Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Мәтінді оқып, жануарлар атауын теріп жазыңыздар



Біздің республикамызда сүтқоректі аңдардың бірнеше түрлері дәмді еті, пайдалы терісі мен үлпек жүні, тіпті мүйізі үшін ауланып, халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сондай ашатұяқтылардың бірі – ақбөкен.

Ақбөкен – өткен дәуірлерде мамонттармен қатар тіршілік етіп, күні бүгінге дейін жойылмай келе жатқан аса бағалы сүтқоректі жануарлардың бірі. Олар өте жүйрік және сақ болады. Олардың мұрны ерекше, онда ыстық ауаны суытып, суық ауаны ысытып тұратын ерекше фильтр орналасқан. Сондықтан да олар өз жануарларына оңайлықпен ұстата қоймайды.

Оның анасын шыбын, атасын теке дейді. Текенің мүйізі болады, әрі ол денесі жағынан шыбыннан ірі болып келеді. Аналық ақбөкендер он жылға дейін өмір сүрсе, аталық бөкендердің өмірі алты жылдан аспайды. Ақбөкен – өсімтал жануар. Оның аналығы бір жасқа жеткенде төлдейді. Егейген аналық бөкендер, әдетте, егіз төлдейді, тіпті кейде үшеу де төлдеп, сондықтан да олар тез көбейеді.

Ақбөкендердің негізгі мекені Республикамыздың құрғақ далалары мен шөлейтті аймақтары. Олар желе жотып жүріп өсімдіктердің жүзден астам түрімен қоректенеді. Олардың көпшілігі – жусан, изен, бидайық, қына болып келеді, тіпті үй жануарлары жей бермейтін құрамында улы заттары бар иістенген, қызыл құйрық, шатыр сияқты шөптерді де азық ете алады. Олар ылғалы мол өсімдіктермен қоректенетіндіктен шөлге шыдамды болады.

Қазіргі кезде ақбөкендерді ысырапсыз аулауға заңды түрде тыйым салынған. Олар табиғаттың аса құнды байлығы болғандықтан, Үкімет тарапынан, табиғатты қорғау комитеті тарапынан оларды өсіруге, көбейтуге ерекше назар аударылып келеді.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 680 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...