылданбады. 1845 жылдың жазында Ырғыз бен Торғай бойынша бекіністер салу жалғасты.

Кенесары Қоқанд хандығына қарсы Орта жүз руларына көмек көрсетті және солардан өз сүйенішін көрді. Кенесары туған жерлерін қалдыруды қаламаған, сонымен қатар көтерілістен шығуға шешім қабылдаған ауылдарды қыспаққа алды және талқандады.

Кенесары ұйымдастырған мемлекет феодалдық болды. Хан және оның әлеуметтік тірегі - ақсүйектер бүкіл қазақ жерін өзінің меншігі деп қарады. Кенесары сүйенген басты топ – бұл билер, старшиналар мен батырлар. Кенесары құрған хан кеңесінің әскери тірегі батырлар болды. Хан кеңесі жақын туыстардан, билерден, батырлардан және сұлтандардан тұрды. Билік ханның қолында шоғырланды. Кенесары билер сотының орнына хан сотын енгізді. Арнайы топ қаржы мәселелерімен айналысты. Сауда керуендерінен кеден баждарын және салықтар жинады. Ірі феодалдардың малы мен мүлігін бөлу және тарату оның көмекшілерінің қолында болды.

Арнайы орган ауылдарда Кенесарының жолдауларын тарату және түсіндіру үшін жауапты болды. Кенесары егіншілікке көшуді қолдады, өйткені орыс қоныстарымен байланыс үзу бидаймен қамтуда қиындықтар тудырды.

Сатқындық үшін бір жаза - өлім қолданылды.

1845 ж. қазаны мен қарашасында Созақ, Жаңа-Жүлек және Қорған бекіністерін алынды. Бухана мен Қоқандтың арасында көтерілісшілерге қарсы күрес туралы келісім жасалды. Кенесары қарсыластарының арасында атақты билеушілер Құнанбай Өскенбайұлы, Барақ Солтабайұлы, Ұлы жүз батырлары Тайшыбек, Саурық, Сұ­раншы Кенесарыны қолдады.

1847 жылы Кенесары қырғыз жерлеріне басып кірді. Көтерілістің отарлауға қарсы сипаты өзгерді. Қырғыз ауылдарын тонау жауапты өшпенділікті тудырды. Майтөбеде (Бішкек маңында) Кенесары қырғыз манаптарымен қоршауға алынып, жеңіліске ұшырады.

Көтерілістің жеңілуіне себеп болған: 1) саяси және руішілік бірікпеушілігі. Қазақ рулары өз шектерінде көтерілісті қолдады. 2) Ресей империясынан жеңілідктер алған сұлтандар мен билер феодалдық мемлекеттің құрылуын қаламады. 3) Кенесарының озбырлығы және оны қолдамаған ауылдрады қатаң жәбірлеу. 4) Кенесары Бухараға және қоқанд феодалдарына қарсы күрес жүргізді, ол патшалық Ресейге қарсы күштердің шоғырын құра алмады.

Көтерілістің тарихи маңызы: үш жүзді қамтыған, отарлау езгісіне қарсы ең ірі көтеріліс; ол XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресей халықтарының азаттық күресінің құрамдас бөлігі болды; қазақ қоғамының ішкі қайшылықтарының патша өкіметінің саясатына тәуелділігін көрсетті.

Бақылау сұрақтары:

  1. 1822-1824 жж. отарлау реформаларының мәні неде.

2. XVIII-XIX ғғ. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері, мәселелері мен қорытындылары.

Тақырып 3.6.: Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы батырлары бастаған көтерілістер.

Хиуа хандығының сырдария қазақтарына билік орнатуға ұмтылысы, әскери күштердің салық жинауға бағытталуы, бекіністер салу үшін арал маңы қазақтарының зорлап шоғырландырылуы – осының барлығы көтерілістердің себептері.

Батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы 1843 жылы Қуаңдариядағы қоқанд бекінісін талқандады, 1845 жылы хиуа әскери жасағын жойды.

