![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытудың кезектілігі:
1. 10 және 20 шамасындағы сандардың номерленуін қайталау.
2. Толық ондықтарды номерлеуін оқыту.
3. 21-ден 99-ға дейін сандардың номерлеуін оқыту:
а. 20 – дан 30 - ға дейін. г. 50 - ден 60-қа дейін. ж. 80-нен 90-ға дейін.
б. 30 – дан 40 - ға дейін. д. 60 - тан 70-ке дейін. з. 90-нан 100-ге дейін.
в. 40 - тан 50-ге дейін. е. 70-тен 80-ге дейін.
3-сыныптың 1-тоқсанының бәрі қайталауға кетеді.
100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытуда 20 шамасындағы сандардың номерленуін оқытуда қарастырылған әдістемелік кезеңдер қарастырылады.
Толық ондықтардың номерленуін оқытуға 3-4 сабақ беріледі.
21-ден 99-ға дейінгі сандардың номерленуін оқытқанда М.Н.Перова алдымен екі таңбалы санның аталу қағидасын көрсетуді ұсынады, мысалы, оқушыларға тапсырма беріледі:
- 2 бума және 6 таяқша қойыңдар.
- Неше таяқша қойдыңдар?
- Біз 26 санын құрдық. Санның аталуы екі сөзден тұрады: жиырма және алты (қатар санның жазылған карточканы көрсету керек).
Жиырма алты |
- Қалай жазылған?
- Алдымен ондықтар, содан кейін бірліктер.
- Сандардың жазылуын да бірге үйрету керек.
Арнайыі мектеп оқушыларын сандардың жазылуының әртүрлі формаларымен таныстырған жөн, мысалы:
3 ондық 6 бірлік.
36 = 30+6;
36.
Оқушыларды 100 шамасындағы сандардың номерлеуін оқытқанда «разряд» ұғымымен таныстырады, бірліктер бірінші разрядқа жатады және санды жазғанда оң жақтан бірінші жазылады, ондық - екінші разрядқа жатады, оң жақтан екінші жазылатындығын айтады, жүздіктер - үшінші разрядқа жатады, оң жақтан үшінші болып орналасқан.
-3-
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1756 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!