Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТАС ҒАСЫРЫ



Тас ғасыры өз атауына тас қарулардан, адам жасаған алғашқы қарулардан алды. Тас ғасыры палеолитке – көне тас ғасырына және неолитке – жаңа тас ғасырына бөлінеді. Палеолит дтөменгі (ерте), орта (мустье) және жоғары (кейінгі) деп бөлінеді. Палеолит пен неолит арасындағы өтпелі кезең мезолит деп аталады.

көне (төменгі) палеолит (б.э.д. 2 млн.-140 мың жыл)

Адамның алғашқы іздері Қазақстан территориясында ерте палеолитке жатады (Қазақстан территориясында 800-140 мың жыл бұрын). Қазақстанның көне адамдары питекантроп пен синантроптың замандастары болды. Адамның қоныстануы үшін ең қолайлы жерлер Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау таулары болды.

Қаратаудың алғашқы қоныстанушылары отпен таныс болды.

Қаруларды жасау үшін негізгі материал шақпақ тас, кварцит, обсидиан, тақтатастар болды. Бұл минералдар өңдеу кезінде қолайлы және уатқан кезде үшкір өткір қырлар береді. Басты шикізат өзен малтатас болды. Бір жағынан ірі сынықтармен өңделген малтатасты чоппер деп атайды, екі жағынан кезеңтесетін сынықтармен өңделген малтатасты чоппинг деп атайды. Жамбыл облысында Шабақты, Барықазған тұрақтары табылды. Үшкір қырларды беріктікті арттыру үшін, ұсақ соққылардың бірқатарымен түзетілді. Мұндай өңдеуді ретушь деп атады.

Орта палеолит (мустье, б.з.д. 140-40 мың жыл)

Адам үшін азық табудың негізгі тәсілдері аңшылық пен терімшілік болып қала берді. Бұл дәуірдегі адамдар ірі қауымдастықтармен тіршілік етті, өйткені ірі жануарларға жүргізілетін айдау аңшылығы аңшылардың үлкен санының қатысуын талап етті.

Бұл дәуірде матриархалды рулық қауымның алғашқы формасы пайда болды. Қазақстан территориясында тұрған, мустье кезеңіндегі көне адамдар неандерталдықтардың замандастары боды.

Қаруларды дисктәрізді нуклеустардан (өзектерден) дайын тәсілі кең таралды. Қарулардың жетекші түрлеріне айналған өткір ұштықтар мен қырғыштар жасалды.

Жоғары палеолит (б.з.д. 40-12 мың жыл)

Қарудың жаңа түрлері пайда болды: ағаш сапты, тас немесе сүйекті ұштығы бар найза, сүңгі, найзалақтырғыш. Осы дәуірмен қазіргі физикалық типтегі адамның немесе ғалымдар атаған «саналы адамның» пайда болуы байланысты.

Рудың пайда болуымен, матриархалды рулық қауымның қалыптасуы жүрді.

Адамдар салынған баспаналарда тұрды.

Еңбек үрдістерінде қырғыштар мен кескіштер басты құралдар болды.

Күрделі дінпи түсініктердің дамуы туралы жерлеу орындарында табылған заттар мәлімдейді. Өлген адаммен бірге қабірге әшекейлерді салды, өмірді білдіретін қызыл сырмен денелерін септі.

Палеолит дәуірі адамның, оның ойлауының, өндірістік әрекет пен мәдениеттің қалыптасу дәуірі болды.

Неолит (б.з.д. 5 мың- 3 мың жыл)

Адамдар мал шаруашылығымен және қарапайым егіншілікпен айналыса бастады. Шынайы өнімді еңбек пайда болды. Ғылымда бұл оқиға неолиттік төңкеріс деп аталды.

Тас өңдеу техникасы жоғары деңгейге жетті. Шағын тас пластиналар (микролиттер) жасалды, олар құрама қарулардың – пышақтардың, орақтардың ішпектері қызметін атқарды. тас өңдеудің жаңа тәсілі – сығынды ретушь. Саздан берік ыдыс – керамиканы жасауды әне отта күйдіруді үйренді.

Тау-кен ісінің нышандары пайда болды, металды: мысты, алтынды, қорғасынды игеру пайда болды.

Өндіріс қарулары мен құралдарына қоғамдық меншік сақталды. Істерді рулық кеңес шешті.

Неолит дәуіріндегі жерлеу орындары бастама діни түсініктердың пайда болуын дәлелдейді. Солтүстік Қазақстанда Железинки к. өлікті өртеп (кремациялап) жерлеу табылды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан территориясындағы палеолиттің кезеңденуі.

2. Тас ғасырының шежірелік кезеңдері.

3. Өнер, діни түсініктер.

Тақырып 1.3.: «Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары»

қола ғасыры (б.з.д. II -I мың.)

Б.з.д. II мыңжылдықта мыс пен қорғасынның қорытпасын – қола алу технологиясы ойлап табылды. Металдан жасалған қарулар тас қаруларды ығыстырды. Бұл уақыт қола ғаысыры деп аталды (б.з.д. II-I мыңжылдық)

Қола дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ерте, орта және кейінгі.

Қол дәуірінде Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың басты саласы мал шаруашылығы болды.

Матриархалды рудың қирауы орын алды. Оның орнына патриархалды отбасылық-рулық қатынастар келді.

