![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Сенімділік интервалын анықтау үшін әрқайсысы бақылаудан алынған аргументтерінің функциясы болатын жасалған Ө т*, Ө ж* кездейсоқ шамаларын табу керек және бұлардан жасалған (Ө т*, Ө ж*)аралығы Р-дан кем емес ықтималдықпен Ө параметрі мәнін қамтуы қажет. Былайша айтқанда, бұл жерде Р ықтималдылықмен Ө т* < Ө < Ө ж* теңсіздігіорындалады. Мұндағы Ө т* сенімділік интервалының төменгі шекарасы, ал Ө ж* жоғарғы шекарасы рөлін атқарады. Бұлардың мәні тәжірибенің орындалуына байланысты. Өйткені тәжірибені көптеп қайталаған сайын (Ө т*, Ө ж*) интервал шекарасы Ө ға қатысты өзгеріп отырады. Бірақ сенімділік интервалын құрағанда Ө ны қамту ықтималдылығы Р ға тең болуға тиісті. Бұл жағдайда көп сериялы сынау жүргізгенде Ө * параметрі Р· 100% ықтималдылықпен дұрыс бағаланады (яғни Ө интервал ішінде болады). Бұл жерде сенімділік интервалын максимум ұзындығы Ө ж*, - Ө т* маңызды роль атқарады. Мұның жартысы ε = 0,5 (Ө т*, Ө ж*) бағалауымыздың дәлдігін сипаттайды.
Өйткені интервал ұзындығы қаншалықты кіші болған сайын, яғни ε – кіші (аз) болған сайын, параметр Ө нің бағалануы дәлдене түседі.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2031 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!