Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БӨЖ тапсырмалары



Тапсырма. Өзіңіздің қоғамдық жұмысыңыз туралы монолог айтыңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Қоғам дегенді қалай түсінесіз?

2. Қоғамдық жұмыстар дегенді ше?

3. Университетте сіздің көмегіңіз керек жұмыстар бар ма?

4. Мереке кездерінде университетке қандай көмек көрсетер едіңіз?

5. Қоғамдық міндет дегенді қалай түсінесіз?

3-САБАҚ

Денсаулықты сақтау

Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

Тапсырма. Берілген сөйлемдегі сөздердің қай шақта тұрғанын анықтап, көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қойыңыздар.

Біз қоршаған ортаны қорға...мыз. Улы заттардың әсерінен қазір табиғат ластан.... Ата-бабаларымыз жерді, елді, табиғатты көзінің қарашығындай сақта.... Өзендер мен көлдердің суын заводтар мен фабрикалар қалдықтарын төгіп ласта... жатыр.

Тапсырма. Мақал-мәтелдерді есте сақтаңыздар.

Дені саудың жаны сау.

Таза ауа – дертке дауа.

Денсаулықтың ең басты кепілі – табиғат.

Денсаулық – зор байлық.

Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

Тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыздар.

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Денсаулықтың мықты болуы көбіне адамның өзіне байланысты. Қаншама адам зардап шегіп, әр түрлі ауруға шалдығып жүр десеңізші! Ол бейшаралар қазіргі кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап кеткен емші-экстрасенстарге алданып, ауыруларын әбден асқындырып алып, емханалар мен дәрігерлердің бірінен екіншісіне жүгіріп, әуре-сарсаңға түсуде. Өз денсаулығын өздері бүзып жүрген осындай адамдарды көргенде, шарасыз жағдайларына жүрегініз сыздап, қапаланып қаласыз. «Денсаулық – зор байлық» дейді дана халқымыз. Тек ойлап қарасаныз, денсаулық – адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтінімз өкінішті-ақ! Мордва халқының: «Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін» деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам ағзасының қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада жөнделе салуы мүмкін емес.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 1040 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...