Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру



ВКП(б) ХV съезі 1927 ж. желтоқсанында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бетбұрысын жариялады.

Партияның ЦК ҚазАКСР ұжымдастыруды 1932 ж. көктеміне қарай аяқтауды шешті. 1929 ж. екінші жартысынан республикада ұжымдық шаруашылық қозғалысы қарқынды дамыды. Алғашқы МТС құрыла бастады.

1931 ж. 25 желтоқсанындағы ВКП(б) Казкрайкоммы мен Совнарко­мының нұсқауы бойынша отырықшыландыру үрдісін 1933 жылға қарай аяқтау міндеті қойылды. 1928 ж. Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2% ұжымдастырылса, 1930 ж. 3 сәуірінде - 56,4%, ал 1931 ж. қазанында - 65% жетті.

Еріктілік пен қарапайым заңдылық қағидасы барлық жерде бұзылды.

Кулактарды тәркілеу өте ауыр салдарға алып келді. Нұсқауларда жойылатын кулак сарайларының меншікті үлесі барлық щаруашылықтардың 3-5% аспау керектігі көрсетілді. Көптеген аудандарда кулактардың мұндай саны болмады, бірақ кулактарды тәркілеу жоспары кейде бірнеше есе артық орындалды. 1929-1933 жж. аралығында Қазақстан бойынша Бірлескен Мемлекеттік Саяси Басқарманың Уәкілетті өкілінің үштігі (төрағасы Волленберг) 9 805 істі қарастырды және 22 933 тұлғаға қатысты шешім қабылдады, соның ішінен атуға кесілгендер - 3386 адам.

1932 ж. ақпанына қарай Қазақстанда колзозшылар шаруашылығының 87% мен жеке шаруалардың 51,8% толықтай малынан айырылды.

1930-1932 жж. аштық басталды.

1930 жылы аштықтан 313 мың адам, 1931 ж. 755 мың адам қайтыс болды. 1932 ж. 769 мыңнан астам адам қайтыс болды немесе көшіп кетті. Аштықтан, эпидемиялардан және өзге қиыншылықтардан тікелей шығындар 1 млн. 750 мың қазақты немесе ауыл халқының 40% құрады.

Республиканың 6,2 млн. тұрғынынан 1931-1933 жж. Шамамен 2,1 млн. Аштықтан қайтыс болды, соның ішінде байырғы емес халық шығындары 0,4 млн. адамды құрайды. Қазақтардың бұрынғы саны 40 жылдан кейін ғана 1969 ж. қалпына келтірілді. Халық апатының ауқымы – геноцид саясатының салдары осындай.

1933 ж. 1 қаңтарында республикада, ұжымдастыру қарсаңындағы 40,5 млн. басқа қарағанда, небәрі 4,5 млн. бас мал болды.

Т.Рысқұлов Сталиннің өзіне жазды. 1933 ж. Наурыздағы хаттардың соңғысы РСФСР Совнаркомының төрағасының орынбасары ретінде, Рысқұлов түрлі жерлер мен дереккөздерден алу мүмкіндігіне ие болған ақпараттың негізінде жазылды. Рысқұлов, жоғары азаматтық ерлігі мен табанды адал адам, орын алған апат жайлы шындықты жариялаудан қорықпады.

Апаттың ауқымы орасан зор болғаны соншалық, 1930-1932 жж. Аштық тарихқа «ұлы жұт» жылдары, қазақ халқының орасан апаты ретінде енді.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 687 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...