Андронов мәдениеті – Енисейден Оралға дейін таралған, қола дәуірінің ең ірі мәдениеті. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштері Оңтүстік Сібірде Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосында табыды. Қоныстанудың негізгі аудандарының бірі – Орталық Қазақстан. Қазақстандағы қол дәуірінің мәдениеті Беғазы және Дәндібай ескерткіш-кесенелерінің атауынан Беғазы-дәндібай деп аталды.

Көне қалалардың ізашары – Қостанай және Челябинск облыстарының шекарасындағы Арқайым. Сырдарияның сағасында, Арал маңында кейінгі қола дәуірінің ескерткіші – Тегіскен кесенесі табылды. Андроновтықтардың тіршілігінде мал шаруашылығы маңызды роль атқарды. Негізінен, сиырларды, қойларды, ешкілер мен аттарды, екіөркешті түйелерді – айыр өркештерді (түйе б.з.д. в III мыңжылдықта, Қазақстанда II мыңжылдықта қолға үйретілді) өсірді.

Алғашқы малшы тайпалары отырықшы болды. Андроновтықтар б.з.д. I мыңжылдыққа дейін отырықшы тіршілік жүргізді. Олардың шаруашылығы аралас болды. Кейінгі қола дәуірінде мал шаруашылығының ролі күшейді, малдың басы артты. Малшылықтың жайлаулы (жартылай көшпелі) түрі туындады. Онда әйелдер мен балалар егіншілікпен айналысты, ал ерлер көктемде отарлармен алыс жайылымдарға кетті, күзде үйге оралды.

Саз ыдысты қолмен жасады, содан соң күйдірді. Керамиканы геометриялық өрнекпен, фестондармен және меандарлармен әшекейледі. Қол дәуіріндегі тау-кен ісі мен көне металлургия Қазақстан территориясында кең таралды және андроновтық тайпалардың шаруашылығында маңызды роль ойнады. Жұмсақ кендерді «қайлаумен» өндірді. Тығыз жыныстарда «отпен үңгілеу» әдісін қолданды, онда от жақты, жыныс қызған кезде оны сумен суытты және кенді денеде жарықшақтар пайда болды.

Қазақстан территориясындағы зергерлік өнер б.з.д. II мыңжылдықта (XVI-XIV ғғ.) пайда болды.

Андроновтықтар жер кепелерде және жартылай жер кепелерде тұрды, оларды қыста мал ұстау үшін де пайдаланды. Киіз үй көне заманда пайда болды, оның прототипі андроновтықтардың жеңіл дөңгелек баспанасы болды.

Арқайым қонысы қала белгілеріне ие: фортификациялар – бекіністер жүйесі; құрылыстың қатаң жоспарының болуы; бірнеше аймаққа – тұрғын, өндірістік, қоғамдық аймаққа бөлінуі.

Переход к скотоводству положил начало патриархаль­но-родовым отношениям. На смену материнскому роду пришел отцовский род. Все дела решало народное собрание.

Адамның еңбегі өнімді бола бастады. Енді жеке отбасы өзін асырай алды. Рулық ұжымдық меншіктің орнына жеке отбасы меншігі келді. Тайпалардың малшылыққа өтуінің екінші салдары отбасылық, содан соң жеке меншік пен мүліктің теңсіздіктің пайда болуы болды. Рулық көсемдер, абыздар мен әскербасылар пайда болды.

Андроновтықтарда өлілерге табыну ерекше орын алды. Андронов мәдениетінің ерте кезеңінде (б.з.д. XVIII-XIV ғғ.) өлікті отта өртеді. Бұл салт жора отқа табынумен байланысты болды. Кейіннен өлікті өртеу әдет-ғұрпы жаңамен ауысты: өлікті сол немесе оң жағына салып, жиырылған күйде тас сағанаға салды. Андроновтық қабірлердің барлық жерлеулерінің басы баыстқа немесе оңтүстік батысқа қарады, өйткені ортасында қабірі бар дөңгелек қорған әлем ұқсастығы деп есептелді. Батысқа бағыттау өзге әлеммен байланысы бар құдайға бейімделу болды. Өлікті қабірге жиырылған күйде салды – бұл ана жатырындағы сәби қалпы. Өлікті байлады. Өлім құдайы Ямуды «өліктерді байлаушы» деп атады және жіп ұстаған күйде бейнеледі. Өлілердің рухтарына табынды, олардың жебеушілігі мен қорғанысына сенді, қабірлер қасиетті деп есептелді. Бұл ата-бабаға табыну болды.

Қазақстан тасқа салынған суреттерге – петроглифтерге бай. Тамғалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау суреттерін археологтар зерттеді және әлемдік мәдениеттің игілігіне айналды. Тасқа салынған суреттердің ірі орны Жетісу ауданы (Тамғалы шатқалы) болып табылады.

Соқаның алғашқы ізін жүргізу мол астықты қаматамасыз ету керек болды. Бірінші ізді жүргізу құқығы патшаға берілді.

Андроновтықтар еуропалық антропологиялық типке ие болды, тілі - үндіиран.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан территориясындағы қол дәуірінің ерекшеліктері (Андронов, Қарасу, Беғазы-Дәндібай).

2. Ерте және кейінгі қола мәдениетіне сипаттама беріңіз.

Тақырып 1.4.: «Тайпалық одақтар және көне мемлекеттік бірлестіктер»





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 1134 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...