Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алтын Орда



1227 ж. Шыңғысханның өлімінен кейін империя бірнеше тәуелсіз мемлекетке ыдырады. 1227 ж. қайтыс болған Жошының мирасқоры оның ұлы Бату болды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақтың территориясын, волжье булгарларының жерлерін, орыс князьдықтарын жаулап алды, Польшаны, Венгрияны, Чехияны және өзге елдерді ойсыратты. Жетіжылдық жорықтың нәтижесінде (1236-1242 жж.) Батыйдың билігінде Волгадан батысқа қарай Дунайдың төменгі сағасына дейінгі жерлер болды. Батый Волганың төменгі сағасында Алтын Орданың негізін қалады. Оған Жошы Ұлысының территориясы кірді: Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм және Батыс Сібір территориясының бір бөлігі, сонымен қатар батыста қайта жауланған жерлер. 1

Астанасы Сарай-Бату қаласы болды (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке атанды.

Көшпелілердің негізгі бөлігін түркі тайпалары, негізінен, қыпшақтар, сонымен қатар қаңлылар, қарлұқтар, наймандар және тағы басқаралы құрады. Моңғолдардың Ордадағы саны аз болды.

Бастапқыдан Алтын Орда ұлы моңғол хандарына бағынышты болды. Бірақ 1260 ж. қарай Моңғол империясы тәуелсіз ұлыстарға ыдырады. Алтын Орда Батый ханның інісі, Берке-хан кезінде-ақ (1256-1266 жж.) дербес мемлекет болды. Оның мирасқоры Менгу-хан (1266-1280 жж.) өзінің тиындарын соқты. Алтын Орда Өзбек-хан (1312-1342 жж.) мен Жәнібек (1342-1357 жж.) кезінде XIV ғ. бірінші жартысында жоғары қуатына жетті. 1312 ж. Өзбек-хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. 1357 ж. бастап 1380 ж. дейін тақта жиырмадан астам хан ауысты. 1380 ж. Мамай Дмитрий Донскойдың орыс әскерлерімен Куликово алаңында талқандалды. Тоқтамыш-хан Алтын Ордадағы билікті жаулап алды. Жарыстармен өз билігін нығайтуға тырысып, ол 1382 ж. Мәскеуді өртеді. Әмір Темір Алтын Ордаға орны толмас соққы жасады. ХV ғ. ортасына қарай бірнеше ірі ұлыста өз хандары орнықты, Алтын Орда тіршілігін тоқтатты. Ноғай ордасы, Сібір, Қазан, Қырым және Астрахань хандықтары құрылды.

Моңғол шапқыншылығы біршама оңды роль ойнады. Моңғол билігі сауданың, халықаралық байланыстардың дамуын ынталандырды, пошталық және жәмшік қызметтің жаппай жүйесін енгізді. Бұрын алыс халықтардың арасында сауда және мәдени байланыстар орнатылды. Моңғолдар, орталықтандырылған билік идеясының арқасында, бұрын ұйымдаспаған тайпаларды біріктірді.

Ақ Орда

Моңғолдардан кейінгі кезең (XIV-XV ғғ.) Дешті-Қыпшақ, Жетісу және Оңтүстік Қазақстан территориясындағы көшпелі және отырықшы-көшпелі халықтың бірігуімен сипатталады.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың территориясында XIII-басында XV ғғ. Ақ Орда мемлекеті (Орда Еджен ұлысының территориясында) болды. Ақ Орданың саяси орталығы Қазақстанның оңтүстігіне көшті және астанасы Сығанақ қаласы болды. Оны түркітілдес тайпалар: қыпшақтар, наймандар, ұйсіндер, арғындар, қарлұқтар, керейлер, қаңлылар, қоңыраттар, маңғыттар және т.б. қоныстанды. XIV ғ. 60-70-ші жылдары басқарған, Орыс хан кезінде Ақ Орда айтарлықтай нығайды. Темірдің агрессиясынан Ақ Орданы қорғау мен күресудің негізгі ауыртпалығы оның мойнына түсті.

1389, 1391 және 1395 жылдардағы Темір әскерлерінің үш ірі жорықтарының нәтижесінде Алтын Орда талқандалды. 1395 ж. Темір Тоқтамышты құлатып, Алтын Орданың билеушісіне айналды.

