Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоспар. 2. Қазақстан жастар киносы. Қазіргі таңда әдеби-тарихи шығармалардың экрандалуы



1. Жаңа кезең киноөндірісі.

2. Қазақстан жастар киносы.

  1. Қазіргі таңда әдеби-тарихи шығармалардың экрандалуы.

Отандық кино өндірісімізді дұрыс жолға қоя алмаған кинофабрика 2000 жылдың шілде айынан кинематографистердің кезектен тыс форумында «Қазахфильм» ұлттық кинокомпаниясы болып қайта құрылды. Жұмыс жақсы жүрмеді. Біраз жыл көлемінде кинофабрика жанынан ашылған продюсерлік орталық сырт инвесторларды қамту барысында аз да болса, фильмдер түсіруге себеп болып тұрған еді, ендігі жерде бұл орталық өз жұмысын мүлдем тоқтатты.

Соңғы 10 жыл көлемінде 80-ге жуық көркемсуретті фильмдерді экранға шығаруға себеп болған жеке киностудиялардың да өндірістік мүмкіндігі шектелді. «Әлем», «Мирас», «Кадр», «Круг», «СКИФ», «Барыс», «Фортуна», «Маржан», «Өркен-фильм», «Катарсис» студиялары қатардан шығып қалды. Аз ғана фильмдерді шығаруға қаржылай жағынан мүмкіндік таба білгеніне қарамастан, «Елім-ай», «Қадам», «Ард-фильм», «Кино» студияларының да сандық –сапалық деңгейі әлдеқайда төмендеді. Осы тоқырау кезеңінде режиссура жағынан да тосын көркемдік суреттеу мүмкіндіктері мен жаңа ізденістер аса байқала қоймады.

2002-2003 жылдары қазақ киносының тарихында Америка және Германия мемлекеттерімен бірлестіктері басталды. Жаңа жоспарлар, жаңа өндірістік мүмкіндіктер пайда болды. Қазақ киносының жаңа кезең киносындағы өндрісі тұрғысынан алғандағы мұндай жетістіктерге жетуіне арқау болған себептердің негізгісі, әрине, соңғы жылдардағы киношығармалардың жоғарғы деңгейдегі кинофестивальдарда жүлделі орындарға ие болып, әлемге танымал болуы еді.

Қазақ киносының тарихындағы осы қарастырылып отырған кезең киношығармалардың жанрлық түрленуі тұрғысынан да, кейіпкердің сомдалу қырынан да, тіпті, тақырып ашу сияқты режиссерлік қолтаңба сипаты тұрғысынан да алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Қазірге заман суреті мен қазақ киносындағы жаңа кейіпкер бейнесі кейінгі буын режиссерларының шығармаларында әрқилы әдістер арқылы терең мазмұнды шешім таба білген. Соңғы уақыттағы кинотуындыларда жаңа заман кейіпкері жеке автордың әр фильмінде ерекше болғанымен де, олардың бәріне дерлік тән ортақ қасиет бар. Қоғамдағы күрделі қарым-қатынастың өзекті мәселелері жеке кейіпкердің ішкі жан-дүниесінің тереңдігіне бойлау әдісімен зерттеледі.

Жаңа кезең киносы өзімен бірге айтарлықтай көп жаңалық әкелді, сонысымен де ұлттық режиссура мектебін жаңа арнаға бұрды. Бұлай дейтінімізге себеп, қазіргі фильмдерде тақырып өзектілігінен бастап, кейіпкер бейнесін сомдау тәсілдері де жаңа шешімін тапты. Жаңа толқынмен экранға жаңа кейіпкер келді. Шығармашылық ізденістер қазақ киносын тағы бір деңгейге көтерді. Режиссерлық ерекше қолтаңбаларды ескеріп, ұрпақтар жалғасы нәтижесінде дәстүрлі мектеп жаңғырығы жаңа кезең киносының да табылып жатыр. Сондай-ақ қазақ киносы тарихының қазіргі таңдағы кинопроцесінде бір топ жас кинорежиссерлерде өз туындыларымен келді. Бірақ олардың фильмдері де Қазақстан көрермендерінен гөрі шет елдерге танылып жатыр. Ал, орта буын (1980жылдардың) режиссерлар әдеби шығармалардан тарихи тақырыптарды экрандауда бірнеше фильмдер экранға шықарды.

