Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сақтар



Б.з.д I мыңжылдықтың басында адамдар қазақ далаларын игерді. Көшпелі малшылық дамыды. Қазақстан территориясы б.з.д. VII - IV ғғ. сақтардың күшті тайпасы алып жатты. Сақтар Оңтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанның территориясында қоныстанды.

Сақтар шығыс иран және протүрік тілдерінде сөйледі, моңғолоидтық қырларға ие болды. Көптеген грек авторлары оларды шығыс скифтері деп атады.

Көне парсы жазба көздері сақтарды «қуатты қайтаркерлер», иран көздері «жылдам атты турлар» деп атады.

Сақ тайпалары үш топқа бөлінді:

1. Теңіздің ар жағынан келген парадарайя сақтары Арал маңында тұрды (Сырдария мен Амударияның сағасы).

2. Шошақ бөрікті тиграхауда сақтары – Жетісу аудандарында, Тянь-Шаньда тұрды.

3. Хаома сусынын дайындайтын хаомаварга сақтары Мургаб ө. және Шу ө. аңғарында мекендеді.

Сақтардың шаруашылығында егіншілікпен үйлесімде малшылық басты орын алды, тіршілік салты: отырықшы-көшпелі.

Жылқы шаруашылығы сақтардың мал шаруашылығының маңызды бағыттарының бірі болды. Малшылық егіншілікпен үйлестірілді. Тары, арпа, бидай өсірді, өрістер каналдардың көмегімен суарылды.

Металл өндірумен жәнеоны өңдеумен байланысты, кәсіптер мен қолөнерлер сақ тайпаларында жоғары деңгейге жетті.

Сақтар дәуірінде қоғамда үлкен өзгерістер орын алды. Патриархалдық (жеке) отбасы оқшуланды.

Сақ әйелдері кең құқықтарды пайдаланды. Сақтарда қола дәуірінде қалыптасқан әскери демократия пайда болды. Мемлекет қалыптаса бастады. Сақ қоғамында халықтың үш тобы ажыратылды: жауынгерлер, абыздар, қалған қауымдастар (малшылар мен егіншілер). Әр тапқа өзінің дәстүрлі түстері сәйкес келді: жауынгерлерге – қызыл, абыздарға - ақ, қауымдастарға – сары және көк. Жауынгерлер табынан көсемдер мен патшалар шықты. Патша көктемгі жер жыртуда бірінші ізді жүргізді, бұл оның халықпен байланысын көрсетті. 1969 ж. Ыстық қорғанында қазба жұмыстарының барысында «алтын адам» - бозбала-жауынгер, сақтар патшасы табылды. Жерлеу б.з.д. V ғасырға сәйкес келеді.

Б.з.д. 519-518 жж. тиграхауда сақтарына қарсы жорықты I Дарий бастады. Олар Дарийге алым төлей бастады. Сақтар Фермопилыдағы, Платеядағы, Марафондағы ұрыстарда ерекшеленді.

Б.з.д. 330-327 жж. Александр Македонский Сырдарияның сол жағалауын жаулап алды. Сырдарияда Александрия Эсхата (Қыр Александриясы) деп аталған қала салынды.

Сақтар ата-бабаға және отқа табынды. Олардың құдайлары – Агни және Варун. Б.з.д. VII ғ. бастап өнерде «аң стилі» пайда болды.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 770 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...