Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар



Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау мен байыта беру мәселесіне қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде айрықша мән беріліп отыр. Болашық ұрпаққа оларды кемеліне келтіріп табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше болмақ. Республикамызда табиғатты және хайуанаттарды қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. «Табиғат лабораториясы» атанған бұл қорықтарда саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті орындары да сол қалпында сақталуда. Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл, Наурызым қорықтары осындай ерекше бақылауға алынған.

1927 жылы елімізде тұңғыш ашылған табиғат қорығы – Ақсу-Жабағылы қорығы. Ол Талас Алатауының батысында Қаратау, Жабағылы, Өгем, Піскем тауларының түйіскен тұсында орналасқан. Бұл қорықта «Қызыл кітапқа» енгізілген аса сирек кездесетін өсімдіктердің 18 түрі сақталған. Мұнда өсімдіктердің алуан түрлері мен аң-құстардың да түрлері көптеп кездеседі.

Алматы қорығы алғаш рет Іле Алатауындағы Кіщі Алматы орман шаруашылығы территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Қорық аймағы Іле Алатауын, Талғар шыңын, Есік, Талғар, Шелек өзендерін қамти отырып, Қырғызстанға дейінгі жерлерге дейін созылып жатыр. Мұнда халықаралық «Қызыл кітапқа» енген, жойылып кету қаупі бар барыс, қарақұйрық мекендейді. Өсімдіктердің де сирек ұшырасатын Сиверс алмасы, Островский қызғалдағы сияқты түрлері кездеседі.

Наурызым қорығы 1959 жылы ұйымдастырылған. Қорықтың алып жатқан жер көлемі 87694 гектар. Соның 17662 гектары орманды алқаптардың үлесіне тиеді. Қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер бар. Бұл көлдер көктем, күз айларында нағыз құс базарына айналады.

Қорғалжын қорығы Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтиды. Қорық 1968 жылы ұйымдастырылған. Мұнда да көктем мен күз мезгілінде көлдердің беттері құстан көрінбей кетеді. Жалпы бұл қорық жылдың қай мезгілі болмасын қанаттылардың құтты қонысы. Сол себепті Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар қатарына жатқызылған.

1976 жылы 7 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында жатыр. Алтайдың ару көлі – Марқа қамқорлыққа алынып, қорыққа сән беріп тұр. Суы тұщы осы көл теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте орналасқан. Жалпы қорықтың аумағы 71369 гектар. Марқакөлдің жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Көлде балықтың бірнеше түрі бар.

Барсакелмес қорығы Арал теңізіндегі аралда орналасқан. Көлемі 200-250 шаршы километр. Қорық саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау мақсатында 1939 жылы құрылған.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 897 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...