Бұл жылы экранға С.Нарымбетов «Қыз жылаған» (2002ж.), Ә.Қарақұловтың «Жылама» (2001ж.), Д.Өмірбаевтың «Жол» (2001), Д.Манабаевтың «Қазақи оқиға» () фильмдері шығады. 2003-2004 жылдары Махмут Туйчиевтың «Непокорный» (Қайсар), Н.Төребаевтың «Кішкентай адамдар» (2004ж.), С.Апрымовтың «Үш ағайынды» (2000ж.), «Аңшы» (2004), Б.Қалымбетовтың «Сардар» (), Р.Абдрашевтың «Қаладан келген қыз» (2004ж.), «Құрақ көрпе» (2007), Г.Омарованың «Шиза (2004), Алексей Кураповтың «Территория жизни» фильмдері жарық көрді.

Бігінгі таңда Қазақстан бейнесін қалай көреміз? Қазақстанның орта буын режиссерлары бүгінде кеңестік кезегі тарихи оқиғалар мен өткен тарихи тақырыпқа тоқталуда. Мұндай тақырыптармен Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылағанда» (2002), Семей полигоны кезеңдегі адамдар тағдырын қайда апарғаны бейнеленеді. Серік Апрымовтың «Үш ағайынды» (2000) фильмі кеңес уақытының метафорасы және Рүстем Абрашевтің «Қаладан келген қыз» (2004) фильм-ретросы 1960 жылдың басындағы алыста жатқан елдің өмірін әңгімелейді. Сондай-ақ қазір тақырып жағынана өте маңызды орын алатын XX-ғасырдың басында болға түркістан қозғалысының лидерлерінің бірі Мустафа Шоқай туралы фильм түсірілуде.

Соңғы екі жылда орта буын режиссерларымен әдеби шығармалар экрандалуда. Олар Болат Шариптің Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесі бойынша «Күнәсіз күнә»» (2006ж.) фильмі, Дамір Манабай Әбіш Кекілбаевтың «Күйші» повесімен «Кек» (2006ж.), Рымбек Альпиев Мұхтар Әуезовтың «Сиротская доля» әңгімесімен «Час волка» (2007ж.) фильмдері тұсірілді. Сондай-ақ өздерінің қысқа метражды фильмдерімен халықаралық фастивальдарға қатысып, танылған, бірнеше жас режиссерлардың толық метражды фильмдеріне дебюттері экранға шығады. Олар Абай Құлбаев «Стриж», Серікбек Өтепбергенов «Волкодав», Рустем Ержанов «Бей барабану» фильмдері.

Тарихи тақырыптардың – басқа бағыты жағынан алсақ «Сардар» мен «Көшпенділер» фильмі тақырып жағынан ұқсас деуге келеді. Оны кинотанушы Г.Әбекеева былай дейді ««Сардар» мен «Көшпенділер» тақырып жағынан егіз-ағайынды болып келеді, өйткені екі фильмдегі уақытта қазақтарды жонғарларға қарсы соғысы айтылады. Екі картинада да барлық оқиға бала күнінен дос екі достың айналасында шоғырланады. Бірақ Болат Қалымбетов фильмінде махаббат тарихына еркіндік берді, сондықтанда бұл патриоттықтан гөрі романтикалық нәзік фильм болып шықты. Фильмдерді тек курьеза мысалында деп қана салыстыруға болады, бір уақытта оқиғасы бірдей фильм түсірілді». Қазіргі таңда кинематографияда тарихи тақырыптар мән бере бастады, сондықтан да бұл фильмдер өз түсірілімдерін жалғастырады.

