Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып: Мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқытудың пропедевтикалық кезеңі



Жоспары:

1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға пропедевтикалық кезеңнің қажеттілігі, міндеттері, мазмұны.

2. Пропедевтикалық кезеңде оқыту процессінің өзгешілігі.

3. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі: көлемдік сандық, кеңістіктік, салмақтық ұғымда.

-1-

Мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқытудың алдында міндетті түрде дайындық кезеңі болу керек. Оның қажеттілігі біздің балалардың психикалық дамуы әр түрлі сатыда болу мүмкіндігімен дәлелденеді. Кейбір балалар бірінші сыныпқа арнайы бала-бақшалардан келеді, басқалары үйден яғни дайындалмаған болып қабылданады, немесе жалпы білім беру мектептен материалда меңгере алмаған балалар қабылдануы мүмкін. Сол себептен пропедевтикалық кезеңнің мақсаттары келесідей:

1. Балалардың даму деңгейін зерттеу. Бұл мақсатты психолого-медико-педагогикалық құжаттарды зерттеу, балалардың жұмыстарын қарастыру, ата-аналармен әңгімелесу, бақылау арқылы жүзеге асырады.

2. Балалардың қарапайым математикалық білімдерін, сөз қорын, танымдық мүмкіншілктерін анықтау.

3. Оқушыларды оқу-құралдармен таныстыру, олармен жұмыс істеуді үйрету.

4. МШ балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру: мөлшерлік, сандық, уақыттық, кеңістіктік, геометрикалық фигуралар туралы және т.б.

-2-

Пропедевтикалық кезеңде жеке және фронтальды жұмысты қатар жүргізген жөн. Бұл кезеңде жұмыс тәсілдері мектепке дейінгі балалармен қолданатын тәсілдермен бірдей: ойын тәсілдері, сөздік инструкция, тәжірибелік жұмыс. Сөздік инструкцияға қойылатын талаптар:

- инструкция тек бір ғана әрекетке арналу керек;

- инструкция бойынша балалар бір уақытта топпен бірдей жұмыс істеу керек;

- мұғалім орындаған жұмыстарын сөзбен басқарып тұрады, балалар хормен бірге жауап береді. Осындай жұмыс балалардың артта қалуына кедергі жасайды;

- алдын ала қажетті көрнекіліктерді, құрал-жабдықтарды дайындау керек;

- соңында қорытынды шығаруды үйретеді, мысалы: біз қазір не істедік? Қай шеңбер үлкен?

Пропедевтикалық кезеңде сабақтың ұзақтығы 30-35 минут және де екі сергіту кезеңі болады. Балалардың іс-әрекеті 3-5 минут сайын ауысып тұру керек, өйткені зейіндері тұрақсыз. Әр сабақтың үстінде өткен материалды қайталау қажет. Сабақтың үстінде көптеген әр түрлі көрнекіліктерді қолданған жөн. Көрнекіліктің екі түрі қолдананылады: иллюстрациялық және санауға арналған заттар. Әр сабақтың үстінде дәптермен және ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған жұмыс ұйымдастырылады.

-3-

Көлемдік ұғымдар:

үлкен - кішкентай

жуан - жіңішке

ұзын - қысқа

биік - аласа

кең - тар

ұзындығы, биіктігі, жуандығы т.б. бірдей.

Көлемдік ұғымдар – жұптық ұғымдар, заттың қарама-қайшылығын сипаттайды. Сол себептен оларды қалыптастырғанда жұптық көрнекіліктер қолдану керек.

Бірінші сабақтарда бақылауға ұсынған заттардың барлық қасиеттері бірдей болған жөн (түсі, материалы, формасы). Айырмашылығы тек көлемінде болуы тиіс. Мысалы, екі шар, біреуі үлкен, біреуі кіші. Салыстыруды ұқсас қасиеттерден бастайды, содан кейін айырмашылығын көрсетеді. Бекіту кезеңінде әр түрлі тапсырмалар ұсынады: геометрикалық фигураларды үлкен, кішіге жікте; үлкен шеңберлерді қызылмен, кішілерді көкпен боя т.б.

