Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар



Биология ғылымының классиктері (Ж. Кювье, Ж.Б. Ламарк, Ч. Дарвин, К. Линней және т.б.) еңбектеріндегі деректерге қарағанда, адамзат ертеден-ақ өсімдіктер дүниесімен таныс болып, оларды өз қажеттеріне жаратқан. Мысалы, ежелгі тас ғасырындағы адамдардың өздері де жабайы өсімдіктердің тұқымын, жемісін, тамырын жеп күнелткен. Біздің эрамыздан 6 мың жыл бұрын болған Жаңа тас ғасырының адамдары жабайы өсімдіктердің тұқымын егіп, өсіре бастаған. Бұған неолит заманындағы адамдардың мекен-жайынан кейінгі кездерде зығыр талшығынан істелген ұлпалардың, жаңғақ жемістерінің, алма, алмұрт, жүзім тұқымдары қалдығының табылғаны дәлел.

Біздің эрамыздан 3-3,5 мың жыл бұрын жүзім өсіру кәсібі өрістелген, тегі жағынан біріне-бірі жақын өсімдіктерді өзара телу және кесінділеп өсіру әдісі қолданылған. Біраз жерлерде мақта, әр түрлі дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түрлері өсірілген. Демек, адам баласы мыңдаған жылдар бойы өсімдіктерді өсірген. Олардың ішінен жақсыларынтаңдап,тұқымға қалдырып отырған. Міне, осылай өсімдіктерді сұрыптау жұмысы басталған. Көне заманның өзінде-ақ өсімдіктердің мәдени және әр түрлі қажетке жарайтын жабайы түрлері көбейе түскен. Ал оларды бір жүйеге салып зерттеу ісін өмірдің өзі қажет етті. Осыдан кейін оларды зерттеуге, қасиеттерін білуге ынта туады.

Қазақстан жеріндегі ең алғашқы ғылыми экспедиция Солтүстік Қазақстанда болған. Бірақ бұл экспедиция өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, жер бедері туралы айтылған деректерден гөрі, жергілікті халықтың тіршілік ерекшеліктері мен дәстүрлері туралы жалпы мағлұматтар жинаумен шектелген. 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстан базасы жанынан құрылған ботаникалық бақтар мен секторлар Республикада ботаниканы дамытуда үлкен рөл атқарды. 1981 жылы Қазақ КСР Ғылым академииясының «Қызыл кітабы» екі том болып басылып шықты.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 531 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...