Дегенменде біздің Қазақстандың кинокартиналарда қазіргі таң (уақыт) қалай беріледі?

Әрине, қазірде «жаңа толқын» режиссерлары С.Апрымов, Д.Өмірбаев, Ә.Қарақұлов, А.Әмірқұлов, А.Қарпықов, сондай-ақ оларға жас режиссерлар Гульшат Омарова, Нариман Төребаев, Рүстем Абдрашев өз фильмдерімен қосылады.

Абай Қарпықовтың «Тот, кто нежнее» (1996) және «Фара» (1999) – фильмдері.

Серік Апрымов өз тақырыптарына сенімді болды – ол әруақытта ауылды және ондағы қарапайым қазақтардың қалай тұратының көрсетті. Бірақ бұл ескі ауыл емес, қазіргі таңдағы сотывый ұстайтын, кабельдік каналдар көретін ауыл. Егер «Ақсуатта» (1998) көптеген әзілдер мен қоғамды әлеуметтік сынау бар болса, ал «Аңшыда» (2004) ол идеалды қазақтар туралы этнографиялық фильм түсірді.

Тағы бір жаңа толқынның өкілі Әмір Қарақұловтың «Соңғы каникул» фильмінен басқа картиналарында қазіргі таңды талдауға арналған және онда басты кейіпкерлер жастар болды. («Әзәзіл қыз», «Көгершіндер қоңырауы», оның соңғы «Жылама» (2001) фильмінде режиссер ауыл тақырыбына келе отырып қоғамның әлеуметтік бөлінуін көрсетеді. Нариман Төребаев жастар тақырыбы сетевый сатумен айналысқан, өзін бизнесте сынап көрген жастарды көрсетуге көңіл аударған бірден-бір жалғыз режиссер. «Маленкий люди» (2003) фильмі нағыз қазіргі таңдағы қалалық шынайылықты жасағысы келген бір беткей фильм.

Қазақ киносында соңғы жылдарда бүтіндей өткен тарихты (кеңес кезеңі) және тарихи оқиғаларды немесе қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын экрандау болып барады. Ал, қазіргі таңдағы Қазақстан бейнесі, біздің заман кейіпкерлері кинода жоқ. Негізінде бұл тақырыпта «Қазақстан жаңа толқын» режиссерлары өте белсенді жұмыс жасаған, бірақ соңғы 4-5 жылда әртүрлі жағдайлар туралы түсірмейді. Г.Абикеева айтады «Әлем Қазақстанның жалпы келбетің неғұрлым көне қылып таныды».

Ендігі болашақ күнде жалпы Қазақстанның бүгінгі күн тақырыптарында бүгінгі тәуелсіздік кезеңінде (өз замандарында) өскен жастар тұлғасы туралы бейнелейді. Олардың ішінде әуелде бір толық метражды фильмдерін түсіріп және өзіндік жоғары режиссерлік деңгейінәлемге мойындатып, дәлелдей білген Гульшат Омарова, Нариман Төребаев, Рүстем Абдрашев және әзірше қысқа метражды фильмдер ғана түсірген, бірақ оларда реторспектива мен кинофестивальдарға қатысқан Абай Қулбаев, Родион Ким, Ержан Рустембеков, Ануар Райбаев, Эля Гильман, Ерлан Нурмахамбетов, Серік Өтепбергенов, Ахан Саттаев, Сұлтан Гизатов, Мухамет Мамырбеков және басқалар. Бұл аталған жас режиссерлардың ішінде Абай Құлбаев «Стриж», Рустем Ержанов «Бей барабану», Серік Утепбергенов «Волкодав» толықметражды фильмдері түсірілу процесінде, үстіміздегі жылда (2007) премьералары болады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 678 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...