![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Білімділік міндеті:
См. ұзындық өлшемін қайталау.
Балаларды дециметр ұзындық өлшемімен таныстыру.
Дециметр туралы дұрыс ұғым қалыптастыру.
Дециметр моделі көмегімен биіктікті, енін, ұзындықты өлшеуге үйрету.
Сандарды қысқаша жазумен таныстыру.
Тапсырма:Партаның енін өлшеңдер. см.,өлшеу өте ұзақ жүреді, партаның енін өлшеу ыңғайсыз, оқушылар шатасады. Ұзындық, ені, биіктікті өлшеуге үлкен өлшем – дециметр бар.
Міндетті түрде сөздермен сөздік жұмыс жүргізілуі керек.
5 сынып 2 тоқсан. Өлшеуден алынған сандарды түрлендірумен таныстыру. Дециметр моделін оқушылар ұғынған соң, сантиметр мен дециметр өлшемдерді салыстырылады.
- Ал енді парта енін дециметр өлшемімен өлшеп көріңдер. Өлшеу нәтижелері жазылады. Оқушылар қысқа жазбаша белгіленуімен танысады.
Ұзындық өлшемі – метр. Ұзындық өлшемі метрді таныстыру дециметрді аналогиялы түрде таныстырады.
Ұзындық өлшемі - миллиметр.
Тапсырма: Оқушыларға 2 кесінді бірінің астына бірі сызылған карточкалар беріледі. Бірінің ұзындығы 4 см, екіншісі - 4см 5мм.
-Кесінділердің ұзындығы бірдей ма
- Қай кесінді ұзын? (қысқа)?
Біреуі 4см. екіншісі 4 см және кішкене 1 см жетпейтін қалдығы бар.
-Қалдығын өлшеуге бола ма?
-Ұзындық өлшемінің қай өлшемімен өлшеуге болады?
Мұғалім оқушыларға миллиметрді сызғышта, миллиметрлік қағазда көрсетеді.
Сөздік жұмыс жүргізіп, қысқыша жазылуымен таныстырады. Мысалы: 2мм., 5мм.
Оқушылар см. және мм. сәйкестігін өздері сантиметрлік сызғышта неше мм бар екенін анықтайды. Одан кейін кесінділерді см., мм. өлшеп, ретімен жазу тапсырмасы беріледі. Нәтижесін дәптерге жазады.
Ұзындық өлшемі - километр.
«км» ұғымын сыныпта таныстыра алмаймыз. Жаңа өлшеммен экскурсия барысында таныстырамыз. Мұғалім алдын ала мектептен 1 км. Қашықтықты белгілеп қоюы керек. Мүмкіндігінше жол түзу болғаны дұрыс.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1772 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!