Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Номерлеуді оқыту кезектілігі



1000 шамасындағы 10000 шамасындағы (көп таңбалы сандар)

1. Оқыған сандардың номерлеуін қайталау (10 дейін, 20 дейін, 100 дейін).

2. Толық жүздіктерді 1000 дейін номерлеу.

3. Толық мыңдықтарды 10000 дейін нөмірлеу, жаңа разряд – мыңдықпен таныстыру. Толық мыңдықты құру

4. Үш таңбалы санның номерлеуі.

5. Төрт таңбалы санның номерлеуі.

1000 және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқыту әдістемесі мен кезектілігі.

1.10, 100 (1000; 10000; 100000) шамасындағы сандардың номерлеуін қайталау. 10 бірліктен – 1 ондық, 10 ондықтан – 1 жүздік, 10 жүздіктен – 1 мыңдық жаңа есептік бірліктің құрылуына ерекше назар аудару.

2.Толық жүздіктерден 1000 – ға дейін, толық мыңдықтардан 10000 – ға дейін және 1000000 дейін номерлеу.

3.1000 шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеу.

а) Жүздік, мыңдық және мыңдықтарды есептеу (мыңдық, ондық бірліктерімен және бірліктермен).

б) толық және толық емес көп таңбалы сандарды құру және жазу.

в) сандарды талдау.

г) көрсетілген разрядқа дейін сандарды дөңгелектеу (көп таңбалы сандарды оқу кезінде ғана).

д) 1-ден 1000-ға дейінгі натурал сандардың кезектілігі мен қасиеттері.

е) 100000 және 1000000 шамасындағы сандарды номерлеуді оқытқанда класс туралы ұғымды қалыптастыруда жаттығулар қосылады.

Сандардың нөмірлеуімен таныстырудағы тапсырма түрлері:

1. Толық жүздіктен, толық ондықтан және бірліктен сан құрастыр. Оқып, дәптеріңе жаз.

2. Сандарды қой 935; 578… - разрядтарға бөл.

1 ден 1000 – ға дейінгі натурал сандардың қатардың кезектілігі мен қасиетін бекітуде санның «+» немесе «-» бірлігінен алыну мүмкіндігін көрсету қажет.

V сыныптың II тоқсанында оқушылар 10 дейінгі сандарды ~ белгісімен дөңгелектеумен танысады.

Бұл тақырыпты өтпес бұрын, мына сұрақтарға жауап бере отырып, құрам бойынша сандарды талдай білуін анықтау қажет:

1. 226 санында неше бірлік (ондық, жүздік)

2. 226, 200 сандарында барлығы неше бірлік (ондық)?

Бұл сұрақтарды саралауда оқушылар әжептеуір қиналады. 1- сұраққа жауап беруде оқушылар бірлік (ондық, жүздік) разрядын қарау керек және сандағы бірлік санын көрсету, ал, екінші исұраққа жауап беруде оқушылар сандағы бірліктердің жалпы санын атау керек, яғни 246 бұл 200 және 40 және 6. 200 бұл 20-ондық, 40 бұл 4 ондық. Яғни 246 санында 24 ондық бар. Оқушылар сандағы ондықтардың жалпы санын анықтауда бәрінен бұрын бастау қажет. Мысалы: 20 санында неше ондық бар? 200 санында барлығы неше ондық бар? Мұны қалай білуге болады? Бір жүздікте – 10 ондық, ал екі жүздікте ше? (10 ондық*2 20 ондық). 220 санында жалпы неше ондық бар? (200 бұл 20 ондық, 20 бұл 2 ондық. 220 бұл 22 ондық); 342 бұл 30 ондықтан 4 ондыққа дейін барлығы 34 ондық).

1000 шамасындағы сандарды номерлеуді оқыту.

2. Толық жүздіктерді 1000-ға дейін номерлеу.

Сабақ ондықтардың (10 бірліктен), жүздіктердің (10 ондықтан) құралуын қайталаудан басталады. Жазу параллель жүреді: 10 бірлік = 1 ондық, 1 ондық=1 жүздік.10 ондықты жүздікке ауыстырамыз. Жүздіктерді есептеуге көшеміз 1 жүздік – 100 бірлік 2 жүздік – 200бірлік; 9 жүзд. – 900 бірлік; 10 жүздік – 1000бірлік.

М. Н. Перова бүтін жүздіктердің жазбаша номерлеуімен танысуды 100 мәнімен аналогия бойынша жүргізуді ұсынады: 100 санында – бір жүздік, жүздіктер санда үшінші орында оң жақтан жэазылады, бірлік пен ондық орнында ноль болса 1 жүздік + 1 жүздік = 2 жүздік. Егер бірлікті жүздікке ауыстырсақ, онда қандай жазу болады?

100+100=200.

Одан кейін теңдік құрамыз:

1 жүздік = 100 бірлік.

2 жүздік = 200 бірлік.

