Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық жұмыс. Бөлшектер жүйесіндегі деформация түрлері Forces (күші)



Мақсаты: Бөлшектер жүйесінің әдісімен танысып және онымен жұмыс жасауды үйрену

Өту әдісі: зертханалық

Тапсырма. Деформация түрлерін құраңыз.

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

1. Алдыңғы сабақта бөлшектер жүйесін, яғни жаңбырдың жауап тұрғанын, қардың жауып тұрғанын және басқа да геометриялық фугуралар құрап, олардың жерге құлап түсуін үйрендік. Ал олардың нағыз табиғи шындыққа негізделіп жасалуы үшін, қардың жерге тартылуы себебінен жауатыны сияқты күштерді де жасауға болады. Бұл мәселеде желдің соғуы, гравитациялық күштер, қысымның болуы, ауырлық күші, құйын сияқты бөлшектердің қозғалысын беретін түр Forces (Күштер). Мұндай деформация жасау и Create (Жасау) қаттамасының ішінде орналасқан.

2. Forces (Күштер) қаттамасының ең қарапайымы ол - Gravity (Гравитация) батырмасы арқылы бөлшек жүйелерінде ауырлық күшін тағайындауға мүмкіндік береді.

3. Ол үшін Create (Жасау) - Forces (Күштер) - Gravity (Гравитация) батырмасын басыңыз.

4. Кез-келген терезе проекциясында күштің орталық әсер ету нүктесінен бастап курсорды диагоналды қозғалта отырып тіктөртбұрыш құратындай етіп шертіңіз. Алдарыңызға нормальды бағытталған тіктөртбұрыш белгі шығады, оның бағыттауыштары әсер ету бағытын береді және төмен бағытталғаны үнсіз келісім бойынша Gravity (Гравитацияны) көрсетеді.

5. Гравитация белгісін бөлшектер жүйесінің астына орналастырңыз. Енді деформация көзін бөлшектер жүйесімен байланыстырыңыз. Ол үшін деформация көзін белгілеп алып, құрал-сайман панелінен Bind to Space Warp басыңыз да тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып, бөлшектер жүйесіне тартыңыз. Сол кезде бөлшектер жүйесі бір уақытта түсі ақ түске өзгереді, яғни объектілер бір-бірімен байланысты.

6. Енді гравитация параметрлерін де баптауға мүмкіндік болып тұр. Ол үшін Modify қаттамасына өтіп келесі параметрлерін беруге болады:
- Strength (Күш) – бөлшектерге гравитациялық әсер күшін береді. (параметрі үлкен немесе нолден де кіші болуы мүмкін);
- Decay (Сөну) - әсер ету күшінің аластаған сайынғы күштің азайуының дәрежесін береді;
- Planar (Тегіс майдан) – ауырлық күшінің тегіс майдан формасын құрайды және де ол тек белгі бағыты бойынша ғана әсер етеді;
- Spherical (Сфералық майдан) – ауырлық күшінің сфералық майдан формасын құрайды.

7. Бөлшектер жүйесінде деформацияның Spray түрі жоғарғы суретте көрсетілген.

8. Wind(Жел) түрі деформациясы да осылай құралады. Бірақ оның қосымша параметрі бар. Ол - Turbulence (Турбулентілік) – жел құйынының турбуленттік дәрежесін көрсетеді;
- Frequency (Жиілік) – анимауия кезінде турбуленттік әсерінен бөлшектердің өзгерісінің жиілігін береді;
- Scale (Масштаб) - бөлшектердің жел әсерінен турбуленттілігінің масштабын береді.

8. Төменгі суретте Wind (Жел) деформациясының әсерінен қозғалған бөлшектер көрсетілген.

9. Келесі деформация PBomb - деформация түрі РВоmb немесе Particle Вomb (Бөлшектерге арналған бомба) -бөлшектерді жан-жаққа лақтыратын импульсті жарылғыш толқын құрады.

10. Forces (Күштер) бұрамасынан бөлшектер жүйесіне көлемді деформация әсер ететін деформация құраңыз. Ол үшін РВоmb (Бөлшектерге арналған бомба) батырмасын таңдаңыз.

11. Кез-келген терезе проекциясында керекті нүктесінен белгілеп деформация белгісін тартыңыз. Ол суретте көрсетілгендей болады.

12. Бөлшектер жүйсімен деформация көзін байланыстырыңыз.

13. Деформация көзін белгілеп, Modify қаттамасына өтіп, дефрмация параметрін өзгертіңіз Ол үшін Basic Parameters (Базалық параметрлер) бұрамасына кіріңіз де Blast Symetry (жарылғыш толқыггың симметриясы) күш өрісін келесі кезеңдерге қою аласыз:

- Spherical (Сфералық) – екпінді толқын жан-жаққа таралады;
- Cylindrical(Цилиндрлік) – екпінді толқын радиалды бағытта тік осіне перпендикуляр бағытта таралады;
- Planar (Тегіс) – екпінді толқын жоғары және төмен жазықтыққа перпендикулярлы таралады.

14. Кездейсоқтық берілу үшін Chaos (Хаос) есептеуішке жарылу толқынның пайызын көрсетеді.

15. Explosion Parameters (Жарылу параметрі) бөлімінде арақашықтыққа байланысты күштің әлсіреуін беретін ауыстырып қосқыштар: Unlimited Range (Шектелмеген диапазон), Linear (Сызықтық басылу) немесе Exponential (экспонента бойынша басылу). Соңғы екеуінде Range (Диапазон) есептеуішке максималды арақашықтық, яғни жарылу күшінің таралу арақашықтығын береді. Параметрлерін баптаңыз:

- Start Time (Басталу уақыты) – кадрдағы әсер етудің номері;
- Duration (Ұзақтығы) – кадрдағы деформация әсерінің ұзақтығы;
- Strenght(Күші) – жарылу күшіндегі бөлшектердің ұшу жылдамдығының өзгерісі.

16. Деформация белгісінің бейнеленуін басқару үшін Display Icon (Белгінің бейнеленуі) параметрінді Icon Size (Белгі өлшемі).

17. Суретте рендеринг қорытындысы бойынша PBomb (Бөлшектер үшін бомба) бөлшектерге қолданылған деформация көрсетілген.

Бақылау сұрақтары:

1. Forces (Күштер) батырмалары қайда орналасқан?

2. Gravity (Гравитация) батырмасы арқылы қандай күш құрылады?

3. Wind батырмасы арқылы қандай деформация орындалады?

4. РВоmb батырмасы арқылы қандай деформация орындалады?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 597 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...