Темірдің басып алушы соғыстарының және XIV аяғы - ХV ғғ. басындағы ішкі ұрыс-тартыстың нәтижесінде Ақ Орда айтарлықтай әлсіреді. 1423-1428 жж. онда Орыс ханның немересі Барак хан билік жүргізді, оның өлімінен кейін билік Шайбанид Әбілхайырға көшті. Ақ Орданы араб ғалымы Рашид ад-Дин сипаттады.

Моғолстан (1346-1514 жж.)

XIV - ХVI ғғ. басында Оңтүстік Шығыс Қазақстанның территориясында Моғолстан мемлекетті болды, ол Шағатай мемлекетірінің ыдырауы нәтижесінді құрылды. Моғолстан әулетінің негізін қалаушы Тоғлық-Темір болды. Моғолстанның құрамына түркі және түркіленген моңғол тайпалары: дулаттар, қаңлылар, керейлер, үйсіндер және басқалары енді. Саяси басшы және жердің жоғарғы меншік иесі хан болды. Халық әскери, көлік, еңбек, пошта және т.б. міндетті атқарды. Астанасы Алмалық қаласы болды.

1408-1416 жж. Мухаммад-хан кезінде Моғолстан тимуридтерден тәуелсіз болды. Моғолстанның шығысында ойраттар (орта азиялық деректерде оларды қалмақтар деп атады) болды. Уайыс ханның (1418-1428 жж.) шапқыншылығынан ставкасын Турфаннан Жетісудағы Ілбалық жеріне көшіруге мәжбүр болды.

Тайпалық ақсүйектердің үлестерге бөлінуі, Шағатай әулетіндегі ұрыс-керістер, соғыстар, халықтың жүйелі тұрақсыздыққа, алымдарға наразылығы, көшпелі халықтардың жаппай көшіп-қонуы Моғолстанның әлсіреуі мен ыдырауын тудырды.

Әбілхайыр хандығы (1428-146жж.)

Ақ Орданың ыдырауы мен Жошылықтардың араздығы нәтижесінде 1428 ж. Шайбанидтер руынан Әбілхайыр Хандығы құрылды. Хандықтың территориясы батыста Жайықтан шығыста Балқашқа дейін созылып жатты. Оған мынадай тайпалар енді: қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер, ұйғырлар және басқалары. Кейіннен бұл этникалық топтардың көбі қазақтардың Орта жүзінің тайпалары ретінде белгілі болды. XIV аяғында - XV ғғ. бірінші жартысында хандықтағы халық «өзбектер» деген ортақ атаумен аталды, ал Әбілхайыр Хандығы тағы бір атқа ие болды – Көшпелі өзбектер мемлекеті. Хандық орталықтандырылмаған болды, чингизидтер басқарған, бірнеше иелікке (ұлыстарға) бөлінді.

Көшпелі ақсүйектерге бола, Әбілхайыр хан Хорезммен, Тимуридтермен, Бухарамен жаулап алушы соғыстар жүргізді. Жаулап алынған қалаларды Әбілхайыр тайпалардың көсемдеріне таратты. 1457 ж. ол ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліске ұшырады. Әбілхайырдың әлсіреуін Моғолстан территориясына көшіп кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандар пайдаланды. 1468 ж. Әбілхайыр қайтыс болды және Сығанақ маңындағы Көк-Кесенеде жерленді. Оның мирасқоры сол жылы қайтыс болған Шайх Хайдар-хан басқарды. Хандық ыдырады.

Ноғай Ордасы (XIV-XVl ғғ. аяғы)

Ноғай Ордасы Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болды. XIV - XVI ғғ. ол Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бастапқыда тайпалардың бұл бірлестігі «Маңғыт жұрты» деп аталды. Ноғай Ордасына түркі және түркіленген моңғол тайпалары кірді: маңғыттар, қыпшақтар, қаңлылар, қоңыраттар, наймандар, үйсіндер, қарлұқтар, қытай, аз, алшын, тама және т.б. XV ғ. екінші жартысында ноғай ұлтының атауы пайда болды. XVI ғ. орда халқының бір бөлігі қазақтардың Кіші жүзінің құрамына енді.