Балаларда көлемдік ұғымдар қалыптасқаннан кейін бірнеше сипаттың ішінен қажеттісін бөлуге арналған тапсырмалар ұсыналады.

Мысалы: балаларға 4 түрлі қалам беріледі: ұзын-жуан; қысқа-жуан; ұзын-жіңішке; қысқа-жіңішке. Тапсырма: осы қаламның ішінен тек жуандарды бөліп ал.

Оқушыларда салыстыру тәсілдерін қалыптастырамыз – заттарды сәйкестендіру, бірінің үстіне бірін қойып салыстыру. Соңғы сабаұқтарда үлкенірек, кішірек, көлемі бірдей деген ұғымдармен таныстырамыз.

Сандық ұғымдар: аз-көп, бірнеше, көп емес

бір, бірнешеу, бірде біреуі жоқ, бірдей, соншалықты

Осы кезектілікпен балаларға да ұсыналады. Барлық сандық ұғымдар «Қанша?» деген сұраққа жауап екендігін балаларға түсіндіреміз.

МШ балалар өмірлік тәжірибенің аздығына және сөз қорының кедейлігіне байланысты көптеген сандық сөздердің мағынасын түсінбейді: аз-көп, бірнеше, көп емес, бір, бірнешеу, бірде біреуі жоқ, бірдей, соншалықты, көбейді, азайды, бірге т.б. Оқыту барысында ойын тәсілдерді жиі қолданған дұрыс, мысалы: «Дүкен». Ойын барысында балалар заттарды алмасытырып, олардың сандық сапасының қалай өзгергенін байқайды, нәтиже шығарады: алдық, силадық, ұшып кетті, теріп алды т.б. - азайды: қостық, ұшып келді, өсті т.б. – көбейді.

Осы кезеңде оқушыларды заттарды саны бойынша салыстыруды үйретеміз. Ол үшін сәйкестендіру тәсілін қолданамыз. Мысалы: балаларға бірнеше үлкен және кіші қасықтар көрсетіп, қайсысы көп – аз екендігін сұраймыз. Балалар санамай бірден жауап бере алмайды, сонда бір қатарға үлкен қасықтарды қойып шығып, әр қасықтың астына кіші қасықтарды қоямыз. Сұрақтар:

- Мен қазір не істедім?

- Қандай қасықтың саны көп?

- Үлкеннің бе кішінің бе?

- Санын салыстыру үшін біз не істедік?

Осындай тапсырмаларды жиі ұсыну керек.

Кеңістіктік ұғымдар: оң қол - сол қол

оң жақ – сол жақ

жоғары – төмен

алдында – артында

алыс – жақын

Кеңістіктік ұғымдарды қалыптастыруға арнайы сабақтар берілмейді, өйткені осы түсініктерді басқа сабақтардың үстінде (денешынықтыру, бейнелеу, еңбек, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау) және сабақтан тыс уақытта қалыптастыру керек.

Кеңістікте бағдарлау төрт кезеңнен құрылады:

1. Өз денесінде бағдарлау.

2. Өз денесіне қарай кеңістікте бағдарлау: менің оң жағымда, сол жағымда, менен алыс, менің қасымда т.б.

3. Басқа заттарға қарай бағдарлау, мысалы: есіктің оң жағында.

4. Микрокеңістікте бағдарлау, мысалы: парақтың үстінде.

Салмақтық ұғымдар: ауыр-жеңіл,

ауырырақ-жеңілірек.

Мектепке дейінгі жастағы балаларда бұлшықет сезімдері толығынан қалыптаспаған. Сондықтан салмағының айырмашылығы қатты болмаса, оны байқамауыда мүмкін. Тақырып бойынша бірінші сабақтарда бақылауға екі бірдей затты ұсынамыз, мысалы: екі шелек, біреуі толық, яғни ауыр, екінші бос, яғни жеңіл. Басқа қасиеттері (көлемі, формасы, түсі) бірдей болу керек. Салыстыруды ұқсас қасиеттерінен бастаймыз. Содан кейін айырмашылығын анықтаймыз. Әр бала заттың салмағын қолмен ұстап көру керек.

Келесі сабақтарда үлкенірек, жеңілірек деген ұғымдарды қалыптастырамыз және таразбен қолдануды үйретеміз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 3621 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...