1853 жылы орыс әскерлері Ақмешітті алды, Сырдария әскери желісі пайда болды. Райымнан (Аралдан) Ақмешітке дейінші территория патша әскерлерінің бақылауны көшті. Алымдар алу күшейді. Қос қанау кедейлікке алып келді. Қазақтарды бекіністер салуға мәжбүрлеу 1856-1857 жылдардағы көтерілістің себебіне айналды, оны Жанқожа батыр басқарды. Ол Жаңақаланы көтерілістің орталығына айналдырды. 1857 жылдың 9 қаңтарында Арықбалық шатқалында Фитингоф жазалау жасағы бүлікшілерді талқандады. Көптеген қазақ сұлтандары, старшиналар мен дәулетті тұлғалар патша үкіметінің билігін қабылдады.

1847 жылдың 18 маусымында Жем (Үмбі) өзенінің ауданында батыр Есет Көтібарұлы Орынбордан шыққан жазалау жасағына шабуыл жасады. Тек 1858 ж. Есет-батыр патша билігін қабылдады.

XIX ғасырдың 50-ші жылдары Қоқанд хандығы көптеген салықтар жинап, Оңтүстік Қазақстанның халқын қанады. Борышкерлердің балалары Орта Азия базарларында сатылды. 1858 жылдың көктемінде көтерілісшілер Әулие-Атадағы, Шымкенттегі, Тоқмақтағы қоқанд горнизондарын қоршауға алды. Пішпек түбінде бүлікшілер қоқанд әскерлерін талқандады. Көтеріліс стихиялы, әлсіз ұйымдасқан болды. Қазақ феодалдары қоқанд блеушілерімен келісімге барды. Худияр ханның тарапынан көнуден кейін, Ташкент билеушісін ауыстырудан кейін, 1858 жылдың жазында көтеріліс тоқтатылды. Бағынбағандарға қарсы әскерлер жолданды.

Бақылау сұрақтары:

  1. XVIII-XIX ғғ. қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдері, мәселелері мен қорытындылары.
  2. Е.Көтібарұлы мен Ж.Нұрмұхамедұлы көтерілістерінің мәні.

Тақырып 3.7.: XIX ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік реформалар. Қазақстан – Ресей империясының отары

XIX ғ. 30-40-шы жылдары хиуа және қоқанд хандары Ресейдің құрамына Қазақстанның оңтүстігіне енуінің алдын алуға тырысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі Ресей ықпалының күшеюінің кепілі әскери бекіністер салу болды. Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь (Аягөз), Лепсинск (Лпсі) бекіністері салынды. Олар Іле аймағына жылжу үшін Ресейдің тірек орындарына айналды.

Ұлы және Орта жүздің оңтүстік аудандары 50 - 60-шы жж. басында Қоқанд билігінде болды. Подполковник Карбышев жасағы 1851 ж. Таушыбек бекінісін – Қаскелең өзенінің төменгі сағасындағы тірек пунктін алды. Орынбор генерал-губернаторы Перовский 1853 жылы Ақмешіт бекінісін алды. Іле өлкесіне қарай жылжуға жол ашылды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт Сырдария және Сібір әскери желілерін біріктіруді ұсынды. 1853 жылдың көктемінде Көксу және Іле өзендерінің арасында пикеттер тұрғызу басталды.

1854ж. көктемінде Алматы ортағасырлық қонысының орнына Верное бекінісі салынды. 1855 жылы Ұлы жүз ставкасының резиденциясын Қапалдан Верныйға көшіру оны Жетісу өлкесінің басты қонысына айналдырды.

1867 жылдың 11 шілдесінде II Александр 1867-68жж. реформаларды бекітті.

.

Қазақтардың бүкіл территориясы үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Орал және Торғай облыстары Орынборға, Ақмола және Семей Батыс Сібірге, Жетісу және Сырдария Түркістан генерал-губернаторлығына қарады. Бөкей хандығының территориясы 1872 жылы Астрахань губерниясының құрамына енгізілді, ал Маңғыстау (Манғышлақ приставы) кейінне Каспийдің ар жақ облысына енгізілді. Түркістан генерал-губернаторына Қытаймен және Иранмен дипломатиялық келіссөздер жүргізу құқығы берілді.

Облыстар уездерге бөлінді. Уездер болыстарға, ал болыстар 100-200 үйден тұратын, ауылдарға бөлінді. Ақсүйектерден іріктелгнен болыстықтар мен ауылдықтар жоғары отарлау басшылығымен бекітілді. Шыңғысханның ұрпақтары – сұлтандар - өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді және салықтан босатылды. Бұдан реформаның кластық мазмұны құралды.

