Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айналадағы орта мен адам денсаулығы



Табиғат – адамзаттың тіршілік ететін ортасы. Сондықтан оның көптеген сұраныстарын қамтамасыз ететін шикізат көзі болып отыр. Айналадағы ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Қазақстанның шөлейтті, далалы жерлерінде мал шаруашылығымен айналысса, ал өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан.

Адамдардың түрлі шаруашылықпен айналысуы қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.

Осы қалдықтардағы әртүрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам ағзасына келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады.

Табиғи ортаны ластаушы заттар әртүрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам ағзасына әсер ету уақытына қарай түрлі нәтижелер туғызады. Аз ғана уақыт әсер етуінің өзінен адамның басы айналып, құсуы, жөтелуі мүмкін. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, адам қатты уланып, есінен тануы, тіпті өліп кетуі де мүмкін.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі бар. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерінен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Мысалы, улы заттар ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналып, адамдар мен жануарлардың тыныс жолдарына, терісіне әсер етеді және жүйке ауруын туғызады. Ауадағы фторлы сутек те өте улы. Адамға жағымсыз әсер етіп, қатерлі аурулар туғызады. Ол пластмасса жаққан кезде пайда болады. Қоңыр көмірді жаққан кезде ауаға күл бөлініп шығады да, көкөністерге, жеміс-жидектерге зиянын тигізеді. Ластанған өсімдіктерді жеген адамдар мен жануарлардың ағзасында физиологиялық өзгерістер болады.

Адам ағзасының осы сияқты улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына, ең алдымен денсаулығына, жасы мен жынысына байланысты. Улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар адамдар өте сезімтал болып келеді.

Улы заттар адам ағзасына біртіндеп әсер етіп жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның мынадай белгілері бар: адам тез шаршағыш болады, ұйқышыл немесе ұйқысы қашуы, бейжай, ұмытшақ, көңіл-күйі құбылмалы болып, зейіні төмендеуі мүмкін.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 1443 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...