Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ағанаттардың шаруашылығы



Қағанаттардағы шаруашылық аралас типті болды: көшпелі және жартылай көшпелі малшылық пен отырықшы-егіншілік шаруашылығы. Қаған мемлекеттің барлық жерлерінің жоғары меншік иесі және билік жүргізушісі болды.

Қатардағы көшпелілерде қауымдық шаруашылық болды. Түрік және түркеш тайпалар шаруашылығының негізі негізінен ат пен қой өсіретін малшылық болды.

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)

Қарлұқтар туралы алғашқы мәліметтр – б.з.д. V ғ. Бұл көшпелі тайпалар Алтай территориясын алып жатты. Қарлұқ бірлестігінің құрамына бұлақ, шігіл және ташлық тайпалары енді. Көсемдер эльтебер лауазымына ие болды.

746 ж. қарлұқтар Ұйғыр қағанатынан жеңіліс тауып, Жетісуға қоныс аударды. VIII ғ. ортасында қарлұқтар мен оғыздардың арасында түркеш мұрасы үшін күрес басталды. Нәтижесінде оғыздар Сырдарияға кетті, ал Жетісуде қарлұқтар қалды, олар ерте феодалдық мемлекет – Қарлұқ қағанатын құрды. Астанасы - Суяб. Қарлұқтардың көсемі джабгу лауазымын, ал 840 ж. бастап – каған лауазымын иеленді.

Қарлұқ тайпалары мына территорияны алып жатты: Жоңғар Алатауынан Сырдарияның ортаңғы ағысына дейін, Балқаш және Ыстықкөл көлдерінің арасында, Іле, Шу, Талас өзендерінің аңғарларын, Тянь-Шань сілемдерін, Отырарға дейінгі Испиджаб аймағын.

840 ж. Ұйғыр қағанаты жойылды. Енисей қырғыздары ұйғыр қимақтарды мәжбүрледі. Қарлұқ джабгуы Бильге Кюль Кадыр-хан қаған лауазымын қабылдады. IX ғ. соңында арабтар Испиджабты, Таразды жаулап алды, халық исламды қабылдады. Қарлұқ мемлекетінде басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі болды. Қоғам әлеуметтік және таптыұ теңсіздікпен сипатталды. Ең құқықсыз топты құлдар құрады. Халықтың негізгі бөлігін қауымдастар құрады. Ақсүйектердің қатаң иерархиясы болды.

Қарлұқтар елінде 25 қала болды, олардың ішінде: Тараз, Құлан, Мерке, Атлалиг, Тузун, Балиг, Барсхан, Сикуль, Талғар, Тонг, Пенчуль және басқалары. 940 ж. Қашғардың түркі тілдес тайпалары Баласағұнды жаулап алды, қарлұқтар мемлекеті құлады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тайпалық одақтар мен көне мемлекеттердің арасында салыстырмалы талдау жүргізіңіз.

2. Көне мемлекеттердің дағдарысы мен құлдырауының себептерін анықтаңыз.

Тақырып 2.1.: « Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер»

Оғыз мемлекеті (IX - XI ғғ. басы)

IX ғ. басында оғыздар Сырдария ө. сағасын және Арал маңын жаулап алды. IX ғ. аяғында хазарлармен одақтасып печенегтерді жеңіліске ұшыратты және Орал мен Волганың өзен аралығын басты.

Печенегтерге қарсы ұзақ күрес IX -Х ғғ. оғыз тайпаларының одағына шоғырлануына мүмкіндік тудырды. Махмұд Қашғаридің (XI ғ.) дәлелі бойынша олар бастапқыда 24 тайпадан тұрды және бұзықтар мен ұшықтарға бөлінді. IX ғ. аяғында - XI ғ. басында оғыз тайпалары Сырдарияның төменгі ағысынан Волганың сағасына дейінгі кең байтақ территорияны алып жатты.

Х ғ. астанасы Яныкент қаласы болды. Басшысы джабгу лауазымымен аталды. Жоғары билеушілердің билігі мұрагерлікпен беріліді. Оғыз әскерінің жетекішісі сюбаши атанды. Джабгудың орынбасарлары - кюль-эркиндер. Жүйелі салық жинау жүйесі болды. Басты шаруашылық малшылық болды. Оғыздар пұтқа табынушылар болды, бақсыларға табынды. Бірақ біртіндеп оғыздардың ортасына ислам енді.

965 ж. Киев Русімен одақта олар Хазар қағанатын талқандады, ал 20 жылдан соң – Волжье Булгариясын талқандады. Х - ХI ғғ. салыққа наразы, оғыз тайпалары көтеріліске шықты. Сельджук көсемдері Яныкенттің оғыз басшыларына қарсы көтерілісті басқарды және Джендті жаулап алды. Оғыздардың соңғы джабгуы Шахмалик кезінде оғыз мемлекеті күшейді және 1041 ж. Хорезмді бағындырды. Оғыздардың ірі мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан құлады.

Қимақ қағанаты (IX - XI ғғ. басы)

Қимақтар (қытай деректерінде яньмо) VII ғ. басында Моңғолияда тұрды. VII ғ. ортасына қарай олар Алтай тауларына солтүстік аудандарға, Ертіс маңына қоны аударды. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін тайпалар жекеленді. 840 ж. Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оның құрамына енген тайпалардың бір бөлігі қимақ бірлестігіне қосылды. Қимақтар деферациясына мына тайпалар кірді: эймур, имак, қыпшақ, татар, байандур, ланиказ және аджлар. Ең ірі тайпа қыпшақтар болды.

VIII-IX ғғ. екінші жартысында қимақ тайпалары Орта Ертістен Жоңғар қақпаларына дейін берік орналасты. Қимақ тайпаларының басшысы байгу (ябгу) лауазымына ие болды. IX ғ. аяғында ­- Х ғ. басында Қимақ қағанаты құрылған соң, жоғары түркі лауазамымен – қаған атанды. Х ғ. басында Қимақ мемлекетінің шекаралары анықталды. Қимақ қағанының ставкасы - Ертістегі Кимакия (Имакия).

Қағанатта үлестік-тайпалық жүйе қалыптасты, патриархалдық-феодалдық қатынастар дамыды. Қимақ қоғамында әлеуметтік тап бөлінісі, салықтар болды.

XI ғ. басында қыпшақ хандарының өзін-өзі анықтауға ұмтылысы, көшпелі тайпалардың өзара соғыстары мен көшіп-қонуы Қимақ қағанатының құлауына алып келді.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 1267 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...