Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық жұмыс. Scatter (таратылған) типіндегі объект



Мақсаты: Scatter (таратылған) типіндегі объектімен танысып және онымен жұмыс жасауды үйрену

Өту әдісі: зертханалық

Тапсырма. Таратылған объект типін құрыңыз.

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

1. Құрама объектілер көмегімен аз уақыт ішінде өте қызықты заттарды жасап алуға болады. Мұндай объектілердің біріне - объект Scatter (таратылған) типі жатады. Мұның көмегімен бір объектінің үстіне екінші объектіні орналастыра аламыз. Мысалға шөпті алаң, жапырақты ағаштар, паркілер және т.б. Scatter (таратылған) объект типі құрама объектілер ішінде орналасқан (Compound objects). Алдымен басқа объектілерді орналастыру үшін бет әлпетін құратын объектіні салып алу қажет. Мысалға параллелепипед (Box) текстурасы Ground_ Foliage (немесе басқасында алыңыз).

2. Алаңға орналасатын объектіні құрыңыз, мысалға саңырауқұлақ алаңын құрыңыз. Ол үшін алдымен саңырауқұлақты примитивтерден салып алыңыз да ол бір бүтіндей объектісі болуы қажет. Саңырауқұлақ дайын болған соң оны белгілеп Compound Object (құрама объектілер) бұрамасын белгілеп оның ішінен Scatter- ді таңдаңыз.

3. Ары қарай саңырауқұлағымызды орналастыратын объектіні көрсетуіміз қажет. Ол үшін Pick Distribution Object батырмасын таңдап параллелепипедті белгілеңіз. Сонда саңырауқұлағыңыз алаң үстінде жалғыз орналасып тұрады.

4. Саңырауқұлақтың санын көбейту үшін (Dublicates) параметрі арқылы жүзеге асады.

5. Base scale (маштаб) параметрі арқылы саңырауқұлағыңыздың масштабын кішірейтіңіз.

6. Vertex Chaos параметрі арқылы дубликат түрін өзгерте орналастыруға болады.

7. Таратылудың параметрлері: Perpendicular (Перпендикулярлы) — дубликаттар объект-базада шекара үсті бойынша перпендикулярлы орналасады.

8. Uses Selected Faces Only (Белгіленген шекарада ғана қолдану) — дубликатар объект-база шекарасында ғана орналаса алады.

9. Дуликаттарды объект-базаға орналастыруда келесі нұсқаулар бойынша Distribute Using (Орналастыру) ауыстырыпқосқышта таңдалынады:
- Агеа (Ауданы бойынша) — дулбикаттарды кездейсоқ жерге теңдеу етіп орналастыру;
- Even (Біркелкі) — дубликат саны бойынша орналастыру;
- Scip N (N шекарасын өткізе) — объект базаның N шекарасы өткізе дубликаттарды орналастыру;
- Random Faces (Кездейсоқ шекаралар) — дубликатар кездейсоқ орналасады;
- Along Edges (Қабырғаларды бойлай) — дубликаттар кездейсоқ қабырғалар бойынша орналасады; - All vertices (Барлық шыңдар бойынша) — дубликаттар объектінің әр шыңына орналасады;
- All edge midpoints (Қабырғалардың орта шеңімен) — дубликаттар барлық қабырғалардың орта шеңінде орналасады;
- All faces centers (Барлық шекараның орта шенімен) — дубликаттар объекті-базаның орта шекараларында орналасады;
- Volume (көлемі бойынша) — дубликат көлемі бойынша орналасады.

10. Display (Көрсету) ауыстырыпқосқышқа екі жайдың біреуінде болады: Results (Нәтижелер) — дубликаттардың орналасуының нәтижелері көрсетіледі, ал Operands (Операндалар) — объект-база мен орналасу объектісін ғана көрсетеді.

11. Дубликаттардың орналасуында кездейсоқтықты көрсету үшін Transforms (Өзгерту) бұрамасында беріледі.

12. Дубликаттарды X, Y, Z есептеуіштерінде өзгеріс жасау парамерін беріңіз, Rotation (Бұрылу), Local Translation (Локальды жылжу), Translation on Faces Area (шекара шектерінде жылжу) және Scaling (Масштабтау) бұрамаларында өзгерістер енгізіледі. Use Maximum Rang (Үлкен шектер қолдану), Lock Aspect Ratio (Пропорцияны сақтау) жалаушаларын қоюға да болады.

13. Display (Бейнеленуі) бұрамасында Proxy (Жуық) ауыстырыпқосқышты қосуға болады, дубликаттардың орнына макеттері бейнеленеді, Mesh (Тор) дубликаттардың нақты бейнеленуі.

14. Display (Көрсету) есептеуіште терезе проекциясында бейнеленетін дубликаттар санын береді. Таратылу базасын жасрыу мақсатта Hide Distribution Object (объект-базаны жасыру) жалауша қойылады.

15. Scatter (Таратылған) объекті типінде параметрлерін өзгерту тағы бір Load\Save Presets (Қосу/Дайындауды сақтау) бұрама ақылы жиналып жасалынған мәндерді сақтайды.

16. Жиналған мәндердің параметрлеріне атын беру Preset Name (Дайындауға атын беру) өрісте атын беріп одан кейні Save (Сақтау) батырмасын шертіңіз. Алдын ала сақталған дайындауларды ашу үшін Saved Presets тізімінен және Load (Қосу) батырмасын таңдайсыз. Delete (Өшіру) далдын ала дайындалған объектілерді өшіреді, сонымен қатар, алдын ала сақталғанды көру үшін Saved Presets (Сақталған дайындаулар) батырмасын таңдау қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Scatter- ді қалай таңдалынады?

2. Объектінің дубликаттарын таңдау қалай жүзеге асады және қандай параметрлері бар?

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Михаил Маров. 3D Studio Мах-3. Санк-Петербург 2000.

2. Келли Мэрдок. 3D Studio Мах-4 «Библия пользователя». Компьютерная издательство
«Диалектика» 2002.

3. Келли Мэрдок. 3D Studio Мах-5 Компьютерная издательство «Диалектика» 2003.

4. В. Б Комягин. 3D Studio. Трехмерная компьтерная анимация, 4-версия. Издательство
«Эком», Москва, 1996.

5. А. Хонич. Как самому создать трехмерную игру. Издательство «МикроАРТ», Москва,

1996.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 487 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...