Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып: МШБ математиканы оқытудың арнайы әдістемесінің жалпы сұрақтары



Лекция 1-2

Жоспары:

1. Математика оқытудың арнайы әдістемесінің пәні, міндеттері, әдістері.

2. Арнайы мектепте математика оқытудың арнайы әдістемесі.

3. Зияты зақымдалған балаларға арналған математика бағдарламасын құрасытыу принциптері.

4. Арнайы мектеп оқушыларын математикалық білімдері мен біліктерін меңгеру ерекшеліктері.

-1-

Математика ғылым ретінде пайда болуы, оның даму кезеңдері. Арнайы мектеп оқушыларын математика оқытудың тәжірибелік маңызы.

МШБ математикаға оқытудың негізгі мақсаты – өзіндік өміріне және кәсіби еңбегіне қажетті қолайлы математикалық білім, біліктілік дағдылар жүйесін меңгерту.

МШБ математикаға оқытудың әдістемесі келесі сұрақтарға жауап береді:

1. Математикаға не үшін оқыту?

2. Нені оқыту?

3. Қалай оқыту?

Математика оқытудың арнайы әдістемесінің алдында келесі міндеттер қойылады:

- дамуында ауытқуы бар балаларға математикалық білім беру мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған математика бағдарламаларын құрастыру;

- математика оқыту формалары мен әдістерін жүзеге асыру;

- математика оқулықтарын құрастыру.

Математика оқытудың арнайы әдістемесін ғылым ретіндегі зерттеу әдістері: бақылау, психолого-педагогикалық эксперименттер, социологиялық әдістер, құжаттарды зерттеу.

Математика оқытудың арнайы әдістемесі екі бөлімнен құрылады:

Жалпы сұрақтар Жеке сұрақтар
- арнайы мектеп оқушыларын математикаға оқыту міндеттері - МШБ математикалық білімдерін меңгеру ерекшеліктері - математика оқыту формалары - математика оқыту әдістері - математиканың басқа пәндермен байланысы - математиканың типтік оқу бағдарламасы - арнайы мектепте математика оқытудың пропедевтикасы - сандардың номірлеуін және олармен арифметикалық амалдарды орындауды оқыту әдістемесі - көбейту, бөлу кестелерін оқыту әдістемесі - мөлшерлерді оқыту әдістемесі (салмақ, сыйымдылық, уақыт, ұзындық, баға) - атаулы сандарды оқыту әдістемесі - геометрикалық материалды оқыту әдістемесі - мәтінді арифметикалық есептерді шешуге үйрету әдістемесі - бөлшектерді оқыту әдістемесі (қарапайым және ондық)

-2-

МШБ математикаға оқытудың негізгі мақсаты – өзіндік өміріне және кәсіби еңбегіне қажетті қолайлы математикалық білім, біліктілік дағдылар жүйесін меңгерту. Осы мақсаттан 4 топты міндеттер шығады:

1. Білім беру міндеттері – оқыту барысында МШ балаларда келесі математикалық білім, біліктілік және дағдылары қалыптасу керек:

- сандар туралы, сан қатары және сан қатарының негізгі заңдылығы туралы, ноль туралы, бөлшектер туралы;

- сандар және бөлшектермен белгілі 4 арифметикалық амалдарды орындау;

- мөлшерлер туралы білімдерін қалыптастыру және осы білімдерін тәжірибеде пайдалану;

- геометрикалық фигуралар, олардың негізгі қасиеттерін білу, ажырата алу, алған білімдерін тәжірибеде қолдану;

- қарапайым және күрделі арифметикалық есептерді шешу.

2. Коррекциялық міндеттер – оқыту барысында мүмкіндігі шектеулі балалардың таным іс-әрекетінің және эмоциональды-жігерлі сферасының жетіспеушіліктерін түзету. Оның ішінде балалардың қабылдауын, зейінін, ойлау қабілетін дамыту; сөз қорын байыту; ұсақ моторикасы мен сезім түйсігін арттыру т.б. Осы мақсатпен математика оқытуында көптеген көрнекі-дидактикалық материалдарды балалардың заттық-тәжірибелік іс-әрекетінде пайдалану қажет.

3. Тәрбиелік міндеттер – білім, біліктіліктерін меңгертуімен қатар балаларда жеке тұлғалық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

4. Тәжірибелік міндеттер – әр сабақтың алдында қойылмайды, тек бір тәжірибелік дағдыларын қалыптастырғанда ғана осы міндеттерді жүзеге асырамыз. Мысалы: сағатпен қолдануды үйрету, сызу дағдыларын қалыптастыру т.б.

-3-

МШБ арналған математика бағдарламасаның негізгі құрылу принциптері:

1. Әр жыл бойы жаңа білімдер көлемінің аздығы. Бұл принцип бойынша жалпы білім беру бағдарламасына қарағанда арнайы мектептің бағдарламаның мазмұны ұзартылған. Мысалы: көмекші мектептің бірінші сыныбында балалар он шамасындағы сандармен танысады, екінші сыныпта 20 шамасындағы сандармен, ал үшінші сыныпты 100 шамасындағы сандармен.

2. Үздіксіз қайталау принципі. Арнайы мектеп оқушыларының жиі есте сақтау процесстері толығанан қалыптаспаған немесе зақымдалған болуы мүмкін. Сол себептен жаңа материалды ұзақ есте сақтап тез ұмытып қалады. Аталған принцип бойынша әр жылдың, тоқсанның басында өткен сыныптың материалын қайталау қажет.

3. «Алға ұмтылу» принципі. Жаңа әсіресе күрделі материалды ұсынудың алдында дайындық кезеңі болуы тиіс. Осы кезеңінде жаңа материалды меңгеруге дайындайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін ұсынады. Мысалы: көбейту, бөлу кестесімен таныстырар алдында бірдей қосылғыштарды қосуға арналған тапсырмалар ұсынады.

4. Оқыту барысында міндетті түрде балалардың заттық тәжірибелік іс-әрекетінде көптеген көрнекі-дидактикалық жабдықтарды қолдану.

5. Оқу материалының концентрикалық түрде орналасуы. Осы принцип математика пәнінің өзгешілігіне сүйенген. Материалдың концентрикалық түрде орналасуы оның меңгеруді жеңілдетеді. Әр жыл сайын материал қайталана отырып күрделене түседі. Аталған принцип бойынша көмекші мектептің математикалық материалы 5 концентрге бөлінеді:

- бірінші концентрдың мазмұны бірінші сыныпты және екінші сыныптың басын қосады (10 көлеміндегі сандар, сантиметр).

- екінші концентр – 2 сыныпқа тең (20 шамасындағы сандар, дециметр).

- үшінші концентр – 3-4 сыныптарға тең (100 шамасындағы сандар, метр).

- төртінші концентр – 5 сыныпқа тең (1000 шамасындағы сандар, миллиметр, километр).

- бесінші концентр – 6-9 сыныптардың материалын біріктіреді (көптаңбалы сандар).

ҚР 2002 жылы шыққан экспериментальды математика пәнінің бағдарламасының негізгі өзгерістері келесіде:

1. Пропедевтикалық сыныптың пайда болуы, яғни дайындық кезең бір тоқсаннан бір жыл бір тоқсанға дейін ұзартылды.

2. Бұрынғы бағдарлама бойынша көмекші мектептің оқушылары бірінші сыныпта он шамасындағы сандармен танысатын. 2002 жылғы бағдарлама бойынша осы материал 2 жылға ұзартылған: бірінші сыныпта – 5 шамасындағы сандар; екінші сыныптың бірінші тоқсанында – 6-10-ға дейінгі сандар.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 7690 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...