1867-1868 жж. реформа бойынша әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар ұйымдастырылды. Әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты Қазақстандағы отаршыл сот жүйесінің ең төменгі буыны болды, әскери-уездік соттардың ролі маңыздырақ болды.

1867-1868 жылдардағы реформалар өлкенің байлықтарын игерудің алғышарттарын құрды. Капиталистік құбылыстар шаруашылық және әлеуметтік өмірге енді, әлеуметтік жіктелуі, жатачества қалыптасуы күшейді.

Реформалар қаза даласының отаршыл тәуелділігін күшейтті. Бекіністер тұрғызу үшін, жерлер алынды, салықтар артылды. Ақсүйектер бағыныштыларына әкімшілік қысымды күшейтті. Қазақ көшпенділері алып жатқан жерлер, үкіметтің бұрынғы заңды құжаттары мен уәделеріне қарамастан, мемлекеттік меншік деп жарияланды.

Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс. Адай-қазақтарға жайлауларды пайдалануға тыйым салды. Адайлықтардан өткен жылүшін алымды жаңа бағамен төлеу талап етілді. Көшпелі адайлықтардың жайлауларында – Жем өзенінің аңғарында – бекіністер тұрғызды.

Пристав Рукиннің адайлықтарды «Ережені» қабылдауға мәжбүрлеуі көтеріліске себеп болды. Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин 1870 жылдың 16 наурызында адайлықтардың көшіп-қонуын тоқтату үшін далаға аттанды. Бозашы түбегінің ауданында 200 көтерілген қазақты 30 қарумен Досан Тәжұлы мен Иса Тіленбайұлы басқарды. 22 наурызда қазақ бүлікшілері жасақты қоршады, 24 наурызда жасақтың қалдықтары берілді, ал подполковник Рукин өзін атып өлтірді. Көтеріліс басып-жаншылды. Жазалаушылар әскери министр Милютиннің «бүлікшілерді үлгі ретінде жазалау» бұйрығын орындады. Жазалаушылардың қайырымсыздығы айқын болғаны соншалық, жазалау жасақтарының кейбір жетекшілері сотқа берілді. 1870 жылдың желтоқсанында үш мың қазақ-адайлық отбасы Хиуа хандығының территориясына көшті. Олармен бірге көтеріліс жетекшілері Иса Тіленбайұлы мен Досан Тәжұлы болды.

Адайлықтарға 90 мың қой мөлшерінде контрибуция жүктеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары.

2. 1867-1868 жж. реформалардың себептері мен маңызы.

Тақырып 3.8: XIX ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік реформалар. Қазақтан – Ресей империясының отары

Ресейде крепостнойлық құқықты жою бойынша 1861 жылғы реформа орыс шаруаларының шығыс аудандарға қоныс аударуына жағдай жасады. Үкімет Ресейдегі аграрлық мәселенің шиеленісуін әлсіретуге және төңкерістік толқуларды әлсіретуге тырысты. XIX ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында Қазақстанға орталық Ресейден шаруалардың қоныс аударылуы басталды. Әсіресе Жетісу облысына қоныс аударушылардың үлкен ағыны бағытталды.

1892 жылдың аяғында транссібір магистралінің құрылысымен байланысты Қазақстанға шаруаларды қарқынды қоныс аудару басталды. Жалпы қоныс аударушылардың ағынын 1871­1897 жылдары шамамен 328 мың адам құрады. Қазақтардың үлес салмағы 73,4% -дан 67,7% дейін азайды.

Ресей экономикасының қазақ ауылына ықпалы отырықшы тіршілік пен егіншіліктің таралуынан көрінді. Негізгі қоныс аударушылар ағыны бағытталған, Қазақстанның солтүстік өлкелерінде егіншілік басым, көшпелі мал шаруашылығы шектеулі болды.

XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан ресей өнеркәсіпшілері өз қаражаттарын Қазақстанға бағыттай бастады. 1865 жылы үкімет Қазақстанның батысындағы Эльтон тұз кәсіптерін жеке жалға алушыларға берді. Бақыншақ, Илецк және Коряков кәсіптері өндірілді.

