Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып: Он шамасындағы сандарды оқытудың әдістемесі



Жоспары:

1. Бірінші конценттрдің міндеттері, оның мазмұны

2. Он көлеміндегі сандардың номірлеуін оқыту әдістемесі

3. Он шамасындағы сандармен қосу, алу амалдарды үйрету әдістемесі

Көрнекіліктер:

1. Құрал «10 шамасындағы сандардың құрылуы»

2. Абак.

3. Сызба «Сан түсінігін қалыптастыру кезеңдері».

Абак – Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қолданылған есеп тақтасы.

Тақта белгілі бір разрядтық бірлікті білдіретін жолақтарға бөлінген. Жолақшаға әрбір разрядтық бірліктің санын білдіру үшін тастар қойылады.

-1-

Зияты зақымдалған оқушылары ондықтармен 1 сыныпта және 2 сыныптың бірінші тоқсанында танысады. Осы кезеңнің соңында оқушылар келесідей білімді меңгерулері керек:

1. 1- ден 10-ға дейін санауды.

2. 10 шамасындағы сандардың қатарында әр санның орнын білу.

3. Сандарды салыстыру.

4. Әр санның құрамын білу.

5. 10 шамасындағы сандармен қосу, алу амалдарын орындау.

Бірақ та екінші жылдың ортасында оқушылардың білім деңгейі бірдей болмайды. Мұғалім әр оқушының білім деңгейін білуі керек, сондықтан балаларға мінездеме құрылады. Ол алдағы уақытта оқыту барысында оқушыға жеке ықпал ету үшін қажетті.

Мінездемеде көрсетіледі:

1. Оқушы сандық қатарды біле ме, барлық сандарды ретімен атап бере ала ма, кері санай ала ма, берілген саннан берілген санға дейін санай ала ма. Алдыңғы және кейінгі сандарды біле ме, сандық қатарды біле ме.

2. Оқушы санды салыстыра ала ма: заттарға сүйеніп, сандық қатарға сүйеніп, ойша.

3. Оқушы санды жаза ала ма: үлгі бойынша, нүктелер бойынша, өздігімен.

4. Санап шыға алады ма: затты қозғалту арқылы, саусағын санау арқылы, көзбен.

5. Сомма мен қалдықты қалай шығарады: әр санның құрамын біле ме, нөлдің маңызын түсіне ме.

Он шамасындағы сандарды оқыту барысында қолданатын көрнекіліктер:

· Санауға арналған әр түрлі ұсақ заттар: ойыншықтар, санау таяқшалар, геометрикалық фигуралар, кубиктер т.б.

· Иллюстрациялар – бір түрлі және әр түрлі заттардың суреттері, цифрлар, цифрлық кассалар, есепшоты.

-2-

Он шамасындағы сандардың әрқайсысына бірнеше сағат беріледі. Әр санның нөмірлеуін оқытуында келесі әдістемелік кезеңдер қарастырылады:

I. Санның құрылуы. Екі түрлі қарастырылады:

- алдыңғы санға бірді қосу

- артқы саннан бірді алу.

II. Санды цифрмен белгілеу. Цифрды жазу.

III. Санды және көптіктерді сәйкестендіру.

IV. Сан қатарындағы санның орны.

V. Берілген санға дейін санау.

VI. Сандарды салыстыру.

VII. Сандардың құрамы. Екі түрі қарастырылады:

- бірден және басқа сандардан

- екі кіші саннан құрылуы.

Мысалы: «5 саны» тақырыптың бірінші сабағының алдында келесі міндеттер қойылуы мүмкін.

Білім беру міндеттері: 4 -ке дейін санауды қайталау; төртке бірді қосу арқылы бес санының құрылуымен таныстыру; 5 цифрын жазуды үйрету; сан қатарындағы орнын бекіту; 5 көптігімен 5 санын сәйкестендіру.

Келесі сабақта келесі міндеттер қойылу мүмкін: төртке бірді қосу арқылы бес санының құрылуын бекіту. 5-ке дейін тура, теріс санауды үйрету. Бестен бірді алу арқылы төрт санның құрылуының екінші тәсілімен таныстыру. 5-ке дейін санадарды салыстыруды үйрету.

3-ші, 4-ші, 5-ші сабақтарда алдыңғы материалды бекітеміз және санның құрамымен таныстырамыз.

I. Санның құрылуы. Екі жолы қарастырылады:

1. Алдыңғы санға бірді қосу

2. Артқы саннан бірді алу.

Барлық жұмыс заттық тәжірибелік іс-әрекетте ұйымдастырылады. Мұғалім балаларға бірнеше затты ұсынып, тағы бір затты қосады, сөйтіп 5 саны пайда болғанын көрсетеді. Мысалы:

- Бізде бірнеше алма бар?

- Санаңдар, қанша?

- Дұрыс 4?

- Енді оған тағы алма қосамын?

- Қанша алма болды?

Осындай жұмысты бірнеше көрнекліктерде көрсеткен жөн:

- Алматта бірнеше дәптер бар. Қанша?

- Оған Сания бір дәптер сыйлады.

- Енді Алматта дәптердің саны қанша?

Содан кейін балалардың заттық тәжірибелік іс-әрекетін ұйымдастыру керек:

- Партаға 4 қызыл шеңбер қойып шық, тағы бір шеңбер қос. Саны қанша болды?

Қорытынды:

- 5 саны қалай пайда болды?

- Қай санға бірді қостық?

Бекіту тапсырмалары тәжірибелік болу керек. Келесі сабақта тура осындай жағдайда бестен бірді алу арқылы төрт санының құрылуын қарастырамыз: бірнеше алма бар:

- Сана қанша?

- Бір санды алдық. Қанша қалды?

Алдындағы сияқты төрт санының құрылуын бірнеше көрнекіліктерде бекітемізде нәтиже шығарамыз.

- Төрт саны қалай пайда болды?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4573 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...