Мемлекеттің басында хан болды. Мемлекеттік басқарудың ұлыстық жүйесі қалыптасты. Ұлыстардың басында шексіз билікке ие мырзалар тұрды. Мемлекеттің астанасы Сарыайшық қаласы болды.

XIV-XVI ғғ. Ноғай ордасының Орыс мемлекетімен және Қырым хандығымен сауда-экономикалық байланыстары орнатылды. Қазан және Астрахань хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін және өзара соғыстардың нәтижесінде Ноғай Ордасы бірнеше дербес ордаларға ыдырады.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан территориясындағы моңғол халқының мемлекеттері.

2. Бұл кезең бойынша тарихи және осы заманғы деректерді талдаңыз.

Тақырып 2.4.: Қазақ хандығының құрылуы

Этникалық біртекті феодал мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның да, алдағы генезисіне арналған жағдайларды Ақ Орда, Әбілхайыр Хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы дайындады. Қазақ хандығы құрылуының барысы Әбілхайыр Хандығы мен Моғолстан мемлекеттерінің ішкі саяси жағдайымен тығыз байланысты.

Қазақ рулары мен тайпаларының басшы топтарының айтарлықтай бөлігі XV ғ. 40-50-ші жылдары-ақ Керей мен Жәнібек қарамағында жұмылды. Бұл сұлтандардың қолында Қаратау сілемдерінде және Сырдарияда қалалық орталықтар мен бекіністер болды - Созақ, Сығанақ, Сауран және т.б. Басылмайтын ұрыс-керістер мен соғыстар қатардағы көшпелілерді өнімді еңбектен ажыратты, оларға кедейлік пен жұтаңдық, ауру мен өлім алып келді. Жаппай халық наразылығы Әбілхайыр ханның билігінен жаппай көшуге алып келді. 1465-1466 жж. Жәнібек пен Керей Әбілхайыр Хандығынан шыққан және Шу мен Талас аңғарларында қоныстанған тайпаларды басқарды. Олардың көмегімен өз шекараларын қауіпсіздендіруге тырысып, олардың Моғолстанның билеушісі Есен-буга қабылдады. Бастапқыда XV ғ. құрылған Қазақ хандығы Жетісудағы Шу және Талас өзендері аңғарларындағы территорияны алып жатты. Қазақ хандығының алғашқы ханы Жәнібек болды, астанасы – Сығанақ қаласы. Қазақ хандығының құрылуы этникалық жақын топтардың ыдырауын жеңуге, қазақ тайпалары мен руларының бірігуіне мүмкіндік тудырды.

XV ғ. аяғында Қазақ хандығы қазақтардың этникалық территориясының айтарлықтай бөлігін алып, экономикалық тұрғыдан нығайды және территориалды тұрғыдан кеңейді. Қазақ хандары Әбілхайырдың өлімінен кейін бірден даладағы билік үшін күреске түсті. Олардың басты қарсыластары Әбілхайыр ханның мирасқорлары – оның ұлы Шайх-Хайдар және немерелері - Мухаммад Шайбани мен Махмуд-сұлтан болды.

Күрес үш онжылдыққа созылды. Бұл кезеңдегі қазақ әскерлерінің көрнекті қолбасшыларының бірі Керейдің ұлы – Бұрындық болды. Бір деректерде оны шамамен 1470-ші жж. ортасынан, басқаларында 1480 ж. оны хан деп атайды. XV ғ. аяғында күрестің нәтижесі Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сығанақ, Сауран қалаларының қосылуы болды. Олардың Қазақ хандығына қосылуы жалпы елдің шоғырлануына мүмкіндік тудырды. XV ғ. аяғында Қазақ хандығына Батыс Жетісу, Қарау ауданы, Сырдария сағасы және Солтүстік Арал маңы, Орталық Қазақстанның айтарлықтай бөлігі кірді. XVI ғ. басына таман Қазақ хандығы Ақ Орда территориясын және Моғолстанның бір бөлігін алып жатты.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ хандығы құрылуының тарихи жағдайлары қандай.

2. Алғашқы қазақ хандарының сыртқы және ішкі саясаты.

3. Тарихи ғылымдағы қазақ ұлтының түзілу мәселесі.

4. Бұл кезеңдегі деректерді және олардың қайшылықтарын талдау.