Ұзындығы бойынша ең үлкен Орынбор-Ташкент темір жолы болды.

Ғасырдың аяғында ірі кәсіпорындар (300-400 адам) пайда болды. Олардың ішінде – Успен кеніші, Қарағанды көмір бассейні, Екібастұз, Риддер.

Мемлекеттік банктің бөлімшелері Оралда (1876), Петропавлда (1881), Семейде (1887), Омскіде (1895), кейінне Верныйда (1912) құрылды.

Петропавлдан мал айдау жолымен Қорғанға және Шадринскке жыл сайын 340 мың ірі қара және 550-600 мың қой мен ешкі айдалды.

80-ші жылдары тек Шығыс Қазақстанда 70 астам жәрмеңке қызмет етті. Ең ірі жәрмеңкелердің бірі Қоянды жәрмеңкесі болды. Қарқара (Жетісу уезінде), Орал облысында Ойыл, Шар-Екатерининская (Семей облысында) айтарлықтай белгілі болды.

ХХ ғасырдың басына қарай қазақ жерінде 19 жаңа қала болды. 1897 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанның ірі қалаларының ішінде: Орал - 36,4 мың адам, Верный - 22,7 мың, Семей - 20,2 мың, Петропавл - 19,6 мың, Жаркент - ­16 мың, Қостанай - 14,2 мың болды.

1851 жылдың 25 шілдесінде Шығыс Түркістанда ресейлік елшілік орталықтар және орыс саудагерлерінің сауда факторияларын ашу бойынша Құлжада келісімге қол қойылды. Қытаймен керуен саудасының кедендік орталықтарының (Троицк, Орынбор, Семей, Өскеменнің кеден орталығы) құқықтары артты. Басты тауар шай болды, жыл сайын шамамен 3 000 пұт сатып алынды.

50-60-шы жылдары саудаға Қапал, Верный жетісу пункттері белсенді араласа бастады.

Қытаймен экономикалық қатынастарда Петропавл мен Семей жетекші роль атқарды. Қытаймен саудада Жетісудағы Қарқара жәрмеңкесі мен Орталық Қазақстандағы атақты Қоянды (Ботовская) жәрмеңкесі ерекше байқалды.

1894 жылдың 30 тамызында сібір теміржолын іске қосу Қазақстан мен Қытайдың саудасын жаңа дәрежеге көтерді.

1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесінде үш облыс құрылды: Сырдария, Ферғана және Самарқанд. Облыстардың уездерге бөлінуі сақталды. Өлкені басқарудың орталығы Ташкент қаласы болды.

Түркістан өлкесінде империялық типтегі соттар құрылды, мұсылман халқының істерін қарайтын, соттың төменгі буынын – «халық сотын» құру көзделді. Түрлі уездер мен болыстардың тұрғынгдарына қатысты істерді шешу үшін, сонымен қатар халық соттарының және олардың съездерінің соттыларды жер аудару туралы өтініштерін қарастыру үшін, төтенше сот съездері шақырылды.

1864 жылы шығыс Түркістанда дұнғандар мен ұйғырлардың кең етек алған көтерілісі орын алды. Синьцзяньдегі көтерілісті басқаннан кейін қытай жағы Іле өлкесін Қытайға қайтаруды талап етті.

1881 жылғы Петербург келісім Іле өлкесінің тұрғындарының қытай немесе орыс бодандығын таңдауын көздеді. 45 мыңнан астам ұйғыр мен 5 мыңнан астам дұнған Жетісу өлкесі мен Солтүстік Қырғызстанға көшті.

Ұйғырлар мен дұнғандар егіншілікпен айналысты. Тютюнге (отбасына) 5-10 десятина жер кесілді. Дұнғандар негізінен күріш өсірді. Дұнған отбасыларының көпшілігі бақша өсірумен айналысты. Ұйғырлар сонымен қатар бақша өсірумен, бақшашылықпен айналысты.

Бақылау сұрақтары:

  1. 1867-1868 жж. реформаларының себептері мен маңызы.

2. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы экономика және қоғамдық жағдай.

Тақырып 3.9.: XX ғасырдың басындағы Қазақстан.