3 жүздік = 300 бірлік.

...............

10 жүздік = 1000 бірлік.

Кестеге бірлік, толық ондықтар, жүздік жазу жұмысын ұйымдастырамыз.

1 2..........9 10 20 90 100 200 900

Оқушылар санды санайды, салыстырады, бірінші, екінші, үшінші сан қатарда қандай бірліктер берілген. Қасында тұрған сандарды қатар және бағана бойынша салыстырамыз.

20 > 2 2 < 20

20:2=10

30 > 20 20 < 30

Дәл қазір мынадай жаттығу орындаған жөн.Сыныптың еденіне немесе үлкен қағазға бормен шаршы сыздырамыз, оны 100 тор көзге бөлеміз. (10х10), және 10 бидайды қоямыз. Шаршыда қанша бидай бар? Оны қалай білуге болады? Тексеру:

1. Бидай санын қатардың санына көбейтеміз.

2. Жалпы ондықтардың санын санау

Одан кейін бірлік, толық ондық, жүздік жазылған кестемен жұмыс.

          .........  

Оқушылар санды санайды, салыстырады, қандай бірліктерді санағанда бірінші, екінші және үшінші қатардағы есеппен жүргізіледі. Қатарды, бағанды қатар тұрған санмен салыстыру. Басқа көрнекі оқу құралдармен жүздіктен мыңдыққа дейінгі санау жүргізу: таяқшамен, есеп шотпен.

3 а) Көрнекі оқу құралдармен жүздік және ондық санау жүргізіледі.

Басында саналған ондықтар жүргізіледі;

Мысалы: 1онд.., 2онд.

...................20онд.- екі жүз.

Одан кейін жүздікті ондықпен толықтырамыз: жүз он, жүз жиырма..........190, 200.

Жаңа жүздікке өткенде назар аудару керек (190, 200.....290, 300), мыңда – 10 жүздік және 100 ондық.

Ондықпен, жүздікпен тура және кері санау жүргізіледі.

3б) Бірлік және ондық, жүздікті санау.

Мұғалім 1 жүздік таяқшаны алуын, 2 ондық таяқшаны алуын сұрайды. Санды атауын сұрайды. Одан кейін 120 санына тағы 3 таяқша қосады. 123 саны шықты. Осы санды оқушылар есеп шотта, абакта, арифметикалық жәшікте орындауы керек.

Жазбаша номерлеу

Көмекші мектеп оқушылары көбіне екі разряд нолге тең немесе бір бірлік сандарды жазуда қиналады. Сондықтан жазбаша номерлеумен таныспай тұрып қайталауға көп мән беру керек. Басында оқушылар толық үш таңбалы санды жазумен барлық үш разрядпен танысады: бірінші бірлік немесе екінші разрядтағы санды жазу.

Санды абакта жазып, санға талдау жасау керек.

Тапсырма: Толық жүздік, ондық және бірлік;

Осыдан сан құрастыр.

Атап дәптеріңе жаз.

Оқушылар жүздік, ондық, бірліктерден сандар құрастыра білгеннен кейін, 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың сандық қатарындағы орнын бекіту жұмысының кезектілігіне өтуге болады. Оқушыларға 100 кейінгі санға 1 «+» және «-» 1 арқылы санның орнын табуға болатындығын түсіндіреміз.

Мысалы: 100 таяқша +1=101, тағы бір таяқша қосамыз 102 шығады т.с.с. 199 дейін жеткізіп тағы бір таяқша қосамыз, жаңа жүздік құрылды.

1 жүзд. және тағы 1 жүзд. = 2 жүзд.

Тура және кері санау жүргізіледі. (200 «100)

Аналогичная работа проводится и на счетах.

Келесі сабақтарда 1 ден 1000ға дейін санау көп уақытты алады, сондықтан берілген саннан берілген санға дейін санау тиімді. Мысалы: 195 - 208, 347- 353, 705 - 690,

311- 300. Оқушы санның алдындағы және саннан кейінгі санды анықтауды санға бірлікті «+» немесе «-» табу керек.

Мысалы: 345+1=346 199+1=200

500-1=499 448-1=447

Санды түрлі нұсқада жазып үйренеді, мысалы: 238=2 жүздік 3 ондық 8 бірлік; 238=200+30+8

Міндетті түрде кері тапсырма беру керек: 5 жүзд. 6 онд. 4 бірл. санын жаз. Санды салыстыру, мысалы: бір бірлікке көп (аз) санды ата.

Бір бірлікке көбейт (азайт). Жаз.

Санда неше ондық барын білу үшін, бірлікке көңіл бөлу керек (VI сыныпта), ал санда неше жүздік барын білу үшін екі санды бірліктер мен ондықтарды ажырату керек.

Тапсырма: дәптерлеріңде ондықтар разрядының астын сызыңдар; жалпы ондықтар разрядының астын сызыңдар.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 3641 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...