Тақырып 2.5.: XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

Бұл кезеңдегі қазақ әскерлерінің көрнекті қолбасшыларының бірі Керейдің ұлы – Бұрындық болды. XV ғ. аяғына қарай оның саясатының қорытындысы Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сығанақ, Сауран қалаларының кіруі болды. XV ғ. аяғына қарай Қазақ хандығына Батыс Жетісу, Қаратау ауданы, Сырдарияның төменгі сағасы және Солтүстік Арал маңы, Орталық Қазақстанның айтарлықтай бөлігі кірді. XVI ғ. басына қарай Қазақ хандығы Ақ Орданың территориясын және Моғолстанның бір бөлігін алып жатты.

Қазақ хандығы XVI ғ. бірінші жартысында Жәнібектің ұлы – Қасым ханның (шамамен 1455 ж. туған) билік жүргізге жылдары (1512-1521) қуатты мемлекетке айналды. род. 1510 ж. Мухаммад Шайбани Сығанақта Қасым әскерлерінің ойсыраьқан соққысына ұшырады. 1513 ж. Қасым Сайрамды бағындырды. Хандықтың шекаралары Жайық өзенінің бассейнінен дейін кеңейді. Оңтүстікте Қасым ханның иеліктері Сырдарияға дейін жетті, солтүстік пен солтүстік-шығыста – Ұлытау мен Балқаш к. асып жатты. Моңғол шапқыншылығынан кейін алғаш рет барлық дерлік қазақ рулары мен тайпалары бір мемлекетке бірікті. Қасым ханның қоластындағылардың саны миллион адамға жетті.

XVI ғ. 20-шы жж. Қасымның өлімінен кейін Жошылықтардың өзара ұрыс-тартыстары Қазақ хандығын әлсіретті. Тахир хан (1523-1533) сырдариялық қалаларды нәтижесіз жаулап алуға тырысты. XVI ғ. аяғына дейін сырдария маңындағы қалалар Сығанақ, Отырар, Түркістан (XVI ғ. бастап Яссы қаласы солай аталды) және басқалары Мәуреннахрдағы Шайбанидтер мемлекетінің құрамына кірді.

Хақ-Назар хан (1538-1580) ойраттарға және моғол ханы Абд ар-Рашидқа қарсы күресті.

Екі жыл бойы Жәнібектің ұрпағы Шығай басқарды. Ол өзбек ханы Абдаллахтың Түркістан арқылы әйгілі жорығына қатысты, марапат ретінде оған Орта Азиядағы жерлер берілді.

Тәуекел (Шығайдың ұлы), (1586 – 1594 аралығында) өзін қазақтар мен қалмақтардың ханы деп атады.

Есім хан кезінде (1598-1628) Қазақ хандығының құрамына қалаларымен бірге Түркістан, сонымен қатар Ташкент және біршама уақытқа – Ферғана кірді. Осы уақыттан бастап Қазақ мемлекетінің құрамына түбегейлі Оңтүстік Қазақстанның аймағы, Орта Сырдариядағы қалалар және екі жүз жылға Ташкент енді.

1635 ж. Жоңғар хандығының құрылуымен қазақ жерлерін жаулап алу қаупі өсті. XVII ғ. аяғында жоңғар әскері Жетісуға және Оңтүстік Қазақстанға басып кірді. Бірнеше қала –Сайрам, Манкент, Қарасман және басқалары талқандалды.

Тәуке ханның билігі тұсында (1680-1718) Қазақ хандығының нығаюы, қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одағы бірқатар уақытқа жоңғарлардың қазақ жерлеріне қысымын әлсіретті. Олардың 1680 ж. Оңтүстік Қазақстанға шабуылдауы кезінде Түркістан қаласы ғана тоналмады, өйткені онда Тәуке хан әскерімен болды. Тәуке хан ыдырап бара жатқан хандықта саяси жағдайды біршама қалпына келтірді. Оның тұсында құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылыстың негізгі қағидаларын анықтаған, «Жеті Жарғы» қарапайым құқық ережелерінің жинағы құрылды.

Бақылау сұрақтары:

1. Алғашқы қазақ хандарының билік жүргізген уақыты: объективтілік пен субъективтілік.

2. Қазақтардың өзара соғыстарының себептері және сыртқы саясаттағы бағдар.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 1087 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...