1905-1907 жж. төңкеріс қимылдарының басты алғышарттарының бірі патша өкітемінің отаршыл аграрлық саясаты болды. Жерлерді тартып алудың салдарынан қазақ ауылдарының жағдайы нашарлады. Қоныс аударушылардың жағдайы нашарлады: ауыл шаруашылық жабдықтар, азық-түлік жетіспеді.

Төңкеріс оқиғаларының етек жаюына 1904 ж. басталған орыс-жапон соғысы мүмкіндік тудырды. Ірі қалалардағы оқиғалар туралы ақпарат Қазақстанға кеш және бұрмаланған күйде жетті.

Қазақ шаруаларының қимылдары жерлерді тартып алуға қарсы нарызылықтың көрінісі болды. Верныйда, Қостанайда, Перовскіде 1905 ж. мамырында жұмысшылардың стачкалары өтті. Қарқаралыда үкіметке қарсы митингті ұйымдастырушылардың бірі Міржақып Дулатұлы болды.

Бүкілресейлік қазан саяси стачкасын Қазақстан жұмысшылары қолдады. Успен кенішінде, Оралдар, Қостанайда, Перовскіде, Верныйда стачкалық комиттетер құрылды.

Большевиктер 17 қазанда Патша Манифестіне қарсы шықты. Манифесті әшкерелеумен қатар қазақ ұлттық-демократияшыл зиялылар көтерілді: Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбаев.

Қазақ және орыс жұмысшыларының ең ірі интернационалдық қимылы Орталық Қазақстандағы Успен (Нельдин) кенішіндегі ереуіл болды, мұнда 300 астам жұмысшы, оның ішінде 265 – қазақ жұмыс істеді. Ереуілді «Каиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» атындағы комитет басқарды. Төмен жалақы, төзуге болмайтын еңбек жағдайлары, шетел мамандарының жұмысшыларға менсінбей қарауы ереуіл басталуының негізгі себептері болды.

Көптеген кәсіпорындардың жұмысшыларын қамтыған, Семейдегі жаппай стачка ерекше орын алды. 3 шілдеде басталған стачка 1906 ж. басында Қазақстандағы жұмысшылардың ірі қимылы болды.

Ұлттық-демократиялық зиялылардың өкілдері Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ахмет Байтұрсынов (Торғай уезі), Б. Қаратаев (Орал облысы), М. Тынышбаев, Сыртанов (Жетісу) патша өкіметінің аграрлық-қоныс аудару саясатының отаршыл мәнін әшкереледі.

1905-1907 жылдардағы Қазақстандағы төңкеріс жеңіліс тапты. Оның себептері: жұмысшылар санының аздығы, әсіресе байырғы тұрғындар санынан; қазақ ауылы саяси оқиғаларға қатыстырылмады; үгіт-насихат жұмысы тәжірибесінің жеткіліксіздігі; большевиктер халық массаларының кең қолдауын пайдаланбады.

1905-1907 ж. төңкерістің маңызы: халықтың саяси санасын ояту, патша өкіметіне қарсы бірлескен қимылдар тәжірибесі, байырғы халық арасынан күресушілердің жаңа ұрпағының қалыптасуы (Бәкен Серікбаев, Әлімжан Байшағыров, Жүсіп Бабаев, Максұт Бекметов, Ташен Өтепов, Ысқақ Қосқабаев).

Төңкерістің артқа шегінуі 1907 ж. көктемінде басталды. XIX ғасырдың екінші жартысынан белсенді жүргізілген, Қазақстанға қоныс аудару ХХ ғасырдың басыда шырқау шегіне жетті. Патша өкіметі шаруалардың кедей таптарын алшақ аудандарға көшіріп, төңкерістік қозғалысты жаншуға және халықтың этникалық-ұлттық құрамын өзгертуге, ұлттық шеттерде дәулетті (кулак) отбасылары түрінде саяси тіректі құруға ұмтылды. Ақмола, Торғай, Семей, Орал және Жетісу облыстары белсенді қоныстандырылды. 1917 ж. қарай қазақтарда 45 млн. десятина тартып алынды.

