Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шөл және шөлейттер



Қазақстанның шөл зонасы Қазақстан оңтүстігінің, орталығы мен батысының көп жерлерін алып жатыр. Шөлді жерлер Каспий теңізі жағалауларынан бастап, шығысын жетісу Алатауына дейін және оңтүстік шығысында Тянь-Шань тауларына дейін жетеді. Ол жалпы республика территориясының 44 пайызын құрайды. Шөлді зонаның теріскей жиектері солтүстік ендіктер (47 және 48 градус) бойымен өтеді. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең таралған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, олар тек шағын учаскелерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ. Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды.

Шөлді зонада далалы зонадағыдай өсімдік қалың өспейді. Өсімдік көбіне құмды төбелер аралықтары мен олардың баурайларында ғана кездеседі. Ағаш тұқымдастардан мұнда өсетіні – ақ сексеуіл мен қара сексеуіл. Олардың арасында қоянсүйек, жыңғыл, жүзген, шеркез, қандым болады.

Сексеуіл республикадағы барлық орман алабы аумағының тең жартысынан астамын алып жатыр. Қара сексеуіл Бетпақдаланың батыс бөлігіне тегіс, сарысу бойының орталығына, Іле өзенінің сағалық оң жақ жағалауына және Шу өзені мен Мойынқұм аралығына тараған.

Қара сексеуілдің биіктігі өсуге қолайлы жағдайда 6-8 метрге жетеді. Оның діңі өте тығыз, ауыр болады.

Ақ сексеуілді тоғайлар Қарақұмда, Қызылқұмда, Балқаш төңірегі мен Мойынқұмда кездеседі.

Шөлейттің негізгі топырағы – ашық қызғылт топырақ. Оның құрамында шірінді аз болады. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Ақбөкендер мен қарақұйрықтар кездеседі.

Таулы-төбелі гранитті Қызыларай сілемі – шөлейттегі әсем жазираның бірі. Онда қарағай ормандары өседі.

Шөлейт те қой мен жылқы шаруашылығы басым дамыған. Кей жерлерінде көкеніс пен бақша өнімдері өсіріледі.

5-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, аударыңыздар.

Гидросфера – жердің су қабығы. Ол мұхиттардың, теңіздердің, құрлық сулары мен мұздықтардың жиынтығы. Гидросфера Жер бетінің 71 пайызын алып жатыр. Гидросфераның негізгі бөлігін дүниежүзілік мұхит сулары құрайды. Жер шарында оның алып жатқан аумағы 361 млн квадрат км.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 1880 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...