1870 жылдан 1906 ж. дейін қоныс аударушылардың саны 521 мың адамды құраса, 1907 жылдан 1914 жылға дейін олардың саны 714 мың адамға дейін артты. Столыпиннің аграрлық саясаты Қазақстанның байырғы тұрғындарының үлес салмағын азайтуға алып келді. Ақмола облысындағы қазақтардың саны 36,6%, Семейде -13%, Сырдарияда- 62,3%, Жетісуда - 60,5%, Торғайда - 58,1% және Оралда - 56,3% құрады. Жерді империя мемлекетінің меншігі деп жариялау, қазақтардың мүдделерін ескермеу аймақтағы саяси тұрақсыздыққа негіз болды.

Төңкерістік оқиғалардың жаңа кезеңі ұлттық-демократиялық қозғалыстың өсуімен іргелес болды. Ахмет Байтұрсынов ұлтқа қарсы саясатқа сын айтқаны үшін Семей түрмесіне қамалды, кейіннен Қазақстаннан жер аударылды. 1910 жылдан 1917 жылға дейін Орынборда тұрды. Ұйымдастырылған «Қазақ» газетінің редакторы болды.

Қоғамдық-демократиялық қозғалыстың көрнекті қайраткері Шәкәрім Құдайбердіұлы Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің мүшесі болып сайланды. Міржақып Дулатұлы өзінің төңкерістік әрекетін 1905­-1907 жж. бастады, жазушы және публицист болды. Оның «Бақытсыз Жамал» романы (Казаньда 1910 ж. басылды), «Азамата» өлеңдер жинағы (1913 ж. Орынбор), «Терме» әдеби-публицистикалық жинағы (1915 ж), саяси сипатұа ие болды. Дулатов ресей шаруаларын Қазақстанға қоныс аударуға қарсы шықты. Тиражын патша билігі тәркілеген, оның «Оян, қазақ» брошюрасы үкіметке қарсы сынға толы болды. Дулатов еңбекші қазақтар күресінің саяси бағдарламасын құруда үлкен роль атқарды.

Бақылау сұрақтары:

  1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан экономикасы мен қоғамдық жағдайы.

2. Қазақстандағы Столыпинның аграрлық реформасы.

3. 1905-1907 жж. төңкерістің Қазақстанға ықпалы.

Тақырып 3.10.: XX ғасырдың басындағы Қазақстан. 1916ж. ұлт-азаттық көтеріліс. 1917ж. Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанға ықпалы.

Соғыс елде өнеркәсіптік құлдырауын, ауыл шаруашылығының төмендеуін, көлік дағдарысын, аштықты тудырды. 1917 ж. қарай Ресей 2 млн. адамнан айырылды. Экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстың толғағы жетті.

1916 ж. ұлт-азаттық соғыстың басты себебі отарлау, жерлерді жаппай тартып алу, патша өкіметінің орыстандыру саясаты, империалистік соғыс болды.

1916 ж. 25 маусымдағы бұратана халықты «әрекеттегі әскер ауданында қорғаныс құрылыстары мен әскери байланыстарды тұрғызу бойынша жұмысқа» реквизициялау туралы патша жарлығы толқуға негіз болды. 19 және 43 жас аралығындағы ерлер жиналу керек еді.

Жарлыққа қарсы Қазақстан мен Түркістанның халықтары көтерілді. 1916 ж. көтеріліс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды.

Негізгі қозғаушы күш ұлттық шаруалар, қазақ жұмысшылары мен қолөнершілер болды.

Ұлттық зиялылардың позициясы қарама-қайшы болды. Алаш, төңкерістік-демократияшыл зиялылардың көшбасшылары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатұлы және т.б.) келісім тактикасын ұстанды: үкіметке шоғырландыруды кейінге қалдыруды ұсынды, бірінші орынға халықтың аман қалуын қойып, халықты қарсы шықпауға шақырды.

1916 ж. 23 тамызында Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Куропаткиннің құпия бұйрығымен жинақтан босатылды: 1. Лауазымды тұлғалар 2. полиция шендері 3. Имамдар, молдалар 4. Есепшілер мен бухгалтерлер 5. Жоғары және орта оқу орындарында оқитындар. 6. Үкіметтік мекемелерде лауазымға ие болғандар. 7. Дворяндар мен құрметті азаматтар құқықтарын пайдаланушылар.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 